Мақсаттары
Қоғам мен мемлекеттің қазіргі және болашақ талаптарына сәйкес зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамудың жоғары деңгейімен медицина саласындағы жоғары білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Құрылу тарихы
Балалар аурулары кафедрасы 2000 жылдың қаңтар айында педиатрия факультетінің балалар аурулары кафедрасының бөлінуі нәтижесінде құрылды.
Қызмет
Кафедра «Балалар пропедевтикасы», «Балалар аурулары» және «Амбулаториялық педиатрия» пәндерінің негізгі бөлімдері бойынша «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандығының 2, 3, 4, 5 курс бакалаврлар, 6 және 7-ші курс интерндері үшін оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Кафедраның оқу-клиникалық базалары Астана қаласының 10 балалар медициналық мекемесінде орналасқан: №1, №2 және №3 қалалық балалар ауруханасы, №2, №4, №8, №13 қалалық балалар емханалары және «Green clinic» медициналық орталығы.
Жетістіктері
-
бірнеше таңдау тесттері (MSQ);
-
объективті құрылымды клиникалық емтихан (OSСE);
-
кейс бойынша оқыту (CBL),
-
қысқа форматтағы клиникалық емтихан (miniСEX);
- ұзақ мерзімді клиникалық емтихан - пациенттерді курациялау.
Кафедра оқытудың инновациялық әдістерін белсенді енгізуде:
-
SIM NEW BABY симуляциялық тренажері;
-
PEDIA SIM симуляциялық тренажері;
- модульдерге арналған клиникалық сценарийлер әзірленді.
Педиатрдың неонатология, кардиология және пульмонология саласындағы қажетті практикалық дағдыларын дамыту үшін «SIMBaby» және «PediaSIM» роботтық манекендерін қолдана отырып, оқу процесінде симуляциялық технологиясын жасау және енгізу» атты 3 клиникалық сценарий жасалды және енгізілді.
Кафедра қызметкерлері TEMPUS халықаралық бағдарламасы аясында проблемалық-бағытталған оқытуды (PBL) әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Кафедраның ғылыми жұмысы университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық аясында кафедра Новосибирск медициналық университетінің (Ресей) студенттеріне арналған "Стационардағы балалар аурулары" бағдарламасы бойынша оқыту мен шеберлік сабақтарын өткізді, және "Семей медицина университеті" КЕАҚ магистрантының "Созылмалы бүйрек ауруы бар балалардағы тамақтану мәртебесін түзету" бағдарламасы бойынша магистратураның академиялық ұтқырлығы шеңберінде оқыту мен шеберлік сабақтарын өткізді.
Проф. Мулдахметова М.С. жетекшілігімен, кафедра қызметкерлері мен ізденушілері, 18 диссертация жасады және қорғады, оның ішінде 3 докторлық, 8 кандидаттық және 7 магистерлік диссертация.
Байланыс
«№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы»
тел: +7 7012331740. e-mail: muldahmetov.m@amu.kz