I КЕЗЕҢ – ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ҰБТ ТАПСЫРУ
Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады. «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түскісі келетін тұлғалар келесі пәндер бойынша ҰБТ тапсырады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, химия, биология.
II КЕЗЕҢ-ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ
Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдау:
- Мейіргер ісі (Кинезитерапия, кәсіптік терапия),
- Медицина,
- Стоматология,
- Педиатрия,
- Медициналық-профилактикалық іс Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанында арнайы емтиханның нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Астана медицина университеті» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқасы және көшірмесі);
2) 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
III КЕЗЕҢ – ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ
2025-2026 оқу жылына ақылы оқуға конкурсына қатысу үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша келесі білім беру бағдарламасына:
Медицина кемінде - 90 балл;
Стоматология кемінде - 100 балл;
Педиатрия кемінде - 70 балл;
Фармация кемінде - 70 балл;
Мейіргер ісі кемінде - 70 балл;
Медициналық-профилактикалық іс кемінде - 70 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін талапкерлерді университеттің қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттар топтамасын мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген.
Ақылы негізінде оқуға түсу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі:
01.07 – 25.08 сағат 11:00-ге дейін.
Конкурс нәтижелерін университет сайтында жариялау: 25 тамыз
Ақылы негізінде оқуға түсу конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);
5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);
7) ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (егер бар болған жағдайда);
8. Басым құқықты растайтын құжат:
— «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар үшін;
— Патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды көрсеткені үшін ерекшелік белгісімен марапатталған тұлғалар үшін;
— Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіріп, біліктілігін растап, мамандығы бойынша кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар үшін;
— Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары (I, II, III дәрежелі диплом иегерлері), сондай-ақ халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары (I, II, III дәрежелі диплом иегерлері) соңғы үш жыл ішінде;
— Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары (I, II, III дәрежелі диплом иегерлері) ағымдағы оқу жылында, егер олар таңдаған мамандық олимпиада/конкурс пәніне сәйкес келсе;
— Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жастар, I және II топ мүгедектері, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдар ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, бала кезінен мүгедектер, оқуға қарсы медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар;
— Білім туралы құжаттары (аттестат, диплом) үздік бітірген тұлғалар;
— Ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификаты бар тұлғалар;
— «Астана медицина университеті» КеАҚ қызметкерлерінің балалары, егер ата-анасы университетте кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар болса, және ҰБТ-ның белгіленген шекті баллын жинаған жағдайда ақылы негізде конкурсқа қатыса алады.
9) Конверт (қағаз түрдегі) А4;
10) Қағаз түріндегі папкасы.
*1,2,3, 6, 8 -тармақтарда көрсетілген құжаттар электронды түрде электрондық поштаңызда сақталуы тиіс.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ:
Барлық қажетті құжаттар PDF форматында Platonus қосымшасы https://pl.amu.kz/ сілтемесі арқылы жүктелуі керек,
Құжаттар жүктелгеннен кейін міндетті түрде техникалық хатшыларға, құжаттардың түпнұсқаларын растау үшін тапсыру қажет.
IV КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
Оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруі қажет:
1) университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);
3) білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт;
5) электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ (міндетті түрде!)