Мақсаттары
оқытушылардың кәсіби - педагогикалық шеберлігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа инновациялық әдістерді енгізу, ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысу, студенттер арасында оқу және тәрбие жұмысының тығыз байланысын жүзеге асыру болып табылады. Кәсіби қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған оқу-әдістемелік құралдар жасау. Семинарларға, оқу-әдістемелік конференцияларға, оқыту курстарына қатысу. Семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізу, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру.
Құрылу тарихы
Жалпы медициналық оқу орындарындағы тілдерді оқыту 1964 жылдан бастау алады. Целиноград медициналық институтының шет тілдері кафедрасы 1964 жылы құрылған, оның бірінші меңгерушісі И. П. Сердюк , содан кейін әр жылдары Л.П. Абрамов, ф.ғ. к., доцент Ю.Ю.Шафаренко, Г.П.Левус, ф. ғ. к., доцент А. К. Калиева, п. ғ. магистрі. Г.М.Ахметова басқарды.
«Қазақ тілі» (1990ж) кафедрасы, «Латын тілі» және «Орыс тілі» кафедраларынының бірігуі арқылы "Филологиялық пәндері" кафедрасы құрылды. Кейіннен «Филологиялық пәндер» және «Шет тілдері» кафедралары 2019 жылдың қыркүйек айынан біріктіріліп, өз қызметін жалғастырып келеді.
«Филологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Жарикова Д.Р. Қазіргі уақытта «Филология пәндер» кафедрасында өз пәнін терең білетін оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 ғылым кандидаты, 4 доцент, 30 аға оқытушы, магистр, 1 оқытушы, 1 лаборант бар.
Қызметі
Филологиялық пәндер кафедрасы университеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларына қатысып, көптеген өзекті тақырыптарда баяндама жасап жүр. Сонымен қатар университеттің қоғамдық өміріне үлес қосып келеді және университеттің мемлекеттік тілді меңгеру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Кафедраның өз алдына қойған басты міндеттерінің бірі - мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, университет студенттерін қазақ, орыс, шет тілдерге жүйелі оқыту.
Жетістіктері
Кафедра оқытушылары «Құрметті ұстаз» төс белгісімен, «Тәуелсіздікке 30 жыл» медалімен, Құрмет грамотасымен және «Астана медицина университеті» КеАҚ-дағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Күміс» медалімен, Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Филологиялық пәндер» кафедрасы үздіксіз өсу жолында. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар шығарады, жыл сайын әртүрлі журналдарға ғылыми мақалалар жарияланады. Кафедраның оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми конференцияларға дайындайды. Студенттер халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми-практикалық конференцияларға, тілдік олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Байланыс
Астана қ
Ш. Уалиханов көшесі 11
2 қабат
е-mail: zharikova.d@amu.kz