«Астана медицина университеті» КеАҚ докторантурасының білім беру бағдарламаларына түсетін шетел азаматтары үшін ақпарат

I кезең-қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Құжаттарды қабылдау мерзімдері

Комиссия отырысының күндері

1

03.07.2024 – 15.08.2024

4.08.2024-20.08.2024

19.11.2024-11.12.2024

2

25.10.2024 – 18.11.2024

Қажетті құжаттар тізімі

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4)

5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;

TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;

Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;

неміс тілін меңгеру бойынша:

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;

Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);

11) Конверт (қағаз түрдегі) 11х22см А4;

12) Қағаз түріндегі папкасы.

4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.


      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.https://amu.edu.kz/poslevuzovskoe-obrazovanie/doktorantura/doktorantura-dlya-postupayushchikh/Inform...

II кезең-әңгімелесуден өту

Әңгімелесу мерзімі

4.08.2024-20.08.2024

19.11.2024-11.12.2024






Әңгімелесу кестесі (нақты күні, уақыты және өтетін орны) біздің сайтта жарияланады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura/magistratura-dlya-postupayushchikh/


III кезең – Университетке қабылдау

Университетінің магистратурасына ақылы негізде қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 25 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 6 қаңтарына дейін

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика