Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі медициналық жоғары оқу орындарына магистратураға қысқы қабылдауда мемлекеттік білім гранттарын бөлгені туралы жариялады.
Осыған сәйкес, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (профильдік бағыт) бағдарламасы бойынша 39 грант, «Қоғамдық денсаулық сақтау» (профильдік бағыт) бағдарламасы бойынша — 31 грант, «Мейіргер ісі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) бағдарламасы бойынша — 31 грант қарастырылған. Шекті баллды жинаған үміткерлер өздері таңдаған университетті белгілеу арқылы жоғарыда аталған білім бағдарламаларына бойынша грант алу конкурсына қатысуға құқылы.