Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

Басшылық
Ардак Оналбековна Сапиева
кафедра меңгерушісі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің түлегі. 2000 жылы ҚазММА жалпы химия курсымен биологиялық химия кафедрасына аға лаборант болып қабылданды. 2004 жылы химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Гидрофобталған катионды беттік белсенді заттардың полиакрил және полиметакрил қышқылдарымен әрекеттесуі» тақырыбында диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми еңбектер мен басылымдардың авторы.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

- Кафедрадағы оқу-әдістемелік процестің баспа қызметінің тиімділігін арттыру;

- Қолданбалы зерттеу саласында мектеп оқушыларымен өзара әрекеттесуді жақсарту;

- Кафедра ұжымының қызметінде студенттерді кәсіби даярлаудың маңызды бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту.

Құрылу тарихы 

1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының түлектері - Целиноград облысында жаңадан ашылып жатқан мемлекеттік медицина институтына еңбек етуге келді. Олардың қатарында болған С.С.Лиходий, С.К.Калугина химия және биологиялық химия кафедрасының негізін қалауда  белсенділік көрсетті. 1964 жылы ЦММИ  бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы құрылды, алғашқы жылдары М.Т.Радюк., фарм.ғ.к. Л.В.Песахович кафедраға жетекшілік етті, 1967 жылдан 1986 жылдар аралығында б.ғ.к.,доцент В.А.Четверкин кафедра меңгеруші қызметін атқарды. 1986-1996 жылдар аралығындах.ғ.д., профессор Т.С.Сейтембетов кафедраға жетекшілік етті.

Биохимия кафедрасының ұжымы б.ғ.к., доцент С.С.Лиходий жетекшілігімен құрылды, 1965 жылдан 1974 жылдары м.ғ.к., В.К.Захарова, 1974 жылдан 1986 жылдар аралығында биохимия кафедрасын б.ғ.к., С.С.Лиходий басқарды. Бұл кезең аралығында кафедрада «Проблема патологии щитовидной железы» және «Клиническая смерть и постреанимационное состояние» тақырыбы бойынша оқытушылар тобы ғылыми зерттеулер жүргізді (Т.С.Сейтембетов, А.Ж. Сейтембетова, Г.П.Перченко, С.А.Блудова , М.С. Седлова және т.б.). 1978 жылы С.С.Лиходий, Г.П.Перченко, И.И.Ребрикова «ССРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталды. Кафедра жетекшілері С.С.Лиходий, В.К.Захарова, В.А.Четверкин, Е.Д.Даленов, Т.С.Сейтембетов, А.Ж.Сейтембетова кафедраның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты.

1996 жылы аталған кафедраларда қайта құрылу жүргізілді және 1996-1998 жылдар аралығында медициналық химия кафедрасын м.ғ.д., профессор Е.Д.Даленов басқарды. Бұл кезеңдері кафедра қызметкерлері «Салауатты өмір сүру негізін қалаудың патохимиялық негіздері» атты мәселе сұрақтарымен белсенді түрде айналысты. 

1998 жылдан х.ғ.д.,профессор Т.С.Сейтембетов кафедраға жетекшілік етті. 2002 жылдан 2011 жылдар аралығында жалпы химия курсы мен биохимия кафедрасын х.ғ.д, профессор А.Ж.Сейтембетова басқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытта жалпы және биологиялық химия кафедрасын х.ғ.д., профессор Т.С.Сейтембетов басқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедраның дамуына х.ғ.д,проффесор А.Ж.Сейтембетова, м.ғ.д., профессор К.Х.Алмагамбетов, б.ғ.к.,  х.ғ.к.,доцент Н.М.Исмагулова, х.ғ.к., аға оқытушылар П.О.Оразай, Ш.А.Мадиева, оқытушылар А.А.Идырысова, А.Базарханқызы, С.Б. Дюсекеева, М.М. Баймурат, А.А. Еламанова,  лаборанттар Ж.К.Есімсейтова, С.Ш.Момбаева, У.С.Жаксыбаева кафедраның дамып, өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Сонымен қатар университеттегі негізгі жұмыс пен педагогикалық қызмет міндеттерін қатар атқарушы қызметкерлер х.ғ.к., доцент А.С.Зейнульдина, х.ғ.к., доцент А.М.Габбасова, доцент Б.Б.Игенбаева, б.ғ.к., доцент Р.К.Байканова, оқытушы Б.К.Нұрхан және тағы басқа қызметкерлер кафедра беделін арттыруда аянбай еңбек етуде.

Қызметі

Оқу-әдістемелік жұмысы 

Кафедрада профессор-оқытушы құрамының жоғарғы оқу орнының талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарын дайындау жұмысы маңызды орын алады. Кафедраның материалдық – техникалық базасы сабақты жоғары оқу орындарының қазіргі заманның заманауи талаптарына сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді. Кафедра Қазакстан республикасының шет елдермен педагогикалық және оқу орталығының халықаралық байланысын кеңейту мақсатында, білікті профессорларды «АМУ» АҚ қызметкерлерімен және студенттерімен кездесуге шақырып тұрады. Біздің университеттің студенттері Дидро атындағы университеттің профессоры Марк Роберттің (Франция), Католиктік университетінің  Левен (Бельгия) профессоры Вим Дехаеннің және т.б. про- фессорлардың дәрістерін тыңдады.

