Құрылу тарихы
Магистратура және докторантура бөлімі 2010 жылдың қыркүйек айында құрылды. Бұған дейін бұл құрылым Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы және зерттеу мектебі мәртебесінде жұмыс атқарған. Бөлім «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап "Астана медицина университеті" КеАҚ ұйымдық құрылымы мен штаттық орналасуындағы өзгерістерге байланысты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы Магистратура және докторантура орталығы болып қайта құрылды.
2022 жылғы 30 мамырда штаттық құрылымды кезекті қайта құру және қайта қарау нәтижесінде Магистратура және докторантура орталығы зерттеу мектебі болып қайта құрылды.
2025 жылғы 2 маусымда ұйымдық құрылым мен штаттық құрамға енгізілген кейінгі өзгерістер аясында зерттеу мектебі қайтадан Магистратура және докторантура бөлімі болып қайта ұйымдастырылды.
Мақсаты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі үшін магистратура мен PhD докторантурада ғылыми-педагогикалық және бейінді кадрларды даярлау "білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-магистратура және PhD докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын стратегиялық жоспарлау және әзірлеу;
-магистратура және докторантураның оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау;
-магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке оқу жоспарларына сәйкес үйлестіру;
-білім алушылардың ғылыми және педагогикалық дербес жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Жетістіктер
Магистратура бойынша келесі білім беру бағдарламалары әзірленіп, сәтті жүзеге асырылуда:
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша:
-7М10102 – Медицина
-7М10104 – Фармация
-7М05101 – Биология
Бейіндік бағыт бойынша:
-7М10112 – Фармация
-7М10113 – Клиникалық психология
Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша келесі PhD докторантура бағдарламалары жүзеге асырылуда:
-8D10102 – Медицина
-8D10103 – Қоғамдық денсаулық сақтау
-8D10104 – Фармация
-8D05101 – Биология
Магистранттар мен докторанттар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады, ҚР ҒЖБМ БҒССҚБК (ККСОН) ұсынған журналдарда және Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін халықаралық ғылыми басылымдарда белсенді түрде жарияланады.
Байланыс
«Астана медицина университеті» КеАҚ
010000, Астана қаласы, Абай көшесі, 47
715, 724-кабинеттер
Тел.: 8 (7172) 27-01-77