“Астана медицина университеті” КеАҚ-ның студенттік өзін өзі басқару ұйымдары арасында белсенді ұйым “Медицина жастары” РҚБ - 2019 жылдан бастау өз жұмысын бастады.Республика көлемінде медицина бағытындағы колледждер мен университеттерде филиалдар құрылған .

Астана қалалық филиалы “Астана медицина университеті”КеАҚ жанынан ашылған 250-ге жуық волонтер-медиктерден құралған команда жасақталған.

Астана қалалық филиалының басшысы - “Жалпы медицина” факультетінің 4 курс студенті , Ұзаққалиева Назерке Мұрагерқызы.

“Медицина Жастары” Республикалық Қоғамдық бірлестігі - еліміздің медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының студенттері және денсаулық сақтау жүйесінің жас қызметкерлері мен мамандарын біріктіру,сонымен қатар олардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғауға,дәрігерлердің тиімді кәсіптік қызмет атқаруына жәрдемдесу,жоғары азаматтық мәртебесін қалыптастыру мақсатында құрылған.Сонымен қатар,медицинаның жас қызметкерлерін дайындау сапасын арттыру.

Жетістіктері:

Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде 110 ерікті-дәрігер халық жиналатын орындарда алғашқы медициналық көмек көрсетті.

COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде біздің еріктілер дәрігерлермен бірге уақытша ауруханаларда жұмыс істеді.

2020 жылы Қазақстанның 14 аймағында медициналық еріктілер мектептерін ашып, бүкіл ел бойынша 2000-ға жуық волонтерлер оқытылды    

Қазақстан Республикасында медициналық волонтерлік қызметін дамыту және халықтың медициналық сауаттылығын арттыру бойынша 2000-ға жуық волонтер-медиктер айналысады.

Ұйым ашылған сәттен бастап:

-16.000 ға жуық адамға Волонтер-медиктердің көмегі көрсетілді

- 355 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылды.

2021-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық министірлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау ортылығының қолдауымен денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saýlyq» жалпыұлттық жобасын іске асыру барысында 17 аймақтық фронт-офистерде 2000-нан аса волонтерлер қызмет етті.

«Медициналық волонтерлер мектебі» аясында 17 семинар, тренинг, мастер-класс, кездесулер өткізілді.

Волонтерлер онкодиспансерлер, хоспис пен медициналық ұйымдардағы 1000-ға жуық науқастарға көмек көрсетті.

Науқастарға 7000 әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды алдын алуға арналған 9 акция ұйымдастырылды

Шағын гранттар арқылы волонтерлік бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдар медициналық волонтерлік бойынша өз жобаларын жүзеге асырды. 300 000 теңгеден жалпы саны 30 грант еліміздің барлық аймақтарындағы волонтерлерге бөлінді.

Шағын гранттарды жүзеге асырған 12 үкіметтік емес ұйым мен 18 волонтерлік бастамашыл топтар жалпы саны 1000-ға жуық волонтерлерді қамтып, 3000-нан аса адамдарға әлеуметтік, медициналық, заңгерлік көмектер көрсетті. Солардың ішінде 9 жоба ауылдық жерлерде жүзеге асты.

Астана қаласындағы «Amara» жекеменшік хосписындағы 45 науқасқа тұрақты түрде 100-ге жуық волонтерлер медициналық көмек: дәрі-дәрмектерін беру, жеке гигиеналық процедураларға жәрдемдесу, психологиялық кеңестер берілді және әлеуметтік көмек: жөргектер, тонометрлер, төсек жамылғылары сыйға тартылды, бөлмелердегі тазалық шараларын жасауға, уақытылы төсек-орындарды ауыстыруға үлкен көмектерін тигізді.

2020-2022 жылдар аралығында Республикалық «Жыл волонтері» номинациясының жеңімпазы


be77ffba-ae31-4354-aa8b-b4f37697adc0.jpg     WhatsApp Image 2024-01-25 at 09.48.23 (1).jpeg    


 WhatsApp Image 2024-01-25 at 09.48.23.jpeg

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика