«Астана медицина университеті» КеАҚ бейіндік магистратураға және MBA, EMBA бағдарламаларына әңгімелесу арқылы оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, профильді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі бар тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша, ақылы негізде қабылданады.                                                                                                       Осы санаттағы тұлғалар үшін профильді магистратура бағдарламаларына құжаттар 2024 жылдың 10 қарашаға дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а (51 корпус), 3-қабат, 308 кабинет мекен-жайы бойынша күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі – демалыс күндері) қабылданады.                                                                                            Әңгімелесу онлайн форматта 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Университетке қабылдау 2024 жылдың 26 желтоқсанынан 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін болады. Оқу 2025 жылдың 10 қаңтарынан басталады.                                                                                                  «Астана медицина университеті» КеАҚ ақылы білім беру қызметтерінің 2024-2025 оқу жылына арналған прейскурантына сәйкес профильді магистратурада оқу құны – 1 122 000  теңгені құрайды. Оқу мерзімі 1 жыл /60 кредит. Оқыту күндізгі форматта жүргізіледі.

2. Сондай-ақ, «Астана медицина университеті» КеАҚ «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» МВА (оқу ұзақтығы 2 жыл / 120 кредит) және EMBA «Госпитальдық менеджмент» (оқу ұзақтығы 1 жыл /60 кредит) білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.                                         Оқытудың икемді кестесі қарастырылған – қашықтықтан оқыту элементтері бар күндізгі/онлайн оқыту, өндірістен қол үзбей немесе өндірістен жартылай қол үзіп оқыту. Оқытудың соңында қорытынды аттестаттау магистрлік жобаны қорғау түрінде жүзеге асырылады.                                      Оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады, ақылы білім беру қызметтерінің Прейскуранты бойынша оқыту құны:                                                       - «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА – 1 760 000 теңге, 1 жыл оқуға;


- «Госпитальдық менеджмент» EMBA үшін – шетелдік серіктес университетте тағылымдамадан өту шығыстарын есептемегенде 1 870 000 теңге.

MBA және EMBA білім беру бағдарламаларына құжаттар қабылдау 2024 жылдың 10 қарашаға дейін жүргізіледі. Әңгімелесу онлайн форматта 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтеді. Университетке қабылдау 2024 жылдың 26 желтоқсанынан 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін болады. Оқу 2025 жылдың 10 қаңтарынан басталады.

 

         

Әңгімелесу бойынша оқуға түсу үшін магистратураның білім беру бағдарламаларының тізбесі

         


№  

  Шифр образовательной программы  

  Наименование образовательной программы  

  Срок обучения   

Присваемая степень

1


7M10116


Қоғамдық денсаулық


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

2

7М10112


Фармация


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

3

7M10121

Денсаулық сақтау менеджменті


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

4

7М10113

Клиникалық психология


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

5

7M10119

Эпидемиология


 

1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

6

7M10124

Жаһандық денсаулық


 

1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

7

7М10128


Биологиялық қауіпсіздік


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

8

7М10130

Мейіргер ісі


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

9

7М10131

Геронтология


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

10

7М10132

Нутрициология


1 жыл, бейіндік

Денсаулық сақтау магистрі

11

7М10122

MBA «Денсаулық сақтау менеджменті»

2 жыл

Іскерлік әкімшілендіру магистрі

12

7М10127

ЕМВА «Госпитальды менеджмент»

1 жыл

Іскерлік әкімшілендіру магистрі


 

 

Құжаттар тізімі:

Университетке оқуға түсу кезінде магистратураға түсетін тұлғалар:

1) ЖжОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжатын көшірмесі

4) 3х4 (см) өлшемдегі алты (6 дана) фотосурет;

5) ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама, қағаз түпнұсқасы;

6) еңбек кітапшасының расталған көшірмесі;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке - іс парағы;

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізбесі (бар болса);

8) білім беру бағдарламасын таңдау туралы эссе

 

 

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқу ақысын жеңілдету ережесі (ПЛ-МУА-61-02-24) бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына арналған жеңілдіктер қарастырылған. Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларымен (8778-357-94-57, 8778-985-30-95) немесе зерттеу мектебімен (8701-523-00-85, 8(7172)27-01-77) хабарласуыңызды сұраймыз.

 

        


 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика