Жеңілдікті санаттар үшін білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі
Бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдарға басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - (таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны, мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектіктің белгіленгенін растайтын анықтаманы, мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігін (түпнұсқа және көшірме) ұсыну қажет);
ҚР азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар (диаспора)
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - (білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі, паспорттың нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі, нострификация туралы құжат (немесе қабылданғаны туралы қолхат), «қазақ» ұлтын растайтын құжат (көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы));
Кемінде үш жыл осы мәртебесі бар толық емес отбасылар қатарындағы балалар үшін басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар
- үш жылдан кем емес мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары-кемінде үш жыл мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары некені бұзу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлігі, сот шешімі, талапкердің туу туралы куәлігі, ата-анасының соңғы үш жыл ішінде некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған анықтамасы;
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала (көп балалы отбасы)тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар үшін басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар ;
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - (көпбалалы ананың куәлігі, барлық балалардың туу туралы куәліктері, ата-аналарының жеке куәліктері, мемлекеттік жәрдемақы алатынын растайтын анықтама (көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы));
Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі
Басқа мемлекеттердің аумағындағы бо қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін (белгіленген үлгідегі куәлік, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын растайтын әскери комиссариаттың анықтамасы немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны туралы белгісі бар әскери билет);
Дереккөз: https://amu.edu.kz/postupayushchim/abiturientam/admission-procedure/5717/
Қолданылған материалдарға міндетті түрде https://amu.edu.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі
Медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар қатарындағы азаматтар үшін басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - (таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны, мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектіктің белгіленгенін растайтын анықтаманы, мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігін (түпнұсқа және көшірме) ұсыну қажет);
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар
жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - (ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қайтыс болуы туралы куәлікпен, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе емдеу ұйымынан алудан бас тартуына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларына байланысты расталады);