Мейіргер ісі кафедрасы

Мейіргер ісі кафедрасы

Басшылық
Улбосын Шералиевна Салтабаева
кафедра меңгерушісі

MD., PhD, қауымдастырылған профессор. 

Білімі: 2002-2017 жж., «Педиатрия» мамандығы бойынша бакалавриатты, интернатураны, резидентураны бітірген. «Астана Медициналық университеті» КеАҚ «Медицина» мамандығыбойынша магистратура мен докторантураны аяқтаған. 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Бірінші санатты дәрігер, аллерголог-иммунолог. «Парыз» мейіргер ісі мамандары республикалық қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығының, Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі. «Астана Медициналық университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, «Мейіргер ісі» мамандығы кафедрасының кеңейтілген отырысының бас сарапшысы. 


Кадрлық құрам

Мақсаттары

Кафедраның мақсаты оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес студенттерді оқытуды ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау.

Құрылу тарихы

Мейіргер ісі кафедрасы "Астана Медициналық университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 24 шілдедегі шешімімен (Директорлар кеңесінің №7 отырысы) құрылды.

Қызметі

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары ғылыми, клиникалық болып табылады.

Мейіргер ісі кафедрасының қызметкерлері ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, Эрасмус+ және Дүниежүзілік банк қаржыландыратын ProInCa, AccelEd сияқты халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Сондай-ақ кафедраның оқутышы-профессорлар құрамы алыс шетелдерде (Финляндия, Литва) академиялық ұтқырлық бойынша оқып, білім алады, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Кафедра клиникалық базаларда орналасқан және онда кафедра оқытушылары консультациялық, емдеу-диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Кафедра қызметкерлері университеттің және қалалық ауруханалардың, медициналық орталықтардың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Кафедра қызметкерлері жоғары оқу орындары, республикалық, халықаралық деңгейдегі курстарда, семинарларда, шеберлік сыныптарында кәсіби және педагогикалық құзыреттіліктерін үнемі арттырып отырады.

Жетістіктері

«Атамекен» ҰКП өткізген 2021 жылғы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелері бойынша ҚР барлық медициналық университеттері арасында «Мейіргер ісі» мамандығы 2-ші орынға ие болды.

2020 жылы "Мейіргер ісі" мамандығының бакалавриат, сондай-ақ "Мейіргер ғылымы" докторантурасы бойынша білім беру бағдарламасы аккредиттелді.

Кәсіптік орта білім базасында 2 жыл 6 ай және тәжірибелік денсаулық сақтау мейіргерлері үшін қолданбалы бакалавриат базасында 10 ай қысқартылған оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ "Мейіргер ғылымы" докторантурасы бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді.

ҚР ДСМ Финляндия серіктестерімен бірлесіп "Мейіргер ісі"мамандығы бойынша Pre-PhD бағдарламасы құрылды.

Вильнюс университеті мен Литва университетінің медицина академиясының халықаралық сарапшыларымен мейіргер ісінің өзекті мәселелері бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері және тәжірибелік денсаулық сақтау мейіргерлері үшін шеберлік оқулары өткізілді.

Байланыс

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК, Ә. Молдағұлова көшесі, 26.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика