БасшыГульнар Рыскельдыевна Батпенова
Кафедра меңгерушісі
Оқытушылар мен зерттеушілер
БасшыКафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі
Батпенова Гүлнар Рыскелдіқызы — медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дерматовенеролог, дерматокосметолог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас дерматовенерологы, Қазақстан Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, Еуропалық Дерматология және Венерология академиясының (EADV) мүшесі, ТМД елдерінің дерматовенерологтар үйлестіру кеңесінің мүшесі, Халықаралық Дерматология қоғамының (ISD) мүшесі, Халықаралық дерматоскопия қоғамының (IDS) мүшесі, IMCAS – International Master Course on Aging Science курсының қатысушысы, Өзбекстан дерматовенерологтар қауымдастығының құрметті мүшесі, Әзербайжан дерматовенерологтар қауымдастығының, Қырғызстан дерматологтар қоғамының мүшесі, Ресей Федерациясының «Вестник дерматологии и венерологии» журналының халықаралық редакциялық алқасының және Беларусь Республикасының «Дерматовенерология. Косметология» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналының редакциялық алқасының мүшесі.
1982 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тамамдаған. 1990 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының тері-венерологиялық аурулары кафедрасының ассистенті қызметіне ауыстырылды; 1993 жылдан - тері-венерологиялық аурулары кафедрасының аға оқытушысы. 1994 жылдан профессор Г.Р. Батпенова дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Г.Р. Батпенова - 350-ден астам мақала жарияланымның, оның ішінде «Scopus» және «Thomson Reuters» негізіндегі халықаралық рецензияланған журналдардағы, монографиялар, 4 алдын ала патенттің, 2 рационализаторлық ұсыныс пен 12 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Профессор Г.Р.Батпенованың жетекшілігімен 1998 жылдан бері барлығы 16 кандидаттық, 2 докторлық, 6 кандидаттық, 6 магистрлік және 4 Phd докторлық диссертациялар қорғалды.
2016-2021 жылдар аралығында профессор Г.Р. Батпенова «АМУ» ҚеАҚ PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық Кеңесті басқарды.
Гүлнар Рыскелдіқызы көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының барысында псориаз, терінің саңырауқұлақ аурулары, безеу және безеуге ұқсас тері аурулары, мерездің диагностикасы мен емі мәселелерімен айналысатын дерматовенерологтардың жеке ғылыми мектебін құрды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Республикалық форумдарда бірнеше рет баяндалды және Канн (Франция), Стамбул (Түркия), Дубай (БАӘ), Юрмала (Латвия), Минск (Беларусь), Ташкент (Латвия) Ташкент (Өзбекстан), Мәскеу (РФ) , Санкт-Петербург (РФ), Екатеринбург (РФ) қалаларында өткен ірі халықаралық конгресстерде ғылыми қауымға ұсынылды.
Гүлнар Рыскелдықызының бастамасымен 2012 жылдың сәуір айында Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығы (ҚДДҚ) құрылды. Бүгінгі таңда ҚДДҚ-на республиканың барлық аймақтарынан 330-дан астам мүше кіреді. Қауымдастықтың қолдауымен дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның Еуразиялық конгресі және «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жастық аспектілері» халықаралық конференциясы 2 жылда бір рет Таяу шетел, Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің медицина профессорларының қатысуымен өтеді.
Профессор Батпенова Гүлнар Рыскелдықызы марапатталды:
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2002);
• «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен (2003);
• «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен(2008);
• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының Медицина қызметкерлері күніне арналған Құрмет грамотасымен;
• «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2010);
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен;
• «АМБДЖИ-ға 50 жыл» төс белгісімен (2013 ж..);
«Құрметті ұстаз» төс белгісімен (2015 ж.);
• «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен (2018 ж.);
«Клиникалық кафедралардың үздік ғалымдары» номинациясы бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің рейтингі бойынша грамота (2020 ж.);
• «Академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығына 20 жыл» төс белгісімен. (2021);
• Нұр-Сұлтан қаласының дамуына және денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен (2021 ж.)
• «Құрмет» ордені (2023 ж.)
• «АМУ 60 жыл» мерейтойлық медалі (2024 ж.)
• Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик) (2025 ж.)
д.м.н., профессор оқу ісінің меңгерушісі.
д.м.н., профессор оқу ісінің меңгерушісі.
м.ғ.д., кафедра доценті
м.ғ.д., кафедра доценті
м.ғ.к., кафедра доценті, ассоциирленген профессор
м.ғ.к., кафедра доценті, ассоциирленген профессор
м.ғ.к., доцент кафедры
м.ғ.к., доцент кафедры
PhD, кафедра доценті
PhD, кафедра доценті
PhD, кафедра доценті
PhD, кафедра доценті
PhD, кафедра доценті
PhD, кафедра доценті
ассистент
ассистент
Магистр медицины, ассистент кафедры
Магистр медицины, ассистент кафедры
Медицина магистрі, кафедра ассистенті
Медицина магистрі, кафедра ассистенті
Каферда ассистенті
Каферда ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Кафедра ассистенті
Қызметкерлер табылмады.