Құрылу тарихы
Клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасы жалпы және клиникалық фармакология кафедрасын қайта құрастыру нәтижесінде 2011 жылы ұйымдастырылды. Кафедраны м.ғ.д., профессор, клиникалық фармаколог және жоғары білікті кардиолог Мажитов Т. М. басқарды. 2014 жылы «Интернатурадан клиникалық фармакология» кафедрасына өзгертіліп, меңгерушісі м.ғ.к. Дюсембаева Н.Қ. басқарды.
2017 және 2018 жылдары «Клиникалық фармакология» кафедра жалпы фармакология және ішкі аурулар мен кардиология кафедраларының құрамында курс болып кірді.
2019 жылы қыркүйектен бастап Ахмадьяр Н.С. басқаруымен өз алдына «Клиникалық фармакология» кафедрасы болып ұйымдастырылды.
Мақсаттар
клиникалық фармакология саласында терең білімі бар және оларды ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін қолдана білетін жоғары білікті мамандарды дайындау. Кафедраның негізгі аспектілеріне кіретіндер:
1. Оқу қызметі бойынша:
-
Клиникалық фармакология бойынша студенттерге, интерндерге және клиникалық фармакологтарға теориялық және практикалық дайындықты қамтамасыз ету.
-
Студенттердің науқастың ерекшеліктерін және дәлелдемелік базаны ескере отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2. Ғылыми жұмыс:
-
Дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігін және өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізу.
-
Дербестендірілген фармакотерапияның жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу.
3. Білімді практикада қолдану:
-
Ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізу.
-
Дәрілік терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында мамандарды түзету әдістеріне оқыту.
4. Ұтымды фармакотерапияны насихаттау:
-
Дәлелді медицинаны қолдау.
-
Практикалық медицина дәрігерлерінің заманауи фармакологиялық тәсілдер туралы хабардарлығын арттыру.
Қызмет
Кафедра «Клиникалық фармакология» пәні бойынша келесі мамандықтар бойынша білім береді: ЖТД мен педиатрия (7 курс), 1-2 курс резиденттері, магистранттар мен докторанттарға оқуға арналған сәйкес пәндер. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша резидентура, «Медицина» мамандығы бойынша докторант PhD жмен магистратура, сонымен қатар «Фармация» мамандығының бакалавриаттары үшін 4 және 5 курсқа арналған таңдау пәндері бар.
Кафедраның жұмыс барысында 2 докторант PhD: Ихамбаева А.Н. мен Нұрпейісова А.А. және 3 магистрант, сонымен қатар «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша 25 резидент бітірді, олар қазіргі уақытта әртүрлі медициналық ұйымдарда жұмыс істейді.
Ағымдағы оқу жылында кафедрада клиникалық фармакология мамандығы бойынша 35 резидент (2 курста 10 резидент және 1 курста 25 резидент) білім алуда.
Жетістіктер
Резидентура бойынша мамандандырылған аккредитация куәлігі 27.05.2021 жылғы IAAR НУ «Аккредитация мен рейтингтен тәуелсіз агенттік» № АВ 3478.
2021, 2022, 2023, 2024 жылдары жылсайынғы Қазақстанда клиникалық фармакология Конгресстеріне қатысу және ұйымдастыру.
Кафедра қызметкерлері «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша білім бағдарламаларының тәуелсіз аккредитациясына қатысады.
Кафедра қызметкерлері тәуелсіз медициналық сараптамаларға қатысады.
Кафедра қызметкерлері ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларын жасауға қатысады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығына қатысуы.
Кафедраның Астана қаласындағы жоғары мамандандырылған медициналық ұйымдарда 13 клиникалық базасы бар, оларда «Клиникалық фармакология» бейіні бойынша медициналық көмек көрсетіледі және кафедра резиденттері практикалық дағдыларға оқытылады.
Байланыс деректері
Мекен жайы: ул. Бейбитшилик 49А
Ахмадьяр Нуржамал Садырқызы, e-mail: akhmadyar.n@amu.kz
Бүркітбаева Сәуле Сәлімқызы, e-mail: burkitbayeva.s@amu.kz
Макалкина Лариса Геннадиевна, e-mail: makalkina.l@amu.kz
Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы, e-mail: ikhambayeva.a@amu.kz