
Смагулова Алия Курманбекқызы
Медицина мектебінің деканы
Еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін, сұранысқа ие, білікті «Жалпы медицина» мамандығы бойынша медицина бакалаврларын дайындау

Оқытушылар мен зерттеушілер

Медицина мектебінің деканы

Медицина мектебінің деканы
PhD докторы, жоғары санатты дәрігер-терапевт, кардиолог, халықаралық спикер, сондай-ақ EHRA (European Heart Rhythm Association), ESC (European Society of Cardiology), Қазақстан кардиологтар қауымдастығы және Қазақ аритмологтар қоғамының мүшесі.
Смағұлова А.К. 2005 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ-ты «Жалпы медицина» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. 2005–2006 жылдары осы университетте «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті, ал 2006–2009 жылдары «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны аяқтады. Жалпы дәрігерлік еңбек өтілі – 19 жыл.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ Ішкі аурулар №2 кафедрасында ассистент қызметінен бастады. 2023 жылғы қарашадан 2026 жылғы наурызға дейін осы университеттің Гериатрия курсымен ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2026 жылғы 17 наурыздан бастап Медицина мектебінің деканы болып тағайындалды.
Ғылыми қызметі
Scopus Author ID: 57205369649 Хирш индексі: 2
70-тен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 11 мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 6 мақала жарияланған, атап айтқанда: Biomedicines журналында 1 мақала (Web of Science және Scopus базаларында индекстелген, Q1); Journal of Arrhythmia журналында 1 мақала (Web of Science және Scopus, Q2); International Journal of Women’s Health and Reproduction Sciences журналында 1 мақала (Web of Science және Scopus, Q3); Georgian Medical News журналында 3 мақала (Scopus, Q3).
Сонымен қатар, алыс және жақын шетелдерде өткен республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында 50-ден астам тезис жариялаған (АҚШ, Еуропа, ТМД елдері, оның ішінде Q1 деңгейіндегі басылымдар).
«Жүкті әйелдердегі аритмиялар» атты 1 монографияның авторы және «Клиникалық аритмология» кітабының (1 тарау) авторларының бірі.
Соңғы 5 жылда келесі зияткерлік меншік нысандарына авторлық құқық куәліктері алынған:
1. «Жүрек өткізгіштігінің бұзылыстары бар жүкті әйелдерге электрокардиостимулятор имплантациялау» №1059;
2. «Жүкті әйелдердегі аритмияларды емдеуде флюороскопиясыз транскатетерлік радиожиілікті абляция» №1061;
3. «Кардиохирургиялық операциялар мен катетерлік абляциядан кейінгі науқастарда жүрекшелік аритмиялардың рецидивін болжау маркерлерін анықтау» №20150;
4. «CBL технологиясын қолдана отырып “Бухгалтер-жүргізуші” тақырыбындағы клиникалық кейс» №54475;
5. «TPCBL технологиясын қолдана отырып “Сырлаушы” тақырыбындағы интеграцияланған клиникалық кейс» №54072;
6. «CBL технологиясын қолдана отырып “Әлеуметтік қызметкер” тақырыбындағы интеграцияланған кейс» №54276;
7. «Халықаралық тәжірибеде RBL инновациялық технологиясын практикалық қолдану» №60580.
Соңғы 5 жылда 30-дан астам халықаралық ғылыми конгрестерге (Австрия, Испания, Дания, Түркия, Ресей) Қазақстан Республикасының өкілі және спикері ретінде қатысып, ауызша және постерлік баяндамалар жасаған.
EHRA, ESC, APHRS, Қазақстан кардиологтар қауымдастығы және Қазақ аритмологтар қоғамының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021–2023 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» атты ғылыми-техникалық бағдарламасына зерттеу тобының мүшесі ретінде қатысқан. Сонымен қатар ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурстарына зерттеуші ретінде қатысады.
Педагогикалық қызметі
2024 жылдан бастап «Астана медицина университеті» КеАҚ-да «Медицина» білім беру бағдарламасының жетекшісі болып табылады.
Келесі семинарлардың авторы және лекторы:
1. «Халықаралық тәжірибеде RBL инновациялық технологиясын практикалық қолдану» (№60580 авторлық құқық куәлігі, 04.07.2025 ж., 97 тыңдаушы);
2. «Медициналық білім берудегі 360° бағалау» (Академиялық кеңестің шешімімен бекітілген, №6/1 хаттама, 19.06.2025 ж., 32 тыңдаушы);
3. «Медициналық ұйымдарда оқыту мен бағалаудың тиімді әдістері» (11 тыңдаушы);
4. Түркияның Башкент университетінің профессоры Fazıl Serdar Gürel-мен бірлескен лектор ретінде «Интеграцияланған оқу жоспарларындағы оқыту және бағалау әдістері» семинары (64 тыңдаушы, оның ішінде шетелдік қатысушылар);
5. KazAID ұйымдастырған «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасы аясында (2024 ж.) Орталық Азия елдерінің оқытушыларына арналған курста профессор Fazıl Serdar Gürel-мен бірлескен лектор (27 тыңдаушы).
Білім беру үдерісіне инновациялық технологиялар – белсенді оқыту әдістері (CBL, TPCBL, RBL) енгізілген.
Жыл сайын білім алушылардың (бакалавриат, резидентура) ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді, 2025 жылдан бастап 7М10102 «Медицина» мамандығы бойынша магистранттың ғылыми жұмысына жетекшілік етуде.
Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында аритмология және геронтология бойынша дәрістер циклін жүргізеді (Словения – Любляна университеті; Жапония – Киото университеті; Түркия – Чанаккале 18 наурыз университеті; Қазақстан – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті).
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (№712 бұйрық, 10.10.2024 ж.); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Алғыс хаты (№470 бұйрық, 26.08.2023 ж.); Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының Алғыс хаты (13.06.2025 ж.).
«Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның шақырылған сарапшысы болып табылады.
Тілдік құзыреті
Байланыс мәліметтері
email: smagulova.al@amu.kz
деканның орынбасары
деканның орынбасары
Деканның орынбасары
Деканның орынбасары

Деканның орынбасары

Деканның орынбасары
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Жетекші маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Маман
Қызметкерлер табылмады.