Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

Басшылық
Алтаева Нурсулу Закирияевна
Кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

      Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы 1964 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушілері доцент Р.П.Гагарина, аға оқытушы Л.Г.Скитева болған.

Одан кейінгі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Э.П.Мироедова (1979-1997 жж.), профессор П.К.Қазымбет (2001-2004 жж.), асс.профессор Б.С. Мамбетпаева (2004-2021), 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін асс. профессор Н.З Алтаева кафедра меңгерушісі лауазымы қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедрада келесі профессорлық-оқытушылық құрам қызмет атқарады: кафедра меңгерушісі Алтаева Н.З., профессор Мамбетпаева Б.С., аға оқытушылар Абдрахманова Б.М., Сманова Г.Б., Кузенбаева А.Е., Нуркешова Э.Т., Тулепбергенова С.А., Кусмамбетова К.А., оқытушы Кажияхметова Б.Б. Инновациялық білім беру технологиялары компьютерлік техниканы, мультимедиялық аппаратураны, интерактивті тақталарды пайдаланудың арқасында оқу процесіне сәтті енгізілуде. Сондай ақ, кафедрада элективті пәндердің тізімі артып келеді. Кафедра қызметкерлері оқу әдебиеттерін шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. Оқу-әдістемелік құралдар үнемі басылып шығарылады (Мамбетпаева Б.С., Алтаева Н.З.).

    Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасында "Созылмалы ауруларды емдеудің нәтижелерін және функциялардың ауыр жоғалуымен және ауыр асқынулармен жарақаттардың салдарын жақсарту үшін жаңа медициналық технологиялар" ҒТЖ іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Кафедра қызметкерлері зерттеудің жасушалық және молекулалық-генетикалық әдістерін сәтті игерген. Тиісті сертификаттар алды және молекулалық биология және генетика салаларында әртүрлі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады (Мамбетпаева Б.С., Алтаева Н.З., Абдрахманова Б.М.).

         Кафедра қызметкерлері рецензияланатын журналдарда үнемі ғылыми еңбектерін басып шығарады, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысады, ғылыми өнертабыстарға патенттері бар, ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру үшін білімдерін жетілдіріп отырады.

          Кафедрада көптеген жылдардан бері студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Студенттер жыл сайын студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

         Кафедрада жас ғалымдардың, студенттер мен оқушылардың "АМУ"КеАҚ ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуына үлкен көңіл бөлінеді. Кафедра студенттер мен оқушыларға арналған пән бойынша халықаралық олимпиадалар, сондай-ақ жастарды тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар өткізеді.

Байланыс:

Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 49А, 3-қабат
тел.: 53-95-36 
e-mail: altaeva.n@amu.kz.

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика