Кафедра тарихы:
Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасы, бұрынғы факультеттік терапия кафедрасы 1966 жылы 1-ші қалалық аурухана базасында құрылды. Кафедраның негізін қалаушы және оның бірінші меңгерушісі профессор И.А Мельник (1966-1968) болды, кейіннен кафедраны: доцент Кукина Н. П. (1968-1978), доцент Пак М. А. (1979-1999), профессор Сейсембеков Т. З. (2000-2002), профессор Байдурин С. А. (2002-2018) басқарды. Ішкі аурулар кафедрасының құрамына әр жылдары келесі курстар кірді: м.ғ.к. Беспалюк А. Я. басқарған емхана курсы, м.ғ.к. Галустян А.Ш. жетекшілігімен гематология курсы, эндокринология және емдік тамақтану курсы (курс меңгерушісі – доцент Кукина Н. П. және доцент Ибраева М. Т.), кәсіптік аурулар (меңгерушісі м.ғ. к. Журавлев В. И. және доц. Пак М. А.), емханалар және физиотерапия (меңгерушісі доцент Преображенская Л. А.), клиникалық фармакология (меңгерушісі доцент Сон Ен-Ай), әскери-далалық терапия (доцент Комаровер Н.А. және профессор Омарова В.А.), аллергология және иммунология (меңгерушінің м. а. курс ассистенті Долгиева М. Н.), емдік дене шынықтыру және дәрігерлік бақылау курсы (меңгерушісі доцент Ким Л.А.).
2002-2018 оқу жылдары аралығында № 1 ішкі аурулар кафедрасын м.ғ. д., профессор С.А Байдурин басқарды, кейінгі 2018-2019 жылдары кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, м.ғ.к., доцент М.К Жақыпов болды, 2019-2020 оқу жылдары м.ғ.д., профессор Г.К Жүсіпова басқарды, ал 2020-2021 оқу жылында №1 ішкі аурулар кафедрасы нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасы болып өзгертілді және осы оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Төребеков Д.Қ. басқарып келеді.
Мақсаты:
оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес студенттерді оқытудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауын және оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру;
жоғары білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы негізінде магистратурада, докторантурада, резидентурада олардың біліктілігін арттыру;
практикалық денсаулық сақтау үшін іргелі және басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми - зерттеу жұмысының және инновациялық технологиялардың алынған нәтижелерін енгізу;
Қызметі:
кафедраның дайындық бағыттары мен мамандықтары бойынша даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;
кафедра бейіні бойынша жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖМБС сәйкес білім бағдарламаларын іске асыру;
мамандарды даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлеу;
оқу нысандары бойынша сабақтың барлық түрлерін өткізу (4 курс ЖМ – бакалавриат, резидентура, докторантура);
педагогикалық жүктемеге сәйкес кафедра қызметкерлерімен сабақ үлгерімінің электрондық журналының жүргізілуі;
қызметкерлердің оқу, әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмыстарының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау сұрақтары бойынша кафедра отырыстарын және студенттермен тәрбие жұмысын өткізу;
кафедра пәндері бойынша білім бағдарламаларын әзірлеу;
кафедра бейіні бойынша оқу үрдісін кешенді оқу-әдістемелік ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оқу және өндірістік практикаларды жүргізу;
Кафедра қызметі:
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары кәсіби дайындық деңгейіне ие. Кафедрада 8 медицина ғылымдарының докторы, профессорлар; 9 медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер, 16 ассистент және 2 аға оқытушы қызмет етеді. Кафедраның ғылыми дәрежесі 48.5% құрайды.
Қазіргі уақытта кафедрада "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 4-6-7 курс студенттері білім алуда. Кафедра резиденттерді келесі мамандықтар бойынша оқытады: "нефрология ересектер, оның ішінде балалар", "гематология ересектер", "эндокринология ересектер, балалар", "гастроэнтерология ересектер, балалар", "пульмонология ересектер, балалар", "аллергология ересектер, балалар". Студенттерді оқыту 3 тілде жүргізіледі (қазақша, орысша, ағылшынша).
