Магистратураның білім беру бағдарламаларына қабылдау

Видеоинструкция

Мемлекеттік білім беру гранты есебінен және ақылы негізде оқуға қабылдау білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады және 28 тамызда аяқталады.

Ақылы негізде оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Оқуға қабылдау тәртібі:

1-қадам. Университеттің ақпараттық жүйесінде тіркелу

Университеттің «Платонус» ақпараттық жүйесінде келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: pl.amu.kz

БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚ:
https://www.youtube.com/watch?v=gWj7fYleH9M

2-қадам. Құжаттарды тапсыру

Қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мерзімдерде Университеттің қабылдау комиссиясына тапсыру қажет.

3-қадам. Шартқа қол қою

Ақпараттық жүйеде білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қою қажет.

МАҢЫЗДЫ!

Шартқа қол қою үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет.

Назар аударыңыз: «Платонус» жүйесінде құжаттарға қол қою мүмкіндігі ЭЦҚ белсендірілгеннен кейін 24 сағаттан соң қолжетімді болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Басқарма Төрағасы – Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);

3. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі, бар болған жағдайда (салыстыру үшін түпнұсқасы);

4. Білімі туралы құжат – жоғары медициналық білім туралы диплом және оның қосымшасы (түпнұсқа);

5. Кешенді тестілеу сертификаты;

6. 075/у нысанындағы медициналық анықтаманың түпнұсқасы және флюорография қорытындысы;

7. Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі;

8. 3 × 4 см көлеміндегі алты фотосурет (жеке-жеке қиылып, конвертке салынған);

9. Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда);

10. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт;

11. Оқу ақысын төлегені туралы түбіртек (ақылы негізде оқуға түскен жағдайда);

12. Қағаз іс тігетін мұқаба (скоросшиватель);

13. А4 форматындағы конверт;

14. Файл – 4 дана.

Барлық құжаттардың PDF форматындағы электрондық нұсқаларын, 3 × 4 см көлеміндегі фотосуретті, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) «Платонус» жүйесін толтыру үшін электрондық тасымалдағышта алып келу қажет.


© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика