Филология пәндері кафедрасы

Филология пәндері кафедрасы

Басшылық
Дидар Рымжанқызы Жарықова
кафедра меңгерушісі

Дидар Рымжанқызы 1991 жылдан бері Астана медицина университетінде қызмет етеді. 2007 жылдан филология пәндері кафедрасының меңгерушісі.
Дидар Рымжанқызы Жарықова 1968 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Целиноград мемлекеттік медицина университетінде оқытушы болып бастады.
2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
2007 жылы Қазақ тілі кафедрасын басқарды.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен және «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Дидар Рымжанқызының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ең маңыздысы – дәстүрлі медицина мәселелеріне арналған «Шипагерлік баян » еңбегі. «Қазақ тілі», «Қазақ тілінен жаттығу жұмыстары» оқулықтарының авторы. Отандық және шетелдік баспасөз беттерінде көптеген мақалалары жарияланды. Дидар Рымжанқызы 2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Тәуелсіздікке 30 жыл медалімен және Астана медицина университетінің күміс медалімен марапатталды.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

- Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық біліктілігін арттыру.

- Оқыту сапасын арттыру.

- Оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістерді енгізу.

- Ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысу.

- Оқушылар арасында тәрбие жұмысын тығыз байланыстыруды жүзеге асыру.

- Кәсіби қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған оқу-әдістемелік құралдарды жасау.

- Оқушыларды шет тілдерінде еркін сөйлеуге үйрету.

- Медициналық терминологияны жетік білу.

-Шет тілінде жүргізілетін оқу іс-әрекеті арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

- семинарларға, оқу конференцияларына, оқу курстарына қатысу.

- Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру.

- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлескен іс-шаралар өткізу.

Құрылу тарихы

Шетел тілдері кафедрасы 1964 жылдан бері жұмыс істейді. Целиноград медицина институтының шетел тілдері кафедрасының бірінші меңгерушісі Сердюк И.П. Одан кейін кафедра меңгерушісі Л.П.Абрамов болды. 1984 жылы кафедраны ф.ғ.к., доцент Шафаренко Ю.Ю. 1999 жылы шет тілі курсының жетекшісі Левус Г.П. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен 2009 жылдың 25 мамырына дейін кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Калиева Айжан Қайырбекқызы басқарды. 2009-2011 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының магистрі Ахметова Гүлбану Мергенқызы атқарды. 2011-2019 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі Калиева Айжан Қайырбекқызы болды. Филология пәндері кафедрасы «Қазақ тілі» және «Латын және орыс тілдері» кафедраларынан бастау алады. «Қазақ тілі» кафедрасының іргетасы 1990 жылдың қыркүйегінде Медицина университетінде қазақ тілін оқытудың басталуымен қаланды.

1990-1992 жылдары кафедра қазақ және орыс тілдері кафедрасының құрамында болса, 1992 жылдың маусым айында қазақ тілі кафедрасы мәртебесін алды.

1990-1991 жылдары орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі болып аға оқытушы Шляпова А.М.

1992-1997 жылдары «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болып аға оқытушы Доскенова Қ.А.

1997-1999 жылдары «Қазақ тілі» кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қожанов М.Қ.

1999 - 2001 жылдары кафедра меңгерушісі Қ.А. Доскенова

2001 жылы тіл кафедралары біріктіріліп, нәтижесінде қазақ және шет тілдері кафедрасы құрылды - кафедра меңгерушісі болып А.М. Шляпова; Доскенова Қ.А. – қазақ тілі курсының меңгерушісі.

2005-2007 жылдары «Қазақ тілі» кафедрасын аға оқытушы Доскенова Қ.А.

2007 жылы «Қазақ тілі» кафедрасын п.ғ.к., доцент Жарикова Д.Р басқарды

2014 жылдан бастап «Қазақ тілі» кафедрасы мен «Орыс тілі және латын тілдері» кафедрасы «Филология пәндері» кафедрасына біріктірілді.

2014 жылдан бастап филология пәндері кафедрасын п.ғ.к., доцент Жарикова Д.Р. Қазіргі уақытта кафедрада 31 оқытушы және 1 лаборант қызмет етеді. Кафедра оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізеді.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап екі кафедра біріктірілді: «Филология пәндері кафедрасы» және «Шетел тілдері» .Филологиялық пәндер кафедрасы деп аталды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Жарикова тағайындалды.

Қызметі

Филология пәндері кафедрасы университеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларға қатысып ғылыми мақалаларын жариялап келеді.

Филология пәндері кафедрасы қоғамдық істерге үлкен жауапкершілікпен қарайды

Университет тарихында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің алатын орны ерекше. Кафедра университеттің мемлекеттік тілді меңгеру саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Алға қойылған міндеттерге байланысты мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ тілін жүйелі түрде оқыту өзекті.

Жетістіктері

2011 жылы кафедра меңгерушісі Жарикова Д.Р., аға оқытушы Шляпова А.М. «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Астана қаласының Тілдер басқармасы аға оқытушылар Доскенова Қ.А., Бекенова С.Қ. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет грамотасы». Кафедра оқытушылары бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды. Дидар Рымжанқызы 2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 жыл медалімен« және Астана медицина университетінің «күміс медалімен« марапатталды. Коляева Людмила Сергеевна денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.(2021 жыл) «Филология пәндері» кафедрасы үздіксіз өсу жолында. Қазіргі таңда филология пәндері кафедрасында өз пәнін жетік білетін оқытушылар қызмет етеді. Оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 3 доцент, 18 магистр, 27 аға оқытушы, 2 оқытушы, 1 лаборант бар.

Кафедра оқытушылары жыл сайын оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар шығарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттерді ғылыми конференцияларға дайындайды. Студенттер халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысады.

Байланыс

Нұр-Сұлтан, Сарыарқа көшесі 33

5-қабат

Тел: 8 (7172) 444153

е-mail: didar6868@mail.ru


Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика