Фармация мектебі

Фармация мектебі

Басшылық
Омари Азиза Мукатайқызы
Фармация мектебінің деканы

Кадрлық құрам

Құрулу тарихы

Мектеп 2002 жылы құрылған. Мектебінің негізгі кафедрасы фармацевтикалық пәндер кафедрасы болып табылады.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының даму тарихы 2005 жылы жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы құрамында фармацевтикалық пәндер курсынан бастау алды. 2007 жылдың наурыз айынан бастап фармацевтикалық пәндердің дербес бөлімі ретінде жұмыс істейді.

«Астана медицина университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің 24.07.2019 жылғы № 7 шешімімен фармация факультеті болып қайта құрылды. «Астана медицина университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің 30.05.2022 жылғы № 17 шешімімен фармация мектебі болып қайта құрылды.

Мектептің қызметі мемлекет пен университеттің стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді.


Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат

  • Фармация, 5 жыл;

  • Фармация, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы бойынша жоғары білім базасында 2 жыл;

  • Фармация, жоғары медициналық білім базасында 2 жыл;

  • Фармация, орта кәсіптік / фармацевтикалық білім базасында 2 жыл;

  • Фармация, 3.5 жыл жоғары техникалық және педагогикалық білім базасында

 

Қос дипломды білім:

2023 жылы Ташкент фармацевтикалық институтымен бірлесіп "Фармация" екі дипломдық білім беру бағдарламасы бекітілді.


Тапсырмалар

  • Ұсынылатын білім беру қызметтерінің тізбесін кеңейту;

  • Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Мектеп кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын оңтайландыру;

  • Оқытушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру;

  • Студенттік ғылыми қоғамдардың белсенділігін арттыру;

  • Көрсетілетін ақылы қызметтер тізбесін кеңейту;

  • Студенттердің абсолюттік үлгерімін арттыру;

  • Деканат және мектеп кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамының жұмысын оңтайландыру;

  • Мектептің магистранттары мен докторанттары арасынан жас мамандарды тарту;

  • QS білім беру бағдарламаларының әлемдік рейтингісіне ену.


Дамыту қағидалары:

Практикалық бағыттылығы;

Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл;

Интеграция деканат – оқытушы – студент.


Миссия және мақсаттар

Миссиясы: жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүддесінде білімді, ғылымды, тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді интеграциялау негізінде ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін білім беру қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету.


Қызмет

Мақсаттары: кәсіптік қызмет саласында болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндердің модульдерін біріктіретін бірегей білім беру бағдарламаларын әзірлеу.


Жетістіктер

"Фармация" мамандығы бойынша "Бакалавриат" МЖМБС осы мамандық шеңберінде неғұрлым сұранысқа ие екі бағыт (оқу траекториясы) бойынша мамандар дайындауға мүмкіндік береді: жалпы практикалық фармацевт және клиникалық фармацевт.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін бітіруші 6В10104 Фармация мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі бар, біліктілігі – фармацевт дипломын алады.

Astana it University-мен бірлесіп "дәрілік заттардың өзара іс-қимылы бойынша мобильді қосымша" Стартап-жобасы. 


Байланыс деректері

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49а, (Бас ғимарат), 3-қабат, 301-каб.

Байланыс тел.: 8(7172) 53-94-32

e-mail: omari.a@amu.kz

 



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика