Урология және андрология кафедрасы

Урология және андрология кафедрасы

Басшылық
Жанбырбекұлы Уланбек
кафедра меңгерушісі

Урология және андрология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Жоғары санатты уролог-андролог. 2005 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының онкология кафедрасында клиникалық ординатураны 2005-2007 жж. Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының урология және андрология кафедрасының урология мамандығы бойынша күндізгі аспирантурасын 2007-2010 жж. Профессорлар Тулеуов А.Е. және Хайрли Г.З жетекшілігімен. 2010 жылы «Қуық асты безінің обырының диагностикасын жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Мәскеудегі Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында біліктілігін арттыруды аяқтады. Одан кейін 2016-2017 жылдары Сеул ұлттық университетінің ауруханасының урология бөлімшесінде клиникалық- тәжірибесін өтті. 2018 жылы Австрияның Зальцбург қаласында Еуропалық урология мектебінің семинарында және урология бойынша Вейл Корнелл мастер-классында біліктілігін арттыру курсын өтті. Содан кейін 2018 жылы Геттинген университетінің ауруханасының урологиялық клиникасында « қуық асты безінің аденомасының эндоскопиялық энуклеациясы бойынша тағылымдамадан өтті». 40-тан астам ғылыми жұмыстары халықаралық және республикалық баспаларда жарық көрген. 5 оқу құралы бар. Еуропалық және Америкалық урологиялық қауымдастықтың мүшесі, Халықаралық уролития альянсының мүшесі. «Астана қаласының урологтар мен андрологтар қоғамының» төрағасы.

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Медицина университетінде урология курсы 1972 жылы құрылған. Курстың бірінші меңгерушісі доцент Д.А. Ағзамов, 1972-1996 жылдар аралығында басқарған.

1997-2005 жылдар аралығында урология курсын медицина ғылымдарының докторы, профессор Е.Ж.Енсенбаев басқарды.

2005-2011 жылдар аралығында урология курсын медицина ғылымдарының докторы, профессор Хайрли Ғафур Зинұрұлы

2011 жылы урология курсы Астана медицина университетінің урология және андрология кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Хайрли Ғафур Зинұрұлы болды.

2011-2016 жылдар аралығында урология және андрология кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Жиенбаев Ерсайын Рамазанұлы атқарды.

2016 жылдан бүгінгі таңда кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор Жаңбырбекұлы Ұланбек басқарады.

Кафедраның міндеттері

  • • Клиникалық тәжірибеде оқыту, диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи білім беру технологиялары мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру.

    • Студенттер мен резиденттерде заманауи денсаулық сақтау талаптарына сай әмбебап және кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуы мен дамуын бақылау.

    • Медициналық ұйымдардың жетекші мамандарын оқу үдерісіне белсенді тарту: дәрістер, шеберлік сабақтары, экскурсиялар, клиникалық базалар мен жаңа технологиялардың таныстырылымдарын өткізу, оқу бағдарламаларын жаңартуға консультативтік көмек көрсету.

    • Теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіру мақсатында мамандандырылған клиникалық бөлімшелер базасында студенттер мен резиденттер үшін практикалық сабақтарды ұйымдастыру.

    • Оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу: кәсіби шеберлік конкурстары, ғылыми-практикалық конференциялар, тренингтер, семинарлар және студенттердің кәсіби әрі жеке қасиеттерін дамытудың басқа да нысандары.

    • Оқыту үдерісіне оқытудың инновациялық әдістерін, оның ішінде симуляциялық технологияларды енгізу.

    • Урология және андрология саласында студенттер мен резиденттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту.

     

Мақсаттар

Заманауи медицина жағдайында диагностикалық, емдік және ғылыми мәселелерді тиімді шешуге қабілетті уролог пен андрологты даярлау үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамыта отырып, негізгі және іргелі медициналық білімдерді қалыптастыру.

Жетістіктер

Урология және андрология курсы мен кафедрасы ұйымдастырылған сәттен бастап әр кезеңде кафедра қызметкерлері 2 докторлық, 5 PhD және 10 кандидаттық диссертация қорғады. 2024–2025 оқу жылындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша Scopus және WoS деректер базаларында индекстелген 20-дан астам ғылыми мақала жарияланып, 1 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді, 4 жаңа білім беру технологиясы енгізілді. Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары — несеп-тас ауруы, несеп-жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, ерлер бедеулігі, эректильді дисфункция (Пейрони ауруы), урология және андрология саласындағы іргелі зерттеулер.
Кафедра қызметкерлері 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулерге қатысады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі): BR25593457 «Кіндік бауының мезенхималық дің жасушаларынан экзосомаларды бөліп алу жинағын әзірлеу — терапиялық және зерттеу мақсаттарында қолдану».
Оқытудың сапасы мен тиімділігіне қанағаттанушылық деңгейі студенттер сауалнамасының нәтижелері бойынша 96%-ды құрайды.
Студенттер мен резиденттерді оқыту келесі 6 клиникалық база негізінде жүзеге асырылады: №1 қалалық аурухана, Орталық жол ауруханасы, ҚР Ішкі істер министрлігінің емханасы бар орталық госпиталь, ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі, №2 қалалық аурухана, Ақмола облыстық №2 ауруханасы. Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Кафедра қала урологтары мен андрологтары қоғамының ай сайынғы отырыстарын өткізуді жалғастыруда. Барлық оқытушылар белсенді оқыту әдістерін және симуляциялық технологияларды қолданып, баспа ісіне белсене атсалысады.
Кафедрада ғылыми үйірме жұмыс істейді, онда студенттер мен резиденттер ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысады.
Күндізгі бөлім оқытушыларының ғылыми дәрежелілік деңгейі — 76,9%, кафедраның мамандану көрсеткіші — 92%-ды құрайды.
Қазіргі таңда кафедрада «Урология және андрология, (ересектер мен балалар)» мамандығы бойынша 27 резидент, сондай-ақ «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1 магистрант білім алуда.

 

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан Қошқарбаев к. 66.

8-701-346-48-09

Yersain52@gmail.com

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика