Ақылы негізде оқуға түсу

I КЕЗЕҢ – ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ҰБТ ТАПСЫРУ

Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады. «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түскісі келетін тұлғалар келесі пәндер бойынша ҰБТ тапсырады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, химия, биология.

II КЕЗЕҢ-ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ

Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдау:

- Мейіргер ісі (Кинезитерапия, кәсіптік терапия),

- Медицина,

- Стоматология,

- Педиатрия,

- Медициналық-профилактикалық іс Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанында арнайы емтиханның нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.

Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.

«Астана медицина университеті» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқасы және көшірмесі);

2) 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

III КЕЗЕҢ – ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ

Ақылы оқуға  конкурсына қатысу үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша келесі білім беру бағдарламасына:

Медицина кемінде - 85 балл;

Стоматология кемінде - 85 балл;

Педиатрия кемінде  - 70 балл;

Фармация кемінде  - 70 балл; 

Қоғамдық денсаулық кемінде - 70 балл;

Мейіргер ісі кемінде - 70 балл;

Медициналық-профилактикалық іс кемінде - 70 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.


Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.

Ақылы негізінде конкурсқа қатысу үшін талапкерлерді университеттің қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттар топтамасын мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген.

Ақылы негізінде оқуға түсу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07 – 14.08.2024ж.

Конкурс нәтижелерін университет сайтында жариялау: 17 тамыз 2024 ж.

10 тамыз бен 20 тамыз аралығында ҰБТ тапсырған талапкерлердің ақылы оқуына конкурсқа құжаттарды қабылдау: 18, 19 тамыз 2024 ж.

Конкурс нәтижелерін университет сайтында жариялау: 20 тамыз 2024 ж.

Ақылы негізінде оқуға түсу конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);

3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);

4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);

5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);

6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);

7) ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (егер бар болған жағдайда);

8) басым құқықты растайтын құжат:

-"Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар,

- патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар,

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар,

- тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

9) басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар:

-  медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар,

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,

- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар,

- жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын,

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары,

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар,

- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар,

- бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.

10)    Конверт (қағаз түрдегі) А4;

11)    Қағаз түріндегі папкасы.

*1,2,3, 6, 8, 9-тармақтарда көрсетілген құжаттар электронды түрде электрондық поштаңызда сақталуы тиіс.


IV КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

Ақылы негізде Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы ақылы негізінде оқуға түсу конкурстың нәтижелері жарияланған сәттен бастап күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін жүзеге асырады.

Оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруі қажет:

1) университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);

3) білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт;

4) төлем туралы түбіртек.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика