Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

Басшылық
Омарова Бибіжамал Қожахметқызы
кафедра меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты

2017 жылғы қыркүйек айынан Қазақстан тарихы және философия кафедрасы меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент. Бибіжамал Қожахметқызы Омарова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетін бітірген.

Кадрлық құрам
Бағыныстағы бөлімшелер

Құрылу тарихы

1965-1966 оқу жылынан басталады, алғашында ол философия кафедрасы болып құрылған болатын. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына сол кездегі кафедра меңгерушілері т.ғ.к., доцент Токарева М.А., т.ғ.к., доцент  Попова Р.И, ф.ғ.к. Краснов Г.П, Гагарин Н.С., Пак Н.Д. зор үлестерін қосқан. Олар осы құрылымдық бөлімді 1965-1981 жылдар аралығында басқарған.

1982-1984 жылдар аралығында кафедраны ф.ғ.к. Виктор Константинович Шапров басқарды. Оның басшылығымен кафедра қызметінің ауқымы едәуір кеңейіп, оқытушылар ғылыми және тәрбие жұмыстарына белсене кірісті.

1984-1996  жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. Любовь Васильевна Саницкая қызмет атқарды.

1996-2002 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып э.ғ.к., доцент Тамара  Григорьевна Шляхтич қызмет еті.

2002-2003 оқу жылы ф.ғ.к. Гүлнар Шәйдайқызы Насилина кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Гүлнар Шәйдайқызы Насилина А. Жданов атындағы ЛМУ философия факультетінің түлегі.

2003 жылы ақпан айынан бастап кафедра саяси-қоғамдық пәндер кафедрасы болып бөлініп шығып, кафедра меңгерушісі болып ә.ғ.к., доцент Имакова Ғазиза Османқызы тағайындалды.

2003-2004 жылдары кафедраны аға оқытушы Айтбаева Р.Т. басқарды.                   

2004-2006 жылдары кафедраны Семей педогогикалық институтының түлегі ф.ғ.д., профессор Қалимаш Қабсаматқызы Бегалинова басқарды.

2006-2007 жылдары  кафедра меңгерушісі болып М.В Ломоносов атындағы ММУ түлегі,  ф.ғ.к., доцент Иманғали Сарбасов тағайындалды. 

2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қарашаға дейін ӘГП кафедрасын   Е. Букетов атындағы Қарағанды МУ түлегі, ф.ғ.к. Никира Асылбекқызы Омарова басқарды.

2008 жылдан 2017 жылдың тамызына  дейін Қазақстан тарихы және философия кафедрасының меңгерушісі Алматы жоғары партия мектебі мен Алматы халық шаруашылық институтының түлегі т.ғ.к., доцент Талғатбек Махметұлы Әминов болды. Т. М.

2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің түлегі т.ғ.к., доцент  Бибіжамал Қожахметқызы Омарова басқарады.

2017 жылдың тамызынан 2019 жылға дейін Қазақстан тарихы және философия кафедрасы, 2019 жылдан бастап Әлеуметтік –гуманитарлық ғылымдар кафедрасы деп аталды. 

Мақсаты

Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер саласында оқу-әдістемелік және ғылыми - зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру, студенттердің назарын Қазақстандағы тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне аудару; студенттердің санасына қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу, философиялық танымның ғылыми әдістеріне үйрету, олардың ғылыми дүниетанымын, азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Миссиясы

қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, қоғамдық - гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы медициналық бағыттағы жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін іс - шараларды жүзеге асырудан көреді.

Гуманитарлық пәндер өткен дәуірлердің философиялық мұрасына, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасына, отандық денсаулық сақтаудың гуманистік дәстүрлеріне назар аудара отырып, медицина студентінің жеке қасиеттерін қалыптастырады.

Кафедра алдына қойылған мақсатты іске асыру бірқатар стратегиялық міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады ол:

- жоғары сапалы дәрістер, практикалық (семинар) және басқа да оқу сабақтарының түрлері; бакалавриат пен магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқару; оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын бақылау, оның нәтижелерін анықтау;

- кафедраның оқытылатын пәні бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және оқу-әдістемелік кешендердің басылымдарын дайындау;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару және дайын ғылыми жұмыстарды талқылау;

- оқыту технологиясын үздіксіз жетілдіруді, оқу үдерісін интенсификациялау негізінде әртүрлі сабақ түрлерін өткізу сапасын, оқытудың белсенді және интерактивті түрлерін, компьютерлік ақпараттық технологияларды қолдануды қамтамасыз ету;

- ағымдағы, алдын ала және аралық аттестаттау түріндегі бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын оқитын студенттердің білімін бақылауды жүргізу, нәтижелерін талдау;

- оқытушылардың оқу сабақтарына өзара қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру, кафедра пәндері бойынша оқу сабақтарын педагогикалық бақылау;

- жұмыс (силлабус) бағдарламаларын, практикалық (семинар) сабақтарға дайындық бойынша әдістемелік нұсқауларды, студенттердің БӨЖ және БОӨЖ-ны ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және жетілдіру;

- кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамының университетте және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде өтетін ғылыми - тәжірибелік конференцияларына қатысуын қамтамасыз ету;

- Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және импакт - факторы бар басқа да ғылыми басылымдарда жарияланымдарды дайындауға кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамының қатысуын қамтамасыз ету;

Оқу-әдістемелік жұмыс

          ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқау хатына сәйкес кафедрада істер номенклатурасы бойынша барлық құжаттар бар. Кафедра және профессорлық - оқытушылар құрамының қызметі туралы ережелер; мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі барлық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына арналған типтік және жұмыс (силлабус) бағдарламалары, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар, педагогикалық және кафедралық журналдар, оқу жұмысына арналған журналдар бар.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы университеттің барлық факультеттерінде 1,2 және 3 курстарда Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану пәндері бойынша дәрістер оқып, семинарлар өткізеді.

Сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында Тарих пен ғылым философиясын оқыту жүзеге асырылады. Барлық оқытушылардың оқу процесі жұмыс (силлабус) және типтік бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылған.

Кафедра оқытушылары жұмыс бағдарламаларын жаңа талаптарға сай жетілдіріп отырады, сонымен қатар кафедра студенттердің білім деңгейін тексеруде оқу үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданады.

Кафедра оқытушылары жыл сайын түрлі біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамаларға белсене қатысып, білімдерін жетілдіріп отырады. Кафедра «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізуге байланысты ұйымдастыру-әдістемелік шараларды уақытылы жүргізеді.

Кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамы ғылыми және оқу құралдарын әзірлеумен және басып шығарумен белсенді айналысады. Соңғы жылдары кафедра оқытушыларының оқу құралдары мен монаграфиясы жарық көрді. Мәселен, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доценті  Б. Қ. Омарованың оқу-құралдары, т.ғ.д. профессор. Ж. С. Мажитованың монографиясы мен оқу-құралдары, ф.ғ.к., Ж.И. Дауылбаеваның оқу-құралы және аға оқытушылар Б.Қ. Қамзаев, А.Ж. Жалмурзина, А.Е.Карбозов, Г.И. Рахимова Б.Т. Қалменовалардың оқу-құралдары.

Ғылыми жұмыс

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу курстарына ғылыми әзірлемелерді енгізу арқылы оқу үдерісін дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді, сонымен қатар, студенттерді ғылыми мәселелерді шешуге тартуды көздейді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға да көп көңіл бөлінеді. Студенттік ғылыми жұмыстың негізгі нысандары: ғылыми конференциялар мен пәндік олимпиадаларды өткізу, гуманитарлық және қоғамдық - саяси ғылымдар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға және жыл сайынғы республикалық олимпиадаларға қатысу үшін студенттердің баяндамаларын дайындау.

Кафедрада студенттік ғылыми клуб ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Оның қорытындысы студенттік конференцияда жыл сайын ғылыми баяндамалары шығып, кейін ғылыми журналдарда жариялануы.

Ел өміріндегі айтулы тарихи - мәдени даталар мен оқиғаларға арналған түрлі деңгейдегі ғылыми дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілуде. Кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамы халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды. Жыл сайын білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және импакт - факторы бар басқа да ғылыми басылымдарда оқытушыларымыздың ғылыми мақалалары жарияланады.

Кафедра оқытушылары Web of Science және Scopus халықаралық дәйексөз деректер базасы бойынша Хирш индексіне (h-индекс) ие. 2023–2024 оқу жылына доцент Б.Қ. Омаровада h-индекс 4-ке тең; профессор Ж.С. Мажитов – 12; аға оқытушы А.Ж. Жалмурзин – 4; аға оқытушы Б.Қ. Қамзаев – 2; аға оқытушы С.Б.Қолғанатова – 1.

Тәрбие жұмысы

Кафедра университет өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы сабақ уақытында да, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. Кафедра ПОҚ мұражайларға, көрмелерге, театрларға баруды ұйымдастырады, содан кейін сабақта пікірлесу жүргізеді.

Әрбір дәріс пен семинар тәрбиелік аспектіден тұрады. Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқу шеңберінде студенттер Қазақстанның даму стратегиясының негізгі ережелерімен, ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларымен, Республиканың мемлекеттік рәміздерінің тарихымен танысады. Қазақстанның, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына назар аударады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы бойынша семинарлар аясында 1 курс студенттері дәстүрлі түрде Президенттік мәдениет орталығына, этносаябаққа, Сәкен Сейфуллиннің тарихи мұражай-үйіне, Астана медицина университетінің мұражайына барады. Семинарлар сабағында студенттер Қазақстан қоғамының қоғамдық - саяси өміріндегі маңызды оқиғаларға эссе дайындайды.

Кафедра оқытушылары бірінші және екінші курстардың студенттік топтарына куратор болып табылады. Кураторлар оқу жылында жатақханада тұратын студенттермен үнемі кездесіп, қоғамдық -саяси тақырыптарда әңгімелер, дәрістер өткізеді. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарында салауатты өмір салтын насихаттау шаралары, оның ішінде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және спорттық жарыстар өткізу көзделген.


Жетістіктер

Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы осы ақпараттың алдыңғы тарауларында арнайы көрсетілгендей айтарлықтай жақсарды. Осының барлығы оқу үдерісінің сапасын арттыруға оң әсерін тигізді.

Кафедра профессоры Ж.С. Мажитова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Оқу - әдістемелік және ғылыми - тәрбие жұмысы үшін Астана медицина университетінің күміс медалімен кафедра меңгерушісі, доцент Б.К. Омарова (2021), профессоры Ж.С. Мажитова (2022), Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен кафедра аға оқытушы Б.Қ. Қамзаев (2019 ж.), аға оқытушы С.Б. Қолғанатов университет атынан берілген құрмет грамотасымен (2019 ж.), аға оқытушылар Б.Т. Қалменова (2022), Қ.Т. Байжиенова университеттің алғыс хатымен (2023), аға оқытушы Б.Х.Рахимжанова Республика күніне орай Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен (2024) марапатталды.

Университеттің 60 жылдығына орай берілген төсбелгімен кафедра меңгерушісі Б.К.Омарова, профессор Ж.С.Мажитова, аға оқытушылар Б.К.Камзаев, К.Т.Байжиенова, Б.Х.Рахимжанова,  А.Е.Карбозов, И.Б.Бектаева, Д.Т.Айсабековтар марапатталды (2024),

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы волейболдан университетте ғана емес, Астана қаласында да өткізілетін спорттық жарыстарға белсене қатысады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары спорттық жарыстарда үнемі жүлделі орындарды иеленуде.

Орналасқан орны:  

Астана қ, Сарыарқа даңғылы 33, 8 қабат.

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика