Всеволод Дмитриевич Осипов
м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі
Оқытушылар мен зерттеушілер
м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі
1999 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясын аяқтап, сол жылдың қыркүйегінде академияның сот медицинасы кафедрасында клиникалық ординатурада оқуын жалғастырды. 2001 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, «Заңгер» біліктілігі берілді. Клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін Қаз.ММА сот медицинасы кафедрасына ассистент болып қабылданды. 2005 жылы 14.00.24 – Сот медицинасы мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2007 жылы сот медицинасы кафедрасының доценті лауазымына көтерілді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті оған доцент ғылыми атағын берді. 2010 жылдан бастап сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап сот медицинасы және құқық кафедрасының меңгерушісі. Ол 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның бесеуі импакт-факторы бар, өнертабыстарға төрт патенттің иегері, оқу құралының авторы.

м.ғ.д., профессор, кафедра профессоры

м.ғ.д., профессор, кафедра профессоры

з.ғ.к., доцент, кафедра профессоры

з.ғ.к., доцент, кафедра профессоры
Білімі: Челябі заң техникумы (1987 ж.); Удмурт мемлекеттік университеті (Ижевск қ, РФ) (1995 ж.), мамандығы «Құқықтану», біліктілігі – заңгер.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы - заң ғылымдарының кандидаты (диссертациия тақырыбы «Нормативтік құқықтық актілер иерархиясының мәселелері» (2001г.) ; доцент
Еңбек өтілі: барлық еңбек өтілі – 30 жылдан астам, соның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі– 23 жыл. Әр жылдары жоғары оқу орындарындары мен факультеттерінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор ретінде жұмыс атқарды; ҚР Әділет министрлігінің «Заңнама институты» ММ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, директорының орынбасары; ҚР ОСК аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі Академиясының академиялық бағдарламалар және жобалар орталығының директоры.
2010 жылдан бастап заң жобалары мен олардың тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасының, нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасының сарапшысы болып табылады. Заң жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысады.
Қазақстандық құқық пен заңнаманың өзекті мәселелері бойынша 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Қазақстан Республикасының заңнама жүйесі: теория және практика мәселелері» монографиясының авторы (2011), ғылыми басылымдардың «Заңдардың іс-әрекетінің құқықтық салдарын болжау: ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» (2018), «Қоғамдық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу: мәселелері мен жетілдіру перспективалары» ғылыми басылымдарын дайындауға қатысты (2018), «Заңды тұлғалар туралы заңнаманың мониторингі: қолдану теориясы мен практикасы» (2018), «Медициналық құқық» пәні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағының (мемлекеттік және орыс тілінде) (2021) оқу-әдістемелік құралдар және басқа да оқу және оқу-әдістемелік құралдар авторы.
Жүргізетін пәндері: «Медициналық құқық», «Медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері».
Марапаттар мен медальдар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2017), «Ерең еңбегі үшін» (2018). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2017), «Ерең еңбегі үшін» (2018).

м.ғ.к., доцент, кафедра профессоры

м.ғ.к., доцент, кафедра профессоры

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті
PhD докторы, медициналық құқық және этика кафедрасының доценті. 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы ҚазГУ – «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы 6D030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Тұлғалардың криминалистикалық жіктелуі және оның қолданбалы маңызы» тақырыбында диссертация қорғады. Заң университеттері мен факультеттерінде ғылыми-педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 01.09.2002 ж. бастап 20.09.2019 ж. дейін - оқытушы, аға оқытушы, Құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Тарих және құқықтану факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған. 20.09.2019 жылдан бастап 07.12.2020 жылға дейін – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультеті деканының орынбасары, 07.12.2020 ж. бастап 05.09.2022 ж. дейін – аталмыш университеттің Заң факультетінің мемлекет және құқық тарихы теориясы, конституциялық құқық кафедрасының доценті болып қызмет атқарды. 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылыми мүдделер саласы – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, криминалистика, қылмыстық процесс, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі.

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті
заң ғылымдарының кандидаты
2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылдан бастап заңтану магистрі (КазГЗУ). 2010 жылы «Қазақстанның конституциялық реформасы: теория мен тәжірибе мәселелері» тақырыбында кадидаттық диссертация қорғады. ҚР ұлттық заңнамасын жетілдіру және конституционализм мәселелері бойынша 25-тен астам ғылыми жарияланымның, әдістемелік ұсынымдардың авторы, ұжымдық монографияның бірлескен авторы. Заң шығару қызметі, НҚА жобаларына ғылыми-құқықтық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық сараптама жүргізу, құқықтық мониторинг, заңнаманы жетілдіру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2 томдық «Халықаралық жария құқық» оқулығы орыс тілінен мемлекеттік тілге аударды. Оқулық 2006 жылы «Қазақ тіліндегі үздік оқулық» ретінде марапатталды.
з.ғ.к., кафедра доценті
з.ғ.к., кафедра доценті
з.ғ.к., кафедра доценті
з.ғ.к., кафедра доценті

PhD, кафедра доценті

PhD, кафедра доценті
заң ғылымдарының магистрі, PhD докторант
2009 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдан бастап заң ғылымдарының магистрі (ҚазГЗУ). 2020 жылдан бастап КЕАҚ «Астана медицина университеті» «Қоғамдық денсаулық сақтау» - мамандығы бойынша докторант. 10-нан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Медициналық құқық» пәні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағы оқу-әдістемелік құралдың авторы (бірлескен авторлықта). Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Ғылыми қызығушылықтары - ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мәселелері.

м.ғ.м., кафедра ассистенті

м.ғ.м., кафедра ассистенті

з.ғ.м., аға оқытушы

з.ғ.м., аға оқытушы
заң ғылымдарының магистрі
1994 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша заң факультетін бітірді. 2013 жылдан бастап заң ғылымдарының магистрі (Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы заң Академиясы). Оқытушылық қызметте үлкен тәжірибесі бар, 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Медициналық құқық» пәні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағы оқу құралы (мемлекеттік және орыс тілінде, бірлескен авторлықта), «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» (бірлескен авторлықта), «Қазақстандағы сайлау процесінің қалыптасуы мен дамуы: тарих, теория және практика мәселелері» монографиясының авторы, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда баяндама жасады. 2015 жылдан бастап (Болгария) Неофит Рилски университетінде PhD академиялық дәрежесін алу үшін ізденуші болып жұмыс жасайды. Ғылыми қызығушылықтар саласы-денсаулық сақтауды құқықтық реттеудің конституциялық негіздері.

з.ғ.м., аға оқытушы

з.ғ.м., аға оқытушы
заң ғылымдарының магистрі
2003 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. "Құқықтану" мамандығы бойынша.
2014 жылдан заң ғылымдарының магистрі. Жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметте үлкен тәжірибесі бар, 20-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Қаржы құқығы, Құқық негіздері пәндері бойынша оқу құралдарының авторы (бірлескен авторлықта). Ағылшын тілін меңгерген.

з.ғ.м., аға оқытушы

з.ғ.м., аға оқытушы
халықаралық құқық магистрі
2003 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.. 2005 жылдан Халықаралық құқық магистрі. Халықаралық құқық мәселелері бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. Халықаралық құқық мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысты. Түрік тілін меңгерген.
з.ғ.м., аға оқытушы
з.ғ.м., аға оқытушы
з.ғ.м., аға оқытушы
з.ғ.м., аға оқытушы
кафедра ассистенті
кафедра ассистенті
лаборант
лаборант
лаборант
лаборант
Қызметкерлер табылмады.