Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Басшылық
Цигенгагель Оксана Павловна
Кафедра меңгерушісі

Цигенгагель Оксана Павловна, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша PhD академиялық дәрежесіне ие, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетін 2007–2012 жылдары бітірген.

2012-2014 жылдары Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағытта магистратурада оқыды, сондай-ақ осы кезеңде Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University-де «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.

2019–2022 жылдар аралығында «Семей медицина университеті» КЕАҚ базасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантурада білім алды.

АҚШ – тың, Бостон қаласындағы  Бостон балалар ауруханасында, 2023-2024 жылдар аралығында  Халықаралық Фогарти Орталығы мен АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтымен қаржыландырылған «Орталық Азия елдері арасында биоэтикалық зерттеулер бойынша халықаралық дайындық» атты постдокторлық бағдарлама бойынша Гарвард медицина мектебінің медицина даму бөлімінде, оқудан өтті.

2023–2024 жылдары Бостон балалар ауруханасында (АҚШ), Гарвард медицина мектебінің даму медицинасы бөлімінде, АҚШ-тың Халықаралық Фогарти орталығы мен Ұлттық денсаулық сақтау институты қаржыландыратын «Орталық Азия елдеріндегі биоэтикалық зерттеулер бойынша халықаралық дайындық» постдокторлық бағдарламасын аяқтады. АҚШ-тың Бостон қаласындағы, Бостон балалар ауруханасынан сертификатталған ғылыми зерттеулердің биоэтикасы саласындағы CITI модульдерін өтті:

1. Биомедициналық жауапты зерттеулер жүргізу. 2. CITI тиісті клиникалық практика курсы. 3. Мүдделер қақтығысы. 4. Зерттеу объектілерімен өзара іс-қимыл жасайтын әлеуметтік және мінез-құлық зерттеушілері. 5. Клиникалық зерттеулер бюджеттерінің негіздері. Сондай-ақ, АҚШ-тың Бостон қаласындағы Т.Х. Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Зерттеулерді жауапты жүргізу» атты оқу курсы өткен.

21-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның 8 мақаласы Комитет ұсынған журналдарда, ал 13-і Scopus және Web of Science индекстелген халықаралық басылымдарда жарияланған. Хирш индексі 3.

Практикалық денсаулық сақтау саласында енгізілген 3 тиімді нормативтік актісі және интеллектуалдық меншік құқықтарын растайтын 6 құжаты бар.

Зерттеу бағыты науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегияларын және кәсіби медициналық жауапкершілік жүйесін талдауға, сондай-ақ зерттеулерде биоэтикалық принциптерді сақтау мәселесіне бағытталған. Қызметі аясында, жобаның көлеміне қарамастан, барлық статистикалық талдау кезеңдерін дербес жүргізеді.

Дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының (WAML) мүшесі.

Astana IT University академиялық кеңесінің мүшесі.

Халықаралық рецензент ретінде жоғары рейтингті бірнеше журналда, оның ішінде International Journal of Healthcare Management, Frontiers in Public Health, Substance Use and Misuse, Plos One, Cancer Control, ETRI Journal және басқа да басылымдарда қызмет атқарады.

Ғылыми консультант ретінде жұмыс істей отырып, әртүрлі жоғары оқу орындарының докторанттарына ғылыми әдістер бойынша қосымша сабақтар өткізеді.

Негізгі ғылымметриялық базалардағы профильге сілтемелер: Web of Science Researcher ID: ACL-1113-2022, Scopus Author ID: 57221518430, ORCID https://orcid.org/0000-0002-3170-9712.


Кадрлық құрам

Мақсаттары

  • «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология», «Фармация», «Мейірбике ісі» , «Педиатрия».  мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін жоғары білікті медициналық кадрларды даярлау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жоғары математика және биостатистика пәндері бойынша кафедрада оқу процесін ұйымдастыру.

  • Оқу процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу. Кафедраның ОПҚ біліктілігін, ғылыми әлеуетін арттыру.

  • Кафедрадағы оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.

  • Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту.

Құрылу тарихы

1.png

Қызметі

Кафедраның оқу ісі бойынша қызметі

· оқу сабақтарының барлық түрлерін оқыту нысандары бойынша өткізу;

· қызметкерлердің оқу - әдістемелік, ғылыми жұмыстары және студенттермен тәрбие жұмысының жоспарлық және ағымдық мәселелерін талқылау үшін кафедра отырысын өткізу;

· кафедрадағы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

· кафедра бейіні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

· оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа ғылыми / оқыту, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару

Кафедраның ғылыми қызметі

Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы:

· Оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және ғылыми зерттеу. Статистикалық бағдарламалардың көмегімен ғылыми-зерттеу деректерін өңдеу, ғылыми зерттеулер мен оқу деректерінің нәтижелерін компьютерде визуализациялау және әдістемелік нұсқауларды құрастыру жүзеге асырылады. Зерттеу бағыты - биомедициналық, клиникалық және профилактикалық мәселелермен байланысты жаңа ақпараттық технологиялар мен процестер.

· «Облыстың климаттық, метеорологиялық және экологиялық факторларын ескере отырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде негізгі жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді алдын-алу және азайту» (2018-2020 жж.).

Кафедраның тәрбие жұмысы

· Кафедра оқытушыларының студенттермен тәрбие жұмысына белсенді қатысуы;

· Студенттің азаматтығын, парасаттылығын, дербестігін, ар-намысын және өмірлік ұстанымды анықтауда, кәсіби шешім қабылдауда жеке жауапкершілік сезімін дамыту;

· Білім алушыға әсер етудің жаңа технологияларын іздеу және енгізу, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

· Мәдени-көпшілік шараларды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру.

Жетістіктері

Қазіргі таңда ақпараттық коммуникациялық технологиялар және биостатистика кафедрасында «ақпараттық коммуникациялық технологиялар», «биостатистика» және басқа да электив пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі. Кафедрада университеттегі барлық мамандықтардың 1, 2 және 4-курс студенттеріне сабақ өткізіледі, биостатистика пәні бойынша магистранттар, докторанттар және резиденттер оқытылады. Медициналық жабдықтар мен құрылғылар, медицинадағы ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелер, визуализациялау әдістері және деректерді презентациялау бойынша электив пәндердің топтамасы әзірленді.

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған ЭЕМ–мен жабдықталған 8 кабинет бар. Мұнда оқу-материалдық базаны жабдықтау және кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кафедрадағы оқу процесін дамыту үшін 1, 2, 3-курс студенттеріне арналған келесі компьютерлік заманауи бағдарламалар енгізілді: мәліметтерді статистикалық өңдеуге арналған SPSS, Statistics 6.0, студенттерді тестілеу бағдарламалары.

Оқу процесіне ақпараттық жаңа технологияларды енгізу, студенттерге арналған жаңа әдістемелік нұсқауларды әзірлеу, барлық тақырыптардың және пәндердің тест тапсырмаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Студенттер үшін ақпараттық коммуникациялық технологиялар, медицинадағы ақпараттық технологиялар және биостатистика пәндері бойынша тест тапсырмаларының базасы құрылды және ЭЕМ-да сұрақ–жауап алу тестілерінің электрондық нұсқалары жасалды. Пәндер бойынша ақпараттық-дидактикалық блоктардың электрондық нұсқалары әзірленді. Дәріс материалдары дәріс мәтіні түрінде, мультимедиалық презентация, слайдтар жиыны түрінде көрсетіледі. Дәрістердің, практикалық сабақтардың, өздік жұмыстардың концепт-карталары әзірленіп жатыр. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар, биостатистика пәндерінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ өткізу үшін әдістемелік материалдарды жасау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы 5 жыл ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар, медициналық биофизика, биостатистика пәндері бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік нұсқаулардың 10 жинағы шықты. Оқытушылардың барлығы визуализациялаудың инновациялық әдістерін, тест тапсырмаларының әдістемесі сияқты біліктілікті арттыру курстарын оқыды. Кафедра меңгерушісі Ж.Н.Абдикадыр және аға оқытушы Ж.Д.Сұлтанова оқу бағдарламаларын жасауға қатысты және үлгілік бағдарламалардың бірлескен авторлары.

Байланыс

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а,

6-қабат, 604 каб.

тел.: 8(7172) 53-95-44

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика