«Ғылым қоры» АҚ 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) коммерцияландыру бойынша неғұрлым перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялағанын хабарлаймыз.
Өтінімдерді қабылдау 06.06.2022 ж. бастап 05.07.2022 ж дейін.
Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2024 жж. (36 айдан аспайды. Ерекше жағдайларда Жоба 24 айдан аспайтын мерзімге бұрын бөлінген грант сомасы шегінде ҰҒК шешіміне сәйкес ұзартылуы мүмкін)
Бір жобаны қаржыландыру көлемі 300 миллион теңгеге дейін
Осы конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер грантқа өтінім беру үшін ұсынылған өтінім туралы ақпаратты utegenova.a@amu.kz электронды поштасына жіберуі немесе ғылыми-зерттеу орталығына (Бейбітшілік 53, 402-кабинет телефоны 53-95-28) ұсыну қажет.
Конкурстық өтінімдер Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2022 жылғы маусымның 6-нан бастап шілденің 4-і аралығында +7(7172)76-85-78 (Ракишева А.Б.), 26-63-59 (Керимбаев А.Р.), 76-85-76 (Омаров К.К.) телефондары бойынша (күн сайын сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша), сондай-ақ онлайн конференциялар арқылы (күн сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша, сілтеме: Zoom конференциясының идентификаторы: 810 8633 5329, қосылу коды: 951722) алуға болады.
Хабарландыруға сілтеме «ҰМҒТСО» АҚ сайтында: