Кафедра тарихы
1966 жылы КСРО ДСМ-нің Целиноград мемлекеттік медициналық институтында урология курсымен факультеттік хируригия кафедрасының негізін қалаған әрі алғашқы меңгерушісі болған – медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Александрович Волох.1987 жылы емдік және педиатрия факультеттерінің хирургиялық кафедраларының біріктірілуіне байланысты кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.В.Мун тағайындалды.
1997 жылдан 2003 жылдың желтоқсан айына дейін және 2004 жылдан 2008 жылға дейін кафедра жетекшісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Е.А.Тайгулов болған, ол 2008-2010 жылдар аралығында ғылыми және клиникалық жұмыс бойынша проректор қызметін атқарған; 2010 жылдан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін кафедра меңгерушісі қызметін жалғастырды.
2008 жылдың жетоқсан айынан 2010 жылға дейін кафедра жетекшісі болған – медицина ғылымдарының докторы, профессор О.Г.Цой. Кафедрада ғылыми ізденістер жалғастырылды және хирургиялық инфекциялар, жедел абдоминальді хирургия, қалқанша без аурулары барысында иммунопатогенез гормональді гомеостаз актуальді мәселелері бойынша зертеулермен толықтырылды.
2018 жылдық қыркүйегінен 2021 жылға дейін медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Кожахметов Сакен Кайруллинович кафедра меңгерушісі болған.
Ал 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Омарбеков Ардак Жарылкасынович.
Кафедра мақсаты
Отандық денсаулық сақтау және медицина ғылымы үшін жоғары білікті кадрлар дайындау;
Хирургиялық аурулардың диагностикасы мен емі технологиялары мен әдістерін құрастыру және жетілдіру және басқа ғылыми зерттеулер жүргізу;
Халыққа жоғарыбіліктендірілген және жоғарытехнологиялық медициналық жәрдем көрсету.
Кафедра қызметі
Кафедра қызметкерлері қала халқына, облыс және басқа да ҚР аумағының тұрғындарына 50 жыл барысында біліктендірілген, соңғы 10 жыл барысында – жоғары біліктердірілген хирургиялық қызмет көрсетуде. Кафедра қызметкерлері кеуде және құрсақ қуыстарына күрделі жоғары білікті оперативті араласулар орындайды, және, ең маңыздысы – өз тәжірибесін жас хирург-мамандарға жеткізеді. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері кафедраның клиникалық базасы болыт табылатын хируригиялық бөлімдердің меңгеруші қызметін атқарады.
Клинкалық тәжірибеге хирургиялық ауруларды емдеудің заманауи аспектілері, сонымен қатар базалық хируригиялық бөлімшелерде құрсақ қуысы мен колопроктология патологиялары кезіндегі емнің инновациялық әдістері табысты енгізілді. Сонымен қатар, кафедрада «Ангиохирургия» және «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша резидентураның жаңа білім беру бағдарламалары құрастырылып, енгізілді.
Кафедра тапсырмалары
Мемлекеттік стандарттар негізінде және оқу жоспарында қарастырылған клиникалық пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар жүгізу;
Білімгерлерге және мұғалімдерге арналған кітаптар және оқу-әдістемелік материалдар құрастыру;
Университеттің ғылыми-зерттеулік даму жоспары бойынша, гранттар және басқа да бағдарламалар мен жобалар негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу;
Жоғарыбіліктендірілген және жоғарытехнологиялық хирургиялық көмек көрсету бойынша тұрақты емдік жұмыс.
Кафедра функциялары
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жоғары мамандандаралған және жоғары оқу орнынан кейін білім бағдарламаларының реализациясы;
Кафедра профилі бойынша курстардың жұмыс бағдарламаларын құрастыру;
Кафедра профилі бойынша оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыруды комлексті түрде жүзеге асыру;
Дербес жыл барысында енгізу актісі түрінде құжатпен, фото және/немесе видеоматериалдармен бекітілген инновациялық оқыту әдістерін енгізу: іскерлік ойын, инерактивті дәрістер, синквейндер, және т.б.;
Білімгерлердің оқу материалдарын меңгеруін тездететін заманауи білім беру технологиялары мен оқыту түрлерін құрастыру және қолдану.
Магистратура, резидентура, докторантура негізінде ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауды жүзеге асыру;
Профиль бойынша емдік жұмыстарды жүзеге асыру (науқастар курациясы, түрлі емдік-диагностикалық шаралар мен манипуляцияларды орындау, дәрігерлік біліктілік категориясына сәйкес оталар жасау және ота кезінде ассистент қызметін жасау);
Кафедраның тәрбиелік жұмысы
Кері байланыс мониторингі;
Университет жоспарларын орындау;
Кафедра сапасы аясындағы нысандарға қол жеткізу;
Кафедра жетістіктері
Кафедра қызметкерлері білімгерлерге дәстүрлі және иновациялық оқыту мен білімін бақылау әдістерін кең қолдана отырып, жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде білім беруде. Кафедра қызметінің негізгі көрсеткіші – оқу, емдік және ғылыми үрдістердің бірегейлігі болып табылады. Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлері 90%-ға ғылыми дәрежеге ие: 3 медицина ғылымдарының докторы, 5 медицина ғылымдарының кандидаты, медицина бойынша 3 PhD және 2 докторант, 1 магистрант.
Байланыс:
Астана қ., Р.Қошқарбаев даңғылы 66. ШЖҚ«№1 көпбейінді қалалық аурухана»МКК.