Кафедраның жетекші профессорлары, доценттері КЕАҚ АМУ-де біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.
Кафедраның барлық оқытушыларының біліктілік дәрігерлік санаттары мен мамандардың сертификаттары бар. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде (БҰДСЖ) кафедра қызметкерлерінің 90% жұмыс істейді.
Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтаумен бірлесіп күн сайын үлкен емдеу-консультациялық жұмыс жүргізеді. Кафедраның ПОҚ қатысуымен ғылыми-практикалық, патологиялық-анатомиялық конференциялар, семинарлар, клиникалық профессорлық қарау және консилиумдар өткізіледі. Жетекші қызметкерлер халықаралық деңгейдегі конгресстерде, симпозиумдарда баяндама жасайды. Кафедрада СҒҚ жұмысы белсенді жүргізілуде, ПОҚ басшылығымен бірнеше рет студенттік жұмыстар жүлделі орындарға ие болды.
Кафедра жетістігі:
Жетекші ғылым докторларының, профессорлардың жетекшілігімен бірқатар магистрлік, кандидаттық және докторлық жұмыстар қорғалды. Іс жүзінде барлық қызметкерлер кәсіби қауымдастықтардың мүшелері болып табылады және кафедраның жетекші профессорлары бірқатар кәсіби қауымдастықты басқарады:
Төребеков Д.Қ., "нефрологтар, диализ дәрігерлері және трансплантологтар қоғамы" РҚБ төрағасы, Ресей диализ қоғамының мүшесі; АМУ мен Назарбаев Университеті арасындағы бірлескен "Бүйрек ауруларының биомаркерлері ретінде несеп ақуыздарының механохимиялық қасиеттерін инвазивті емес бағалау үшін бриллюэн-Раман гибридті спектроскопиясын әзірлеу және валидациялау" атты ғылыми жоба басшыларының бірі. Осы жоба бойынша халықаралық деңгейде 2 жұмыс бірлесіп жарияланды. Д.Қ Төребековтың жетекшілігімен 1 кандидаттық диссертация қорғалды, докторлық диссертация тақырыбы бекітілді.
Профессор м.ғ.д., Байдурин С.А., магистратура және докторантура бойынша сапаны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, КЕАҚ "АМУ" дисциплинарлық кеңесінің мүшесі, гематология дәрігерлері РҚБ мүшесі. Жетекшілігімен 2 докторлық диссертация және 3 магистрлік жұмыс қорғалды.
Профессор, м.ғ.д., Мукатова И.Ю., "Респираторлық медицина мамандары қауымдастығының" төрағасы, Еуропалық Респираторлық қоғамның мүшесі, Ресей респираторлық қоғамының мүшесі. Оның жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация, 4 магистрлік жұмыс қорғалды.
Профессор м.ғ.д., Рахметова В.С., гепатологиялық және гастроэнтерологиялық бейіндегі мамандар қоғамын басқарады, КЕАҚ "АМУ" жергілікті этикалық комиссиясының төрағасы, азиялық және еуропалық бауырды зерттеу қауымдастығының мүшесі, еуропалық панкреотологтар клубының мүшесі, түркі әлемі трансплантологтары қауымдастығының мүшесі, қазақ бауырды зерттеу қауымдастығының мүшесі, гастроэнтерологиялық бейіндегі Ресейдің, Беларуссияның, Украинаның медициналық журналдардың редакциялық алқасының мүшесі.
Профессор, м.ғ.д., С.М Саркулова Ресей кардиологиялық қоғамының мүшесі болып табылады, оның басшылығымен 4 магистрлік жұмыс, 2 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.
Профессор, м.ғ.д., Рахымбекова Г.А., ҰТОО резиденттерін аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиясының төрағасы.