"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы ұсынады:

Құрметті талапкер!

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы ұсынады:

1) Күндізгі оқу нысанындағы «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғарғы білімнің толық оқу кезеңі үшін қайтарымсыз ақы төлеу (жылына 1 млн);

2) білім алушының академиялық үлгеріміне қарамастан жыл сайын 10 айға дейін (жазғы демалыс айларынан басқа) 40 мың тенге мөлшерінде шәкіртақы;

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға ағымдағы күнтізбелік жылда ҰБТ тапсырған және Жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл жинаған ( сонымен қатар психотест) ҚР азаматтары үміткер бола алады:

1)      Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан;

2)      Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3)      Мүгедектігі бар;

4)      Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан;

5)      2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

6)      2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

«Қазақстан халқына» бағдарламасына қатысудың шекті жасы 29 жас;

!!! Жоғары білімі бар адамның, сондай-ақ Мемлекеттік/ЖАО (әкімдік) білім беру гранты берілген адамның грант алуына жол берілмейді.

 

 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарына талапкерлерден өтініштер қабылдау: 2024 жылдың 01 – 17 тамыз аралығында.

«Қазақстан халқына» қорының сайтында білім беру гранты иегерлерінің тізімін орналастыру: 11 қыркүйекке дейін.

Келісім шарт жасау: «Корпоративтік қор -ЖОО-студент», білім беру гранттары мен стипендияларды төлеу – қыркүйек – қараша.

 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі

№  

Құжаттар атауы

1

Өтініш, келісім-хат – бекітілген нысанда

2

Жеке куәлік (түпнұсқа, көшірмесі)

3

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа, көшірмесі)

4

Медициналық анықтама 075/у формасы бойынша (түпнұсқа + көшірме), флюорография суреті

5

063-У формасының көшірмесі (екпе картасының көшірмесі)

6

Психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостан үзінді («Медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейірбике ісі»", «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрінде)

7

ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде) (ҰБТ баллдары ақылы негізде оқуға бекітілген баллдармен сәйкес келу керек)

8

Талапкердің Бағдарламаға қатысушы санатына жататынын растайтын құжаттар

9

Конверт 11х22см А4.

10

Қағаз байланыстырғыш

 

Кандидаттың "Қазақстан халқына "қоғамдық қорының Білім беру гранттары"қайырымдылық бағдарламасына қатысушы санатына жататынын растайтын құжаттар

№  

Қатысушы

Құжат

1.

Барлығына

Талапкердің ҰБТ нәтижесінің көшірмесі

2.

 

 

 

 

Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы отбасылардан аз қамтылғандар

-түпнұсқа немесе нотариус немесе ЖЖОКБҰ/ филиал куәландырған (көшірмесі дұрыс) АӘК алушының анықтамасы (с egov.kz), ағымдағы жылға өзекті немесе кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ауданның/қаланың/кенттің/ауылдың әкімдігінен/жұмыспен қамту орталығынан, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы ( аз қамтылған отбасы), орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның қолы қойылған анықтама аудан/қала әкімі не кент/ауыл әкімі.

- нотариус немесе ЖЖОКБҰ/филиал куәландырған жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі (ауыл мектебі, шағын не моноқала мектебі).

Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ/ филиал куәландырған: - екі немесе жалғыз ата-ананың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі (әрекет қабілеті шектеулі);

- баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.

Мүгедектігі бар адамдар

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ / филиал куәландырған кандидаттың мүгедектігі туралы анықтама (медициналық-әлеуметтік сараптама) ағымдағы жылға өзекті.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан адамдар

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ/ филиал куәландырған: - кандидаттың туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

(подтверждает родственные связи (кровные) с ребенком с инвалидностью до 18 лет) в семье, актуальной на текущий год

 

ағымдағы жылға өзекті отбасында (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баламен туыстық байланыстарды (қандық) растайды)

* Қор қажет болған жағдайда ЖЖОКБҰ-дан немесе кандидаттардан тікелей қосымша құжаттар сұратуға құқылы



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика