Урология және андрология кафедрасы

Урология және андрология кафедрасы

Басшылық
Жанбырбекұлы Уланбек
кафедра меңгерушісі

доцент, медицина ғылымдарының кандидаты. Бірінші санатты уролог-андролог, аллерголог-иммунолог.. 2005 ж. Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын клиникалық ординатура Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының урология кафедрасында 2005 - 2007 ж.Ж. АМУ урология бойынша күндізгі аспирантура урология және андрология кафедрасы 2007-2010 ж. ж. профессор Хайрли г. З. жетекшілігімен 2010 ж. "қуықасты безі обырының диагностикасын жақсарту"тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Халықаралық және республикалық баспаларда 20-дан астам ғылыми еңбектері жарияланған. 2 оқу құралы бар.

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Урология курсының бірінші меңгерушісі доцент Д.А. Агзамов болды (1972-1996 жж.). 1997-2005 жж. Урология курсының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Е.Ж. Енсебаев болған. 2011 ж. «Астана медицина университет» АҚ-та урология курсы урология және андрология кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның бірінші жетекшісі м.ғ.д., профессор Хайрли Ғафур Зинурович болды. Бүгінгі күні кафедраны м.ғ.к., доцент Жиенбаев Ерсайын Рамазанович басқарып отыр. 

Тапсырмалар

  • кафедрада оқу процесін дидактикалық мәселелерді шешуге, сонымен қатар диагностикалық, емдік және клиникалық мақсаттарға арналған заманауи техникалық құралдарды қолданудың кең мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастыру;
  • студенттердің және кәсіби білімді игеруін бақылау;
  • оқу процесіне медициналық ұйымдардың алдыңғы қатарлы білікті мамандарын тарту: дәрістер оқу, экскурсиялар, сабақтарды жүргізу, клиникалық базаларда мамандықтарды таныстыру;
  • оқытушыларға медицинада денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде жаңа технологияларға сай білім беру мазмұнын өзгертуде көмек көрсету;
  • түрлі мамандандырылған клиникалық бөлімшелер негізінде студенттер және резиденттердің жұмысын ұйымдастыру;
  • оқу-тәрбиелік шараларды өткізу: шеберлік жарыстары, ғылыми-практикалық конференциялар, т.б. 

Мақсаттар

Өзінің кәсіби міндеттерін шеше алатын уролог және андролог дәрігердің кәсіби құзіретін қалыптастыратын негізгі, фундаментальды медициналық білім көлемін қалыптастыру.

Жетістіктер

Урология және андрология кафедрасы мен курсының ұйымдасқанынан бастап әр түрлі уақытта 2 докторлық және 10 кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде 140-тан астам ғылым жарияланым жарық көрді, 3 патент рәсімделді, практикаға 15-тен астам жаналықтар енгізуілді. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары: несеп тас ауруы, зәр шығару-жыныс ағзаларының қабынбалы аурулары, еркек бедеулігі, эректильды дисфункция (Пейрони ауруы) мәселелері.

Студенттердің анкета нәтижелері бойынша білім берудің сапасы мен нәтижелілігіне қанағаттануы 95%-ды құрайды.

Студенттер және резиденттерді, магистранттарды, PhD докторанттарды дайындау 6 клиникалық базада жүзеге асырылады: № 1 қалалық аурухана, Орталық теміржол ауруханасы, ҚР ІІМ емханасының орталық госпиталі, ҚРҚМ бас әскери клиникалық госпиталі, №2 қалалық аурухана, №2 Ақмола облыстық ауруханасы. Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдік және консультациялық жұмысты жүзеге асырады.

Кафедра ай сайынғы урологтар және андрологтар қалалық қоғамының отырыстарын өткізуді жалғастыруда. Барлық оқытушылар білім берудің әдістерін және симуляциялық технологияларды қолдануда, белсенді шығармашылық қызметті жүзеге асырып жүр. 2014-2015 оқу жылында 34 ғылыми жарияланым жарық көрді, екі оқу-әдістемелік құрал, бір оқулық шығарылды.

Кафедрада «Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы» мамандығы бойынша 7 резидент дайындалды, 3 магистрлік диссертация қорғалды. 2 доктарант және 1 магистрант кафедрада білімалуда. 

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан Қошқарбаев к. 66.

8-701-346-48-09

Yersain52@gmail.com

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика