Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі

Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі

Басшылық
Айгерм Асхаровна Баймагамбетова
Декан

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің "Қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығы бойынша түлегі. 2017 жылы докторлық жұмысты қорғап, PhD докторы дәрежесі берілді.

Куала-Лумпур қ., Малайзия, Баку қ. Әзірбайжан медициналық университеті, Тбилиси жаһандық денсаулық институты, Грузия, Куала-Лумпур қ. (UKM) шетелдік тағылымдамадан өтті.

25-тен астам мақала жарияланды, оның ішінде индекстелетін журналдарда, ККСОН ұсынған журналдарда. Халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу және авторлық құқық туралы куәліктер бар.

Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде бастады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті болып қабылданды, 2019 жылдан бастап қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылдың қараша айынан бастап конкурстық комиссияның шешімімен Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің деканы болып тағайындалды.

baimagambetova.a@amu.kz 

8-7172-57-78-96(226)

Кадрлық құрам

Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі

Астана медицина университетінің Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі сапалы білім беру, практикалық қызмет және ғылыми зерттеулерге тарту арқылы мамандарды жан-жақты даярлауды қамтамасыз етеді. Біздің түлектер денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеу және ғылыми идеяларды ілгерілету құралдарын меңгерген.

Тарихы

«Медико-профилактикалық іс» факультеті 2003 жылы құрылған. 2012–2019 жылдары «Қоғамдық денсаулық» мамандығы «Қоғамдық денсаулық, мейіргер ісі, фармация және стоматология» факультетінің құрамына кірді, факультет деканы м.ғ.к., доцент Карибжанов А.А. болды.

«Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 24 шілдедегі №7 шешімімен факультет қайта құрылып, «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті ашылды. Университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты 2022 жылғы 30 мамырдағы №17 Директорлар кеңесінің шешімімен факультет «Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі» болып қайта аталды.

Миссиясы

Бакалавриат және магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары аясында халық денсаулығын қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету саласында ғылыми негізделген профилактикаға, зерттеу әлеуетін дамытуға және практикалық-бағдарланған тәсілге бағытталған білікті мамандар мен менеджерлерді даярлау.

Түлектердің кәсіби қызмет саласы

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • ғылым;
  • әлеуметтік қорғау;
  • мемлекеттік басқару органдары

Мектептің негізгі қызмет бағыттары

  • Қоғамдық денсаулық, санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат және денсаулық сақтаудағы менеджмент саласында заманауи білім мен тәжірибелік дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
  • Халық денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерге арналған ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті дамыту.

  • Денсаулық сақтау жүйесі үшін негізделген шешім қабылдай алатын және тиімді басқару модельдерін енгізе алатын басқарушылық кадрларды даярлау.

  • Университеттің білім беру, ғылыми және практикалық бастамалары аясында профилактикалық бағытты және халық денсаулығын нығайту.

  • Білім, ғылым, тәжірибе және саларалық ынтымақтастықты біріктіру арқылы денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға қатысу.


Бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламалары 

1.    «Медико-профилактикалық іс» – оқу мерзімі 5 жыл. Бітірушіге «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі және «Гигиенист-дәрігер, эпидемиолог» біліктілігі беріледі. Бағдарламада техникалық және кәсіптік білім негізінде (мамандықтары: «Гигиена және эпидемиология», «Зертханалық диагностика») қысқартылған оқу мерзімі қарастырылған.

2.    «Қоғамдық денсаулық» – оқу мерзімі 5 жыл. Бітірушіге «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

3.    Бірлескен білім беру бағдарламасы «Big Data in Healthcare» (Денсаулық сақтаудағы үлкен деректер).


Магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары

1.         7M10103 «Қоғамдық денсаулық» – 2 жыл, академиялық дәреже: «Медицина ғылымдарының магистрі».

2.         7M10122 MBA «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (профильді) – 2 жыл, академиялық дәреже: «Бизнес-әкімшілендіру магистрі».

3.         7M10105 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» – 2 жыл, академиялық дәреже: «Медицина ғылымдарының магистрі».

4.         7M10110 «Нутрициология» – 2 жыл, академиялық дәреже: «Медицина ғылымдарының магистрі».

5.         7M10116 «Қоғамдық денсаулық» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

6.         7M10119 «Эпидемиология» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

7.         7M10121 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

8.         7M10128 «Биологиялық қауіпсіздік» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

9.         7M10127 ЕМВА «Госпитальдық менеджмент» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Бизнес-әкімшілендіру магистрі».

10.     7M10124 «Жаһандық денсаулық» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

11.     7M10132 «Нутрициология» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

12.     7M10131 «Геронтология» – 1 жыл, академиялық дәреже: «Денсаулық сақтау магистрі».

 

Байланыс 

Мекенжай:
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49а, 305-каб., 311-каб.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика