Биология білім беру бағдарламасы бойынша Докторантура бағдарламасына түсу

I КЕЗЕҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ

Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы және (немесе) Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін;

1) 4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды;

1) 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қабылдау емтиханының сертификаты күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан тұрады:

1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

2) эссе жазудан;

3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

Қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелеріні қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:

әңгімелесуге – 20 минут;

эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бірінші болып ТГО блогы тапсырылады. ТГО блогы аяқталғаннан кейін оқуға түсуші эссе жазу және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру бойынша блоктар тізбегін дербес таңдайды.

Қабылдау емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейінгі күні жарияланады. Түсу емтиханының нәтижелерімен оқуға түсушілер Жеке кабинетте таныса алады.

Апелляцияға өтініш өңірлік тестілеу орталығының базасында түсу емтиханының нәтижелері   жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін  қабылданады.

Түсу емтиханын тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-doktoranturu/

II КЕЗЕҢ-БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі және (немесе) университеттің қабылдау комиссиясы арқылы береді.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші бір ЖЖОКБҰ мен білім беру бағдарламаларының бір тобын көрсетеді.

Мерзімдер туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

III КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады

https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/doktorantura/doktorantura-dlya-postupayushchikh/

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика