Collaborative Culture Department

Collaborative Culture Department

Басшылық
Байнабаева Жансая Мадиярқызы
CCD Төрағасы

Кадрлық құрам

Collaborative Culture Department (әрі қарай – CCD) студенттердің мәдени-әлеуметтік құзыреттерін дамытуға жауапты, Астана медицина университетінің студенттік ректоратының құрылымдық бөлімі болып табылады. Департамент азаматтық белсенділікті қалыптастыруға, өзара қарым-қатынасты нығайтуға, толеранттылықты дамытуға және мәдени алмасуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.

 

CCD мақсаты:

Университет студенттерінің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерін ашуға, дамытуға және қолдауға жағдай жасау арқылы олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және оқу орнының өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Қоғамға бейімделген, моральдық тұрғыда жетілген, жоғары кәсіби, шығармашылық тұлға тәрбиелеу.

 

CCD міндеттері:

1.     Мемлекеттік идеология негізінде білім алушылардың азаматтық, отансүйгіштік, толеранттылық және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.

2.     Құқықтық, психологиялық, адамгершілік, этикалық және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; білім алушылардың коммуникативті мәдениетін арттыру, әмбебап этикалық стандарттарды, дәрігерлік этика нормаларын, келіссөздер мәдениетін, ымыраға келу қнерін қалыптастыру, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.

3.     Шығармашылық қызмет негіздерін қалыптастыру және дамыту.

4.     Білім алушылардың университет пен елдің қоғамдық өміріне саналы, жауапты және белсенді қатысу қажеттілігін қалыптастыру.

5.     Студенттерде командалық жұмыс және жоба басқару дағдыларын қалыптастыру.

6.     Студенттер арасында қарым-қатынас, ұйымдастырушылық және аналитикалық дағдыларды дамыту.

7.     Студенттерді университеттің оқу, ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру.

8.     Студенттік бірлікті нығайтуға және әлеуметтік климатты жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыру.

9.     Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында мәдени, спорттық және волонтерлік іс-шараларды ұйымдастыру.

 

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика