Білім беру гранты негізінде түсу

I кезең – Тіркелу және ҰБТ тапсыру

Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2023 жылғы 28 сәуірден бастап 14 мамырға дейін https: https://app.testcenter.kz/. сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. Осы кезеңде 2 (екі) рет тестілеуге қатысу үшін өтініш беруге мүмкіндік беріледі. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады. «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түскісі келетін тұлғалар келесі пәндер бойынша ҰБТ тапсырады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, химия, биология.

II КЕЗЕҢ-ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ

Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдау:

- Мейірбике дело,

- Медицина,

- Стоматология,

- Педиатрия,

  • Медициналық-профилактикалық іс Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанында арнайы емтиханның нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.

Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.

«Астана медицина университеті» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);

2) 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

III кезең – Білім беру грантын беру конкурсына қатысу

Жоғары білімнің білім беру грантын беру және (немесе) ақылы оқуға қабылдау конкурсына ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 70 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл алуы қажет. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар қатыса алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін талапкер ағымдағы жылғы 13-20 шілде аралығында университетке өтініш береді. ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген өтініш пен құжаттар топтамасын берелген құжаттарды тапсырады.

Республикалық немесе жергілікті бюджет (әкімдіктердің гранттары) есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер ағымдағы жылдың 5-10 тамызы аралығында өтініш береді.

IV кезең – Университетке білім алушылар қатарына қабылдау

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін Студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырады.


Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);

3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);

4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);

5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);

6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);

7) IELTS 5.5 (Intermediate, B-1, TOEFL 567 және одан жоғары) баламалы ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (егер бар болған жағдайда);

8) басым құқықты растайтын құжат:

-"Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар,

- патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар,

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар,

- тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

9) басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар:

-  медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар,

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,

- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар,

- жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын,

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары,

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар,

- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар,

- бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.

10)    Конверт (қағаз түрдегі) А4;

11)    Қағаз түріндегі папкасы.

*1,2,3, 6, 8, 9-тармақтарда көрсетілген құжаттар электронды түрде электрондық поштаңызда сақталуы тиіс.

Оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруі қажет:

1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) білім беру грантын беру туралы куәлік;

3) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);

4) білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт.

1-қадам. 

Оқуға түсуге өтініш білдіру үшін электронды цифрлық қолтаңба  (ЭЦҚ) қажет.

Грант иегерлері тіркеу рәсімінен e-gov Үкіметтік электрондық порталы «Білім - Жоғары білім – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass_pryem1)  арқылы өтеді,  бұдан әрі «Platon» ақпараттық жүйесі арқылы «Талапкерлерді тіркеу» https://pl.amu.kz  өтініш береді ("Платонус" ақпараттық жүйесінде тіркеу жөніндегі нұсқаулық https://youtu.be/gKGcvXU0YOw) және құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына ұсынады.

Ақылы негізде оқуға түсушілер Platon ақпараттық жүйесі «Талапкерлерді тіркеу» (https://pl.amu.kz)  арқылы өтініш береді, кейін олар қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы арқылы ҚР БҒМ Мемлекеттік қызмет порталында (Пэпик) тіркеледі және құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына ұсынады.

Құжаттарды мына мекен-жайға тапсырады: Астана қаласы, Абай көшесі, 47

2-қадам. 10-ші тамыздан 24 тамызға дейін Университеттің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру.

3-қадам. Оқу ақысын төлеу (ақылы бөлімге қабылдау кезінде).

4-қадам. Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қою.

- Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау: 10-24 тамыз.

- Ақылы негізде оқуға қабылдау: 18-24 тамыз.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика