Мақсаты
Кафедра Университеттің оқу үрдісінің, әдістемелік, ғылымизерттеу, клиникалық, инновациялық, тәрбиелік және басқа да жұмыс түрлерінің іске асуын қамтамасыз ететін оқуғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Құрылу тарихы
КСРО Денсаулық сақтау Министрлігінің 14.06.1966 жылғы N 460 бұйрығы бойынша, Целиноград мемлекеттік медицина институтында тері және венералық аурулар кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісінің қызметін алғашқы болып медицина ғылымдарының кандидаты Левков Александр Александрович атқарды.
1967-1979 жылдары кафедраға Ұлы Отан соғысының ардагері, доцент Вощенкова Александра Павловна басшылық етті. Медицина ғылымдарының кандидаты Б.И.Ройтштейн, медицина ғылымдарының кандидаты Н.И.Мамин, ассистент В.В.Калугин және А.Г.Повсъян Александра Павловнаның қарамағында қызмет етті.
1979 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне конкурс бойынша доцент В.В. Калугин сайланды. 1984 жылы доцент В.В. Калугин Алматы қаласының ТВЗҰИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып ауысты. Доцент Н.И. Мамин кафедра меңгерушісі қызметін және ИММИ-де деканның 1 және 6-курстармен жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін қатар атқарды.
1994 жылы басшылыққа Г.Р. Батпенова тағайындалғаннан бастап кафедра жұмысы жаңа тыныс алды. Ол барлық қаланған еңбектерді өзгертпей сақтап келеді.
2021 жылы дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы өзінің 55 жылдығын атап өтті.
Қазіргі уақытта кафедра жұмысы үш клиникалық базада жүзеге асырылады:
1. №3 көпбейінді қалалық ауруханадағы дерматологиялық блокта;
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпиталінің дерматовенерология бөлімшесінде;
3. «ДермЭстетКлиника» ЖШС оқу-әдістемелік орталығында
Қызмет
· мамандықтар бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілер мен білім беруді басқару органдарымен сыртқы қарым-қатынасты дамытып нығайту;
· кафедра бейіні бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі және кәсіби білім бойынша МЖБС білім беру бағдарламаларын іске асыру;
· мамандарды дайындаудың кафедраішілік сапа жүйесін құрастыру;
· оқыту формалары бойынша сабақтардың барлық түрлерін жүргізу;
· педагогикалық жүктемеге сай кафедра қызметкерлерінің электрондық журнал жүргізуі;
· қызметкерлердің білім беру, әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстар жоспарланған мәселелері бойынша және студеттермен тәрбиелік жұмыс жүргізу бойынша кафедра жиналыстарын өткізу;
· кафедра пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау;
· оқу және өндірістік практикаларды өткізу, оқу процесін кафедра бейіні бойынша оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
· кафедра жұмысының жоспары мен оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын құру;
· сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік ету;
· кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және иновациялық технологияларды апробациялау;
· оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды және басқа да ғылыми/оқыту, оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару;
· ғылыми жұмыстардың нәтижесін практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу (патенттерді, практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу актілерін, қорғалатын құжаттарын алу);
· Университетте оқитындар мен қызметкерлердің ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша әдістемелік оқуі құралдары мен оқу-әдістемелік оқулықтарды шығару;
· білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге (СҒҚ, ЖҒЖ, орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобалары) тарту; білім алушылардың ғылыми жұмыстарының жариялануын, соның ішінде халықаралық рецензиялық журналдарда жариялануын қамтамасыз ету; қорғалатын құжаттарды білім алушылардың қатысуымен алу; білім алушылардың олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және ғылыми жұмыс байқауларына қатысуын қамтамасыз ету;
· ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету: республикалық маңызы бар монографияларды басып шығару (ISBN-индексімен); мақалаларды импакт-факторлы журналдарда бастыру; мақалаларды ҚР-да, ТМД-да, алыс шетелдерде, халықаралық басылымдарда шығару;
· ғылыми нәтижелерді мамандық бойынша рецензияланатын баспаларда жариялау, халықаралық және республикалық деңгейдегі қызметкерлер жиналыстарында баяндау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
· ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге профессор, доцент атағын беру жөнінде өтініш беру, үздік оқытушылардың еңбек тәжірибесін зерттеу және жария ету, жұмысын жаңадан бастаған оқытушыларға педагогикалық шеберлікті игеруге көмек көрсету;
· жұмыс сапасын және кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының орындалуын, қызметкерлердің басқа жұмыс түрлерін бақылау;
· жоғары және орта медициналық білімі бар қызметкерлердің және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің дайындығын, қайта дайындығын және біліктілігін арттыруын жүзеге асыру;
· емдік жұмыстарды бейіні бойынша жүзеге асыру (науқастарды күту, әртүрлі емдік-диагностикалық іс-шаралар);
· университет басшылары мен деканаттың ұйымдастыруымен қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу;
· дайындық бағыттары бойынша университетішілік және университетаралық деңгейлердегі оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмыстарына қатысу;
· кафедра сапа саласындағы мақсатарды анықтау және бекіту, кафедра сапа саласындағы мақсатарды орындау үшін іс-шаралар әзірлеу;
· түзететін және ескертетін іс-әрекеттерді әзірлеу;
· кафедра қызметкерлерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету: олардың материалдық-техникалық қажеттіліктерін анықтап алып, өтініш жазу.
Ғылыми жұмыс
Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары дерматовенерология және дерматокосметологияның өзекті мәселелері болып табылады: акне этиопатогенезі және акнеге ұқсас терідегі аурулар, емдеу тәсілін дамыту, әртүрлі формадағы псориаздың эпидемиологиясы, псориаздың коморбидті жағдайлары, жаңа емдеу әдістерді ойлап табу, ЖЖЖА-ның клиникалық-иммунологиялық сипаттамалары және иммунокоррекциясы, шаш ауруларының клиникалық-патогенетикалық аспектілер және ең тиімді кешенді емдеу әдістерін әзірлеу, ұлты қазақ науқастардағы витилиго ағымының клиникалық-генетикалық ерекшелігі, белсіздіктің клинико-генетикалық апектілері, ұлты қазақ науқастардағы акненің клиникалық-психологиялық және генетикалық сипатамалары, Қазақстанда созылмалы дерматозбен ауыратын науқастардың клиникалық-психологиялық және генетикалық сипатамалары, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты розацеа клиникасын бағалау.
Кафедра құрылғаннан бастап 500-тен астам ғылыми мақалалар жарияланды, оның ішінде Thomson Reuters және Scopus халықаралық сілтеме деректер базасында, 1 монография, 18 әдістемелік құрал, 6 өнертабысқа алдын-ала патент, 2 өнертабысқа патент, 7 авторлық куәліктер алынды. 2016 жылы екі тілде «Дерматовенерология атласы» / «Атлас по дерматовенерологии», (хаттама № 5, 18.04.16, 2019 жыл), дерматоскопия бойынша 2 әдістемелік құрал шығарылды. 2022 жылы «Созылмалы дерматоздардың инвазивті емес диагностикасы» оқу құралы үш тілде бекітілді. Кафедраның оқу-әдістемелік әдебиет шеңберінде 2023 жылы «Глюкокортикостероидтер дерматологияда» монографиясы (Цой Н.О., Цой О.Г.) және тәжірибелік дәрігерлерге арналған «Меланома» оқу құралы (Р.Карлс, Г.Батпенова, Т.Котлярова, Н.Цой) жарияланды.
Жетістіктер
Бүгінгі күнде кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежелілігі 90%-ды құрайды, 3 профессор, 3 медицина ғылымдарының докторы, 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PhD доктор, 1 медицина ғылымының магистрі. Біліктілігі жоғары санатты оқытушылар 64% - 7 адам. Кафедра қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және денсаулық сақтау ісінің 5 үздігі бар.
Кафедра қызметкерлері көптеген кәсіби ұйымдардың мүшелері болып табылады:
Республикалық деңгейде:
Қазақстан дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығы,
• Қазақстандық трихология қоғамы,
• «Көбелек балалар» қайырымдылық қоры,
• Қазақстандық эстетикалық медицина және пластикалық хирургия қауымдастығы,
• Қазақстандық пластикалық хирургтар қауымдастығы,
• Нұр-Сұлтан қаласының дерматовенерологтар қоғамы.
Халықаралық деңгейде:
• Еуропалық дерматология және венерология академиясы,
• Халықаралық дерматологиялық қоғамы,
• Халықаралық дерматоскопия қоғамы,
• IMCAS,
• Украиналық шашты зерттеу қоғамы.
Кафедрада 250 интерн және 47 клиникалық ординатор оқытылды. 1992 жылдан 2001 жылға дейін кафедрада 6 курстағы дерматовенеролог-субординаторлар дайындалды. 2008 жылы кафедрада «дерматовенерология» мамандығы бойынша резидентура ашылып, 110-нан астам резидент оқытылды. 2024-2025 оқу жылының басына кафедрада 2 курста оқитын 38 дәрігер-резидент бар және 38 дәрігер резидент 1 оқу жылында оқиды. 2011 жылдан бастап кафедрада магистратура (6 магистрлік диссертация қорғалды), 2010 жылдан PhD докторантура (4 докторлық диссертация қорғалды) ашылды.
Кафедра ұжымы үнемі кәсіби деңгейін көтеріп, халықаралық конференциялар мен конгрестерге (Ресей Федерациясы, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, БАӘ, Франция, Латвия, Түркия және т.б.) қатысып, баяндамалар жасап отырады. 2012 жылы ассистент Азанбаева Д.Ж. Синай медицина мектебінде «Косметикалық және дерматологиялық хирургия»бойынша оқуын аяқтады, Нью-Йорк, АҚШ. 2014 жылы ассистенттер Т.О. Алғазина және Д.Ж. Азанбаева Кореяның Католик университетінде білімдерін жетілдірді. (Сеул, Оңтүстік Корея)
Доцент Г.З. Туир Каролин институтының (Швеция, Стокгольм) «Антимикробтық төзімділік және Стюардшип бағдарламасы» бойынша тағылымдамадан сәтті өтті. 2016 жылдың қараша айында кафедра ассистенттері Амантаев Д.М. және Аймолина А.А. Берлин дерматологиялық күндеріне қатысуға грант алды (Берлин, Германия). Кафедра ассистенті Н.О. Цой 2017 жылдың 24-29 шілде аралығында 5th Munich International Summer Academy of Practical Dermatology атты грантын жеңіп алды (Мюнхен, Германия). 2017 жылдың қараша айында ассистент Д.М.Амантаев Рига Страдинс университетінде (Рига, Латвия) подология бойынша білім алды. 2019 жылдың қаңтар айында доцент Н.О. Цой тері обырының инвазивті емес диагностикасының заманауи әдісі – дерматоскопия бойынша «Derma Clinic Riga» бойынша оқу курсын аяқтады (Рига, Латвия). Ассистент А.А. Аймолдина 2019 жылдың жазында Мадридте (Испания) 9-13 қазан 2019 ж. Еуропалық дерматология және венерология академиясының 28-ші конгрессіне қатысу үшін мемориалдық стипендия Imrich Sarkany Non- European Memorial Scholarship грантын жеңіп алды. 2022 жылы кафедра қызметкерлері Джетписбаева З.С., Азанбаева Д.Ж., Алғазина Т.О., Амантаев Д.М. Грузияның Тбилиси қаласында шаш өсуін хирургиялық қалпына келтіру (трансплантациялау) бойынша тағылымдамадан өтті. Кафедраның доценттері Таркина Т.В. мен Джетписбаева З.С. - 16-17 шілде 2022 жылы Италия, Милан қалаларында Anatomy MasterClass-ты өтті.
2003 жылдан бастап кафедрада дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қайта даярлаудан өтеді (мамандандыру) және оларға білімді жетілдірудің тақырыптық циклі жүргізіледі. Кафедра тақырыптық циклді арнайы меңгеру үшін қызметкерлерді Алматы, Петропавл, Қостанай, Орал, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Семей, Талдықорған қалаларына жібереді. Осы жылдары 1000-нан аса кызметкер арнайы курстарда білім алды. Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының аймақтарына ғылыми баяндамалар оқу үшін жүйелі түрде барады.
Кафедра қызметкерлерінің күшімен, демеушілердің қатысуымен төменде көрсетілген конференциялар өткізілді:
2000 жылы – кафедра базасында ҚР ДСӘДМ ТВҒЗИ филиалының ашылуына орай Акмола облысының дерматовенерологтарына арналған ғылыми-практикалық конференция;
2000 жылы – дерматовенерологтар және гинекологтар бірлескен ғылыми- практикалық конференция;
2002 жылы – дерматовенерологтар және урологтар бірлескен ғылыми- практикалық конференция;
2006 жылы – кафедраның 40-жылдығына арналған конференция;
2014 жылы – «Созылмалы дерматоздар терапиясының жаңа мүмкіндіктері» атты ғылыми- практикалық конференция; «Дерматоздардың жергілікті емі үшін топикалық стероидтарды оптималді таңдау» ғылыми-тәжірибелік конференциясы; «Пиодермиялар: клиникалық ағымының және емінің ерекшеліктері» ғылыми-практикалық конференциясы;
2015 жылы – кафедраның 50 жылдығына арналған конференция; Шымкент қаласындағы «Созылмалы дерматоздар терапиясының заманауи тәсілдері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы; Павлодар, Ақтөбе және Өскемен қалаларында өткен «Созылмалы дерматоздардың сыртқы терапиясы» ғылыми- практикалық конференциясы;
2017 жылы – дерматоскопия бойынша оқыту мастер-класы; Қарағанды облысының дерматовенерологиялық қызметінің 80-жылдығына арналған дерматовенерологтар мен дерматокосметологтардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы; «Психосоматикалық науқастар: дерматовенерология мен дерматокосметологиядығы заманауи тәсілдер» мастер-класы; «Буллезді эпидермолизі бар науқастардың диагностикасының, емінің және күтімінің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық медициналық семинар;
2018 ж. - «Актуальные вопросы дерматовенерологии и дерматокосметологии» атты Халықаралық республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Атырау қаласына барып оқытылған оқу мастер-классы дерматоскопия негізі бойынша(базовый курс);
2019 ж. – «Базовый курс дерматоскопии» және «Advanced dermotoscopy» оқу мастер-классы;
2020 ж - Дерматоонкология бойынша (вебинар) оқу циклі өтті;
2021 ж - доктор Раймондса Карлстың қатысуымен дерматоскопия бойынша базалық және жетідіру курстарын өткізді;
2022 ж - дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы бірлесуімен «Терінің созылмалы қабыну үрдістері. Пәнаралық мәселелер» студенттердің және жас ғалымдардың I ғылыми-практикалық конференциясы;
2022 ж - 1 курс дәрігер-резиденттер үшін дерматоскопия бойынша базалық оқу курсы,
2022 ж -«Дерматовенерология және дерматокосметологияның жастық аспектілері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Шымкент қаласы;
2022 ж - «Псориаз терапиясындағы болашақ» аймақтық ғылыми-практикалық конференция.
2023 ж. - Дәлелді медицина курсымен ЖПД кафедрасымен бірге «Терінің созылмалы қабыну процестері. Пәнаралық мәселелер» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың II ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
2023 ж. - «Псориаз терапиясының болашағы» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
2024 ж. - Дәлелді медицина курсымен ЖПД кафедрасымен бірге «Терінің созылмалы қабыну процестері. Пәнаралық мәселелер» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың IIІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
2024 ж. - Павлодар қ. «Дерматовенерология мен дерматокосметологияның жас аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
2024 ж. - «Псориаз терапиясының болашағы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы.
Дерматовенерология кафедрасының бастамашылығымен 2007 жылдан бастап 2 жыл сайын дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның Еуразия Конгресі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бұйрығына сәйкес Астана қаласында «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жастық аспектілері» атты ғылыми- практикалық конференциясы өткізіледі. Іс-шаралар Жақын шетел, Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің медицина профессорларының қатысуымен өтеді. Бұл шараға 500-ден астам дерматологтар, венерологтар, косметологтар, онкологтар, педиатрлар және басқа да мамандықтардың дәрігерлері қатысуда
2012 жылдың сәуір айында кафедра қызметкерлерінің белсенді қатысуымен Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар ассоциациясы құрылды. Қазіргі таңда ҚДДҚ-на 330-дан астам адам мүше. Ассоциация президенті – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Батпенова Гүлнар Рыскелдіқызы.
Халықты тері аурулары проблемасы туралы хабардар ету шеңберінде, сондай-ақ диагностиканы күшейту мақсатында бөлім қызметкерлері жыл сайын денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп ашық есік күндерін өткізеді:
• 29 қазан – Псориазбен күресу күні Халықаралық псориаз қауымдастығы федерациясының бастамасымен өткізіледі;
• 28 ақпан – Орфан аурулары күні;
• 15 мамыр – Дүниежүзілік меланома күні;
• 25 маусым – Дүниежүзілік витилиго күні;
Тек соңғы 3 жылда кафедрада кафедра қызметкерлерінің қатысуымен 23 ғылыми жоба жүзеге асырылды: 10 клиникалық сынақ және 13 халықаралық жоба. Ең маңыздыларының бірі Назарбаев Университетімен бірлесіп 2018-2020 жылдар аралығында өткізілген «Микробиоманың құрылымына байланысты псориазды емдеудің қосымша әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық жоба болды.
2012 жылдан бастап дерматовенерология кафедрасының бастамасымен инвазивті емес диагностиканың заманауи әдісі – дерматоскопия белсенді түрде енгізіле бастады. Қазақстанда 250-ден астам дерматовенерологтар оқытылып, 17 облыстың 13-інде (Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан) дерматоскопия күнделікті тәжірибеге енгізілді. Сонымен қатар, дерматохирургия, дерматоонкология, PRP терапиясы сияқты өзекті бейінді бағыттарды енгізу белсенді жүргізілуде.
Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының қызметкерлері бірнеше сараптамалық кеңестердің мүшелері болып табылады, мысалы:
• «Дерматовенерология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптамалық кеңесі,
• «Дерматовенерология» мамандығы бойынша МКҚК,
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі кеңес;
• «Құрғақ тері синдромы» бойынша мамандардың кеңесі
• Ресей Федерациясының, Украинаның, Белоруссияның, Өзбекстанның ғылыми-практикалық журналдарының редакциялық кеңестері.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының бір бөлігін УДП госпиталінің, Бас әскери клиникалық госпитальдің сарапшы-консультанттары, ботулиндік токсин бойынша халықаралық сарапшылар және оқытушы- тренерлер құрайды.
Жыл сайын кафедра өкілдері «Дерматовенерология» мамандығы бойынша диагностика және емдеу бойынша клиникалық хаттамаларды құрастыру және қарау бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді; дерматовенерологиялық көмек көрсету стандартын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде сарапшы ретінде әрекет етеді.
Кафедра қызметкерлерінің 82%-ы Scopus, Web of Science, Google Schoolar, ORCID, Publon, Research Gate және т.б. сияқты дерекқорлар және кәсіби желілерде белсенді профильге ие.
Байланыс
Нур-Султан қаласы, Республика даңғылы 50/2, 3 қабат;
№3 Көпбейінді қалалық аурухана, Дерматовенерологиялық блок
«Дерматология және жыныстық жолымен жұғатын аурулардың алдын алу орталығы»
тел.: 8(7172)39-61-79
e-mail: kaf.derm@amu.kz