Құжаттарды тапсыру және арнайы (психометриялық) емтихан өткізу мерзімдерінің кестесі
Онлайн тіркеу мерзімі |
Емтихан өткізу мерзімі |
Емтихан уақыты |
Апелляцияға өтініштерді қабылдау |
Емтиханды өткізу орны |
15.06.2024 – 8.07.2024 |
20.06.2024 – 12.07.2024 |
10.00-11.30; 12.00-13.30; 14.00-15.30; 16.00-17.30. |
Келесі күні сағат 13.00-ге дейін Апелляция |
Бейбітшілік көшесі 51, компьютерлік сынып 201 |
25.07.2024 – 15.08.2024 |
26.07.2024 – 20.08.2024 |
10.00-11.30; 12.00-13.30; 14.00-15.30; 16.00-17.30. |
Келесі күні сағат 13.00-ге дейін Апелляция |
Арнайы емтиханға қатысуға тіркелу
Психометриялық емтиханға тіркелу сілтеме бойынша онлайн режимінде жүзеге асырылады http://pstest.amu.kz
Тіркеу кезінде түсуші сайтта ұсынылған емтиханды тапсыру күні мен уақытын таңдайды. Психометриялық емтихан тапсырған күні оқуға түсуші университеттің қабылдау комиссиясына салыстыру үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
2) 3 x 4 см, өлшемдегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (барлығы жағдайда).
6) файл