Кафедра қызметкерлері 2006 жылы мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес  «Химия» пәні бойынша 051301 – «Жалпы медицина», 051302 – «Стоматология», 051103 – «Фармация», 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Биологиялық  химия»  пәні бойынша 051302 – «Стоматология», 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 051301 – «Жалпы медицина», 051104 – «Медициналық-профилактикалық ісі» (2009ж.) мамандықтарына арналғантиптік оқу бағдарламаларын өңдеді.

Болашақ мамандардың білім негізін  қалыптастыру мақсатында «Биологиялық химия» оқулығы  авторлары А.Ж.Сейтембетова, С.С.Лиходий, «Биохимия в вопросах и ответах», «Тесты и ситуационные задачи по биохимии» оқу құралы, авторлар А.Ж.Сейтембетова, С.А.Блудова, «Лабораторных и функциональных показателей здорового человека» анықтамасы, авторлары Е.Д.Даленов, А.Ж.Сейтембетова және т.б. мемлекеттік тілде өңделіп, баспадан шығарылды.

«Химия» авторы Т.С.Сейтембетов және «Биологиялық химия» авторлары Т.С.Сейтембетов, Б.И.Тулеуов, А.Ж.Сейтембетова оқулықтары Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының барлық мамандарына арналған ГОСО-2006 типтік оқу бағдарламасының негізгі әдебиеттер құрамына енгізілген. РҒА корр.-мүшесі профессор Е.С.Севериннің басқа авторлармен бірлескен «Биохимия» оқулығы профессор А.Ж.Сейтембетованың редакциялық басшылығымен мемлекеттік тілге аударылды.

Жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазіргі уақытта егеменді Қазақстанның ғылыми және әлеуметтік маңызы бар бастапқы міндеттерінің бірі отандық фарминдустрияның дамуы болып табылады. 20 жыл катарынан «Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг «Фитохимия» АҚ-мен (Қарағанды қ.) біріге отырып жеке органикалық қосылыстар мен фитопрепараттардың антиоксиданттық және гепатопротекторлық белсенділігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі таңда кафедрадағы ғылыми жұмыс бағыты - Қазақстанда өсетін өсімдіктердегі және олардың сығынды ерітінділеріндегіорганикалық қосылыстардың антиоксиданттық және гепатопротекторлық белсенділігін әртүрлі биохимиялық әдістермен анықтау in vivo және in vitro. Кафедрадағы ғылыми жұмыс нәтежелері негізінде кафедрада докторлық (Т.С.Сейтембетов, А.Ж.Сейтембетова), PhD докторлық (Машенцова А.А.) кандидаттық (А.С.Зейнульдина, Н.М. Исмагулова, А.Т.Кулыясов және т.б.), магистрлік диссертация (Молдабекова К.Ж.) қорғалды.

Кафедра «Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг«Фитохимия» АҚ (Қарағанды қ.), Самара мемлекеттік медицина университетінің химия кафедрасымен, РМӨ «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қолданбалы химия  Институтымен және т.б. ғылыми-әдістемелік серіктестік келісім шарттарға отырған. Кафедра магистранты К.Ж.Молдабеков «Жас дарын» грантының иегері, ғылыми зерттеулер жүргізді. Кафедрада студенттер күшімен ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Соңғы 3 жылда кафедраның ғылыми үйірмелерінің студенттері Санкт-Петербургте, Новосибирскде, Ставропольда, Самарада, Тбилисиде, Вильнюсте және біздің университетте өткен ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды.

Кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттер мен жас ғалымдар Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Нобель күні» атты конкурстың, фармацевтика саласы бойынша «SANTO академиялық бағдарламасының» мен «Жас дарын» ғылыми жобаларының, сонымен қатар жыл сайын өтетін «Астана медицина университеті» АҚ өтетін студенттер және жас ғалымдар конкурстарының гранттарын, сертификатарын, жүлделі орындарын иеленді.

Тәрбие жұмысы 

Кафедрада тәрбие және мамандық таңдау бағытында Астана қаласының мектептерімен бірге, белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Кафедраның ғылыми үйірмесіндегі мектеп оқушылары соңғы жылдарда ғылыми жобалар орындап, Россияға, Чехияға, Турцияға барып, баяндамалар жасап, жоғары бағаға ие болды. Мысалы: Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы К.С.Адекенова жас зерттеушілерге арналған «Ғылыми жоба жеңімпазы» медалінің иегері атанды (Санкт-Петербург).

2009 жылы халықаралық экперт (сарапшы) қатысушымен өткен Қазақстан Ұлттық аккредиттеу орталығының (ҰАО БҒМ) сыртқы сараптау комиссияның «АМУ» АҚ кешенді қызметін жан-жақты бағалау қорытындылары негізінде «жалпы және биологиялық химия» кафедрасы университеттің үздік бес кафедраларының бірі ретінде таңылды.

Байланыс

Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік к. 49, 4-қабат

тел.: 8(7172)53-95-37

e-mail: kaf.biohimii@amu.kz 
Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика