Құрылу тарихы
«Медицина негіздері» кафедрасы 2019 жылы құрылған. Теориялық және клиникалық пәндерді біріктіре отырып, 1-3 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе», «Психология», «Медициналық тәжірибенің негіздері және коммуникативтік дағдылар», «Клиникалық медицина», «Симуляциялық орталықта практикалық дағдыларды меңгеру» пәндерінен білім береді.
Мақсаты
Кафедраның негізгі мақсаты — оқу, әдістемелік, клиникалық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру, студенттердің білімін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау, ғылыми-зерттеу қызметі және инновациялық оқыту технологияларын енгізу.
Негізгі бағыттары
Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер, типтік бағдарламалар және МЖМБС жобаларын әзірлеу;
Студенттерге психология, медициналық психология және денсаулық сақтау жүйесінде коммуникативтік құзыреттілік бойынша білім, білік пен дағды қалыптастыру;
Әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар мен ғылыми зерттеулерге қатысу;
Кафедраның даму стратегиясын әзірлеу;
Жұмыс берушілермен және білім беру басқармалары құрылымдарымен байланыстарды нығайту;
Кафедра ішіндегі білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
Сабақтардың барлық түрлерін оқу түрлеріне сай жүргізу;
Электрондық журналды оқу жүктемесіне сәйкес жүргізу;
Оқу, әдістемелік, клиникалық және ғылыми бағыттағы кафедра отырыстарын өткізу;
Студенттердің оқу және өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыру;
Оқу процесін әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан толық қамтамасыз ету.
Кафедра жетістіктері:
• А.Д. Каркабаева — «Клиникалық пәндердің үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы (2011 ж.)
• Л.Е. Тайжанова — «Клиникалық пәндердің үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы (2015 ж.)
• Г.С. Қуанышбаева — «Теориялық пәндердің үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы (2017 ж.)
• М.Б. Сатыбалдина — «Теориялық пәндердің үздік лекторы» номинациясының жеңімпазы (2017 ж.)
Алғыс пен марапаттар:
А.Д. Каркабаева — «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атағымен марапатталған (2024 ж.)
Л.Е. Тайжанова — «Қазақстанның құрметті оқытушысы» атағымен марапатталған
Г.С. Қуанышбаева мен Ж.Ш. Шакей — НАО «МУА» ректорының Алғыс хатына ие болған (2022, 2024 жж.)
Студенттердің жетістіктері:
Кафедра студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық студенттік олимпиадалар мен конференцияларға белсене қатысып, жоғары білім мен даярлық деңгейін көрсетіп келеді.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де өткен базалық медициналық пәндер бойынша халықаралық студенттік пәндік олимпиадада «Медицина негіздері» кафедрасының студенттері 7 жүлделі орынды иеленді:
«Қалыпты физиология» секциясы (қазақ тілінде):
• I орын — Д. Бейсенбай (ғылыми жетекшісі — М.Б. Сатыбалдина)
• II орын — Жансая Алдаберген (ғылыми жетекшісі — М.Б.Сатыбалдина)
• II орын — Керемет Тлеубай (ғылыми жетекшісі — М.Б. Сатыбалдина)
• III орын — А. Кункабаева (ғылыми жетекшісі — М.Б. Сатыбалдина)
• III орын — Б. Амангелдиев (ғылыми жетекшісі — М.Б. Сатыбалдина)
«Иммунология» секциясы (орыс тілінде):
• II орын — А. Рахмет (ғылыми жетекшісі — М.Б. Сатыбалдина)
Кафедра байланыс ақпараты:
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А
Тел.: 51-13-87