Сот медицинасы және құқық кафедрасы

Сот медицинасы және құқық кафедрасы

Басшылық
Всеволод Дмитриевич Осипов
м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі

1999 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясын аяқтап, сол жылдың қыркүйегінде академияның сот медицинасы кафедрасында клиникалық ординатурада оқуын жалғастырды. 2001 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, «Заңгер» біліктілігі берілді. Клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін Қаз.ММА сот медицинасы кафедрасына ассистент болып қабылданды. 2005 жылы 14.00.24 – Сот медицинасы мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2007 жылы сот медицинасы кафедрасының доценті лауазымына көтерілді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті оған доцент ғылыми атағын берді. 2010 жылдан бастап сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап сот медицинасы және құқық кафедрасының меңгерушісі. Ол 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның бесеуі импакт-факторы бар, өнертабыстарға төрт патенттің иегері, оқу құралының авторы.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

Үздіксіз даму және білім, тәжірибе, ғылымның үштұғырлылығы қағидаттарына негізделген кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңа буынның жоғары мамандандырылған, бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау

Задачи

  • білім беру, денсаулық сақтау және құқық саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және сараптамалық (клиникалық) қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • практикалық денсаулық сақтаудың іргелі және басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу;
  • медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау (сертификаттау курстары) бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  • білім алушыларды кәсіби іс-әрекеті барысында үздіксіз білім алу және білімдері мен дағдыларын жетілдіру қажеттілігіне тәрбиелеу;
  • білім алушыларды кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы заңды шешімдерді негіздеп қабылдауға мүмкіндік беретін мамандандырылған құқықтық біліммен қамтамасыз ету.

Құрылу тарихы

Сот медицинасы кафедрасы Целиноград мемлекеттік медициналық институтында 1967 жылдың күзінде ұйымдастырылды. Кафедраны қысқа уақыт ішінде сот-медициналық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің бірі, ірі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, сот медицинасының тарихшысы Сергей Владимирович Шершавкин басқарды. Келесі жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент Е.И.Зайцева (1969-1980жж.), м.ғ.к., доцент Ю.С.Исаев (1980-1986жж.), м.ғ.к., доцент А.С.Жакенов (1986-1996жж.), м.ғ.д., профессор Ф.А.Галицкий (1996-2010жж.), м.ғ.к., доцент В.Д.Осипов (2010-2025жж.) басқарды. 2025 жылы «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың құрылымдық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру нәтижесінде сот медицинасы кафедрасының құрамына медициналық құқық және этика кафедрасы енгізілді. Екі кафедра біріктіріліп, «Сот медицинасы және құқық кафедрасы» деп аталды. Кафедраны м.ғ.к., доцент Всеволод Дмитриевич Осипов басқарады.

Негізгі қызметі

Кафедраның қызметі жоғары кәсіби, жоғарыдан кейінгі және қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарына (ГОСО) сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың дағдылары мен құзыреттерін қалыптастырады. Кафедра оқытушылары ғылыми қызметпен белсенді түрде айналысады: ғылыми жинақтарда мақалалар жариялауға дайындалады, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми іс-шаралар (форумдар, онлайн-конференциялар) ұйымдастырады және ғылыми жобаларға қатысады. Кафедра оқытушылары педагогикалық қызметпен қатар, білім алушыларды да белсенді түрде тарта отыра, ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Астана қаласы бойынша сот сараптамалары Институтында сараптамалық жұмыс атқарады. Сонымен қатар, олар денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу мен сараптауға, ғылыми-құқықтық сараптамаға қатысады. Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне кеңес беру көмегін көрсетеді.

Жетістіктері

Кафедра қызмет еткен кезең ішінде оның қызметкерлері 500-ден астам ғылыми мақала жариялады, оның ішінде импакт-факторлы басылымдарда да бар. Сондай-ақ бірқатар монографиялар, электронды оқулықтар, оқу құралдары, тәжірибелік тапсырмалар мен кейстер жарық көрді. 30-дан астам өнертабыстарға авторлық куәліктер, патенттер және алдын ала патенттер алынды. Кафедра халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып, өткізді, олардың нәтижелері бойынша Қазақстан және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектер жинақтары басылып шығарылды. Кафедраның ғылыми дәрежелілік деңгейі 60%-дан асады. Әр жылда кафедра сот-медициналық сарапшы дәрігерлерді дайындап, олар еліміздің сот-медициналық қызметіне табысты интеграциялануда. 2013 жылдан бастап кафедрада қосымша білім беру бағдарламалары аясында қашықтықтан оқыту технологиялары сәтті енгізілген. Қосымша білім беру бағдарламаларының шеңберінде сот медицинасы мен патологиялық анатомия саласында 500-ден астам жас маман дайындалды, сондай-ақ 1000-нан астам сот-медициналық сарапшылар, патологоанатомдар және сот-медициналық қызметтің орта буын медицина қызметкерлері оқытылды. Кафедра қызметкерлері «Сот-медициналық сараптама» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалардың және кәсіби стандарттардың, сондай-ақ Мемлекеттік реестрге енгізілген бірқатар сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерінің әзірлеушілері болып табылады. Олар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Әділет министрлігінің білім беру және клиникалық қызметтің түрлі бағыттары бойынша жұмыс топтарының мүшелері, сондай-ақ Ресей Федерациясының Сот-медициналық сарапшылар қауымдастығының (Мәскеу қ.) мүшелері болып табылады. Кафедра Қазақстанның және шетелдің бірқатар жоғары оқу орындарымен, заңгерлердің, медиаторлардың, сот сарапшыларының кәсіби қауымдастықтарымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ғылыми байланыстар орнатқан. Біздің кафедраның серіктестері: «Медициналық университет Семей» КеАҚ-тың Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы, Department of Forensic Medicine Cukurova University School of Medicine, Adana, Turkey.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы 47, 8-қабат.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика