Балалар анестезиологиясы, реанимация және шұғыл медициналық көмек кафедрасы

Балалар анестезиологиясы, реанимация және шұғыл медициналық көмек кафедрасы

Басшылық
Нурила Амангалиевна Малтабарова
Меңгеруші

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты дәрігер.

Малтабарова Н.А. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. Университетті бітіргеннен кейін 1992 жылы АММИ балалар хирургиясы кафедрасына, анестезиология және реанимация курсымен бірге, клиникалық ординатураға түсті. Клиникалық ординатураны 1994 жылы аяқтады, сол жылы Малтабарова Н.А. балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығына аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне төмендегі шифрлар 14.00.35 – балалар хирургиясы және 14.00.37 – анестезиология - реаниматология бойынша диссертация қорғады. Клиникалық ординатура мен аспирантурада оқыған кезде анестезиолог-реаниматолог ретінде тәжірибелік жұмыс атқарды. Аспирантураны бітірген соң, Алматы қаласының №1 қалалық балалар ауруханасы мен балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығының анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімдерінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді. 1998 жылы Малтабарова Н.А. анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Лисенков С.А. шақыруымен Ақмолаға ауысып, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реаниматология кафедрасына ассистент болып жұмысқа қабылданды. Кафедраның ассистенті болып жұмыс істеумен қатар, Ақмола қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасы базасында емдеу жұмыстарын жүргізді, кейін Ақмола атауы Астанаға ауыстырылды. Емдеу жұмысы анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімінде жүргізілді. Н.А. Малтабарованың кәсібилігін және еңбексүйгіштігін мойындау 2000 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығының бұйрығы Астана қаласының басты балалар анестезиолог-реаниматологы етіп тағайындауы болып табылады. Бұл әлеуметтік жүктеме 2005 жылға дейін жүзеге асырылды.

Малтабарова Н.А. кафедра ассистенті болып істеп жүріп, кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты болды. Осы бағытта университеттің басшылығымен атап өтілген жетістіктер де болды, ал 2004 жылы Нұрила Аманғалиқызы университеттің оқу-әдістемелік бөлімін басқарды. Кейінірек оқу-әдістемелік бөлім оқу-әдістемелік басқарма болып қайта құрылды, кейіннен білім беру үрдісінің сапасын бақылау басқармасына өзгертілді. Әдістемелік жұмыстың барысында, басқарманы басқара отырып, Малтабарова Нурила Аманғалиқызы университет ұжымымен бірге 2003, 2005 және 2006 ж. мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізді. Оның басшылығымен сапа менеджменті бөлімінің жетекшісімен бірге университетте сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін Малтабарова Н.А. 2007-2008 оқу жылында «Анестезиология және реаниматология, жедел медициналық көмек курсы» кафедрасының доценті лауазымына ауыстырылды, ол кафедра 2014 жылы жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасы болып өзгертілді. 2013 және 2016 жылдан кафедра профессоры лауазымын атқарды. 2017 жылдан бастап Малтабарова Н.А. жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасын басқарды.

Малтабарова Н.А. 2015-2016 оқу жылында студенттердің арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша «2015-2016 оқу жылындағы клиникалық кафедралар арасындағы Астана медицина университетінің үздік оқытушысы» атағы берілді.

Оның ғылыми қызығушылығының қатарын ауыр жағдайдағы науқастардағы нутритивті қолдаудың өзекті мәселелері қамтиды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып күйіктік ауруға шалдыққан балалардағы метаболикалық бұзылуларды түзету үшін мамандандырылған тағамдарды қолдануды енгізді.

Малтабарова Н.А. өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында Оңтүстік Флоридада (АҚШ, Оңтүстік Флорида, Тампа қаласы), Тель-Авив университетінде және Сораски медициналық орталығында (Израиль) оқыды. 2017 жылдың қыркүйегінде халықаралық стандарттарға сәйкес жүрек-өкпе реанимациясын (BLS, ACLS) қамтамасыз ету оқуынан өтті.

Кафедра меңгерушісі Н.А. Малтабарованың жетекшілігімен 2018 жылы Жұмабаев М. Б., Иримбетов С. Б. және Ли Т. А. докторлық диссертациялары қорғаудан (PhD) табысты өтті. Ғылыми зерттеулер «Ишемиялық инсульт кезіндегі жүйелі қабыну реакциясын зерттеу» (Жұмабаев М. Б.), «АІЖ қатерлі ісігі бар науқастарда операция алдындағы кезеңде нутритивті қолдау» (Иримбетов С. Б.), «Ерте жастағы балалардың бронх-өкпе дисплазиясының қарқынды терапиясы» (Ли Т. А.) мәселелеріне арналған. Булатов Е. Ю. «Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміндегі өмірдің бірінші жылындағы балалардағы сепсисті ерте диагностикалаудың тиімділігін бағалау» тақырыбында докторантурадағы оқуын аяқтады.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

- Оқу, әдістемелік, клиникалық, ғылыми және ағартушылық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және енгізу;

- Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, олардың магистратура, докторантура, резидентурадағы біліктілігін арттыру;

- Тәжірибелік денсаулық сақтаудың іргелі және басым бағыттары бойынша зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін және инновациялық технологияларды енгізу

Құрылу тарихы

Анестезиология және реаниматология курсы 1975 жылы №1 аурухананың хирургия кафедрасында ұйымдастырылып, кафедраны м.ғ.д. профессор Цой Гилен Васильевич басқарды.

Анестезиология және реаниматология курсын м.ғ.к. Витенбек И.А. басқарды, Целиноград қаласындағы ЖМКА да тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істеді, 1975 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.

1987 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп және медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін, анестезиология-реаниматология курсының ассистенті лауазымына Жакупов Р.К. қабылданды.

1995 жылы анестезиология және реаниматология курсы анестезиология және реаниматология кафедрасы болып құрылды, Лысенков С.П. кафедраны басқарды. Оның диссертациялық жұмысының тақырыбы постреанимациялық аурудың мәселелерін эксперименттік зерттеуге арналды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Лысенков С.П. тұрғылықты жерін өзгерткеннен кейін, 1998 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып доцент, м.ғ.к. Жақупов Р.К. сайланды. 2004 жылы докторлық диссертацияны қорғады, кейінірек профессор ғылыми атағы берілді.

Кафедраның базалары Целиноград облыстық ауруханасының және қалалық балалар ауруханасының анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімшелері болды. Кафедраның қызметкерлері басқа қалалардан келген ғылыми қызметкерлермен толтырылды. Сонымен, кафедра Алматыдан келген қызметкерлерді қабылдады, м.ғ.к Мальтабарова Н.А., м.ғ.д. Исраилова В. Кафедраның ғылыми әлеуетін кафедраның жаңадан м.ғ.к. дәрежесіне диссертация қорғаған - ассистенттер Разумов С.А. және Кокошко А.И. толықтырды. Кафедра қызметкерлерінің негізгі ғылыми бағыты осы кезеңде орталық және аймақтық нейроаксиальды блокадаларды оңтайландыру мәселесін зерттеу болды. 2007 жылы кафедра ассистенті, м.ғ.к. Конкаев А.К. 14.00.37 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2005 жылы кафедраға жедел медициналық көмек курсы қосылды. 2014 жылы кафедра «Жедел кезек күттірмейтін көмек және анестезиология, реаниматология» кафедрасы болып өзгертілді. 2017 жылы кафедра «Жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология» кафедрасы болып өзгертілді. Соңғы 6 жылда кафедра «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалаврлар шығаратын кафедра болды.

Кафедра қызметкерлері халықаралық стандарттарға (BLS, ACLS) сәйкес жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша мамандандырудан өтті.

Университеттің жаңа құрылымына сәйкес, 2020 жылдан бастап кафедра «Балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел жәрдем» кафедрасы болып өзгертілді.

Қызметі

- зерттеудің барлық түрлерін енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстар  және магистранттар мен докторанттардың PhD диссертациясын басқару;

- тәжірибелік денсаулық сақтауға зерттеу нәтижелерін енгізу (тәжірибелік денсаулық сақтауға, патенттерде іске асыру актілерін алу);
- университет қызметкерлері мен студенттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша әдістемелерді, оқу-әдістемелік құралдарды жариялау;

- оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа да ғылыми-оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару;

- профильді мамандардың республикалық, халықаралық жиналыстарында жариялау мүмкіндігін және мамандық бойынша теңдесі жоқ басылымдарда қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялауды қамтамасыз ету;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету: республикалық маңызы бар монографияны шығару (ISBN индексімен); импакт-факторы бар журналдарда мақалаларды жариялау; Қазақстан Республикасында, ТМД, шет елдерде, халықаралық басылымдарда жарияланымдар (мақалалар);

- кафедраның бейініне оқу үрдісін кешенді оқу-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді енгізу;

- медициналық қызметтің профильіне қатысты жүзеге асыру;

- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жіберу (СҒҚ, СМУ, ғылыми жобалар); студенттердің ғылыми мақалаларын, оның ішінде халықаралық рецензияланған журналдарда жариялауды қамтамасыз ету; студенттердің қатысуымен қауіпсіздік құжаттарын алу; студенттердің конкурстарға, ғылыми конференцияларға және ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;

- кафедраның оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмысының жоспарлы және өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесуін және студенттермен тәрбие жұмысын өткізу;

- кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және инновациялық технологияларды апробациялау;

- кафедраның пәндері бойынша оқу жоспарларын әзірлеу;

- кафедра профиліне қарай жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде МБМС оқу бағдардамаларын іске асыру;

 - деканаттар мен университеттің басшылығымен ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысу;

Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыты ересектер мен балалардағы жүйелі қабыну реакциясын, сепсис пен септикалық асқынуларды зерттеу болып табылады, жіті коронарлық бұзылуларды, ауыр жағдайдағы пациенттердің нутритивті статусын, сондай-ақ балалар жасындағы тыныс алу бұзылыстарын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жетістіктер

Қазіргі уақытта балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек  кафедрасының базалары Астана қаласының 11 медициналық мекемесініңде орналасқан. Соңғы жылдары кафедра қызметкерлерінің күшімен резиденттер дайындалды және шығарылды. Олар жинақтаған білімдері мен игерген дағдыларын тәжірибелік денсаулық сақтауда табысты жүзеге асырып жүр. Кафедра оқу үрдісіне жаңа білім беру технологияларын енгізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік орталығы болып табылады. Осылайша, кафедра қызметкерлері жедел медициналық көмек модулінде материалдарды меңгеру үшін анықтамалық таңбалар мен белгілер әдістерін әзірлеп енгізді. Іске асыру туралы сертификат алынды. Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. университеттің кафедраларында аталған технологияны қолдану үйрету туралы университет оқытушылары үшін мастер-класс өткізді. Бүгінгі күні 10-нан астам университеттік кафедралар біз әзірлеген әдісті сәтті енгізді. Білім берудің инновациялық әдістерінің бірі - бұл біздің кафедраға тиесілі және осы технологияны іске асыру актісі алынған ВЭБ квесттарының шешімі. «Модератор институты» жұмыс атауымен инновациялық технология  даму процесінде. Биохимия кафедрасымен бірге «Қабынудың биохимиялық аспектілері» тақырыбы бойынша резиденттерге «Анестезиология, реаниматология, оның ішінде балаларды қоса алғанда» мамандықтары бойынша модульдік бағдарлама жүргізілуде.

Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтауға да инновациялық технологияларды енгізуде. Осылайша, кафедра ұжымы анестезиология және реанимация бөлімшелерінде қазіргі заманғы ингаляциялық анестезиялармен төмен ағымды анестезия, механикалық желдетудің интеллектуалдық режимдері, қан құю технологиялары және өмірлік маңызды функциялардың аппараттық мониторингі секілді әлемдік анестезиология мен реанимацияның заманауи жетістіктерін, балалар мен ересектердегі сепсис жағдайын бағалауға арналған объективтік шкаласы сәтті енгізуде. Кафедра қызметкерлері бірнеше рет Прага, Братислава, Амстердам, Берлин, Зальцбург, Вена, Мәскеу қалаларында халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Кафедраның алты қызметкері Израильде, Америка Құрама Штаттарында және Австрияда машықтанудан өтті.

Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. және кафедра доценті Кокошко А.И. халықаралық ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер мен мамандар қауымдастығының мүшелері. 2013 жылы оларға Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағы берілді. Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. Вернадскийдің күміс медалінің иегері. Кафедра қызметкерлері «Қазақстан Республикасының анестезиология және реаниматология федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады.

Кафедра қызметкерлері анестезиология және реанимация қызметтерін ұйымдастыру стандарттарын, шұғыл медициналық көмек көрсетудің клиникалық хаттамаларын әзірлеуге белсене қатысады.

Кафедраның ғылыми-клиникалық жұмысының негізгі бағыты - қиын жағдайлар туындаған кезде жедел көмек көрсетуді жақсарту жолдарын, анестезиология мен реанимацияны оңтайландыру болып табылады.

2017 жылы біздің қызметкерлеріміз: Малтабарова Н.А., Иванова М.П., ​​Кокошко А.И., Смаилов Ж.Т. Израиль мемлекетінде оқудан өтіп, American Hearth Association қауымдастығының сертификатталған оқытушылары болды, BLS, ACLS бойынша оқыта алады.

Кафедрада «Медицина» мамандығы бойынша 3 PhD докторанттары - Набиев Д.Е., Махмутова Д.Р, Омарова М.Д.  оқып жатыр.

Кафедра қызметкерлері жыл сайынғы «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен жас ғалымдарының халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысады. Кафедра студенттері конференцияға қатысып, нәтижесінде студенттер бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды және ақпаратты өңдеудің және статистикалық деректерді өңдеудің тривиальды емес және инновациялық әдістерін көрсетті.

Кафедра қызметкерлері кафедраның ғылыми қызмет бағыттары бойынша 200-ден астам басылымдарды шығарды. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежесін арттыру мақсатында кафедра магистратура білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Кафедра «Анестезиология, реаниматология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасының аккредитациясынан сәтті өтті. Сыртқы мүдделі тараптармен резиденттік оқу бағдарламасын бағалау жыл сайын жүргізіледі. Кафедра меңгерушісінің атына жұмыс берушілерден резидентура бойынша оқу кезінде жоғары мамандандырылған қызметкерлер дайындағаны үшін алғыс хаттар бар. «Анестезиология, реаниматология, соның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша кафедра әзірлеген жұмыс оқу бағдардамасына оң пікірлер мен рецензиялар алынды.

Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында консультациялық көмек көрсетеді. Пандемия кезінде кафедра қызметкерлерінің 100% - ы практикалық денсаулық сақтауға көмек көрсетуге, консультациялық және тікелей короновирустық инфекциямен байланысты қиын жағдайлардың қарқынды терапиясына қатысты, осыған байланысты олардың  салалық және республикалық  марапаттар мен алғыс хаттар бар.

Балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек кафедрасының даму жоспарында клиникалық базаны кеңейту, бітірушілерді резидентура, магистратура және PhD докторантурада оқуларын  жалғастыруға қабылдау көзделген.

Байланыс

Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64

№ 2 ҚБА, емхана, 4 этаж, В блогы.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика