«№1 Отбасылық медицина» кафедрасы

«№1 Отбасылық медицина» кафедрасы

Басшылық
Абишева Сауле Тлеубаевна
кафедра меңгерушісі

медицина ғылымдарының докторы, «Травматология және ортопедия» журналының редакциялық коллегиясының мүшесі, 150 астам ғылыми жұмыстардың, 3 оқу әдістемелік құрал және нұсқаулық пен 1 монографияның авторы. Марапат иегері болып табылады: Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз адал еңбегі үшін және Медицина қызметкері күніне орай» Құрмет грамотасы; Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды; «Alma mater» атағын шығарған және оның абыройын көтеруге үлесін қосқан ең көрнекті университетінің үздік түлегі «Құрмет түлек» төс белгісімен марапатталды.

Құрылу тарихы

Кафедра ҚР ДСМ-нің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Жалпы дәрігерлік практика» мамандандырылуының 2017 жылғы МЖБС талаптарына сәйкес  теориялық және практикалық дайындығы, кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдысына ие болған мамандарды  даярлауға бағытталған кафедра. Кафедра 7 курс интерндеріне «Жалпы дәрігерлік практика» негізгі пәндері бойынша «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы жұмысын ұйымдастыру, «Педиатрияның заңды аспектілері және өзекті мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы пульмонология және кардиология мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы гастроэнтерология, нефрология және ревматология мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы гематология, эндокринология және тері- венерология мәселелері», және электив: «Педиатриялық практикаға тиісті ЖПД жұмысының өзекті мәселелері», модуль компоненттері: «Педиатриялық учаскені ұйымдастыру және медициналық құжатнаманы жүргізу», «Педиатриялық практикадағы коммуникативік машықтар», «ЖПД жұмысындағы балалардың жұқпалы ауруларының ажыратпалы диагностикасы», « Амбулаториялық деңгейде жасалатын балалар хирургиясының өзекті мәселелері», пәндері бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми-ізденіс және емдік-кеңес беру қызметтерін жүзеге асырады. 2012 жылдан бері кафедрада «Ревматология» мамандығы бойынша резиденттер және «Медицина» мамандығы бойынша магистранттар оқытылуда. 2014-2015 оқу жылында «Жалпы дәрігерлік практика»мамандығы бойынша 120 дәрігер-интерн бітірді, «Ревматология» мамандығы бойынша 4 резидент және«Медицина» мамандығы бойынша 2 магистрант бітірді. 2015-2016 оқу жылында 7- курста 157 дәрігер-интерн және 8 резидент оқып бітірді. 2016-2017 оқу жылында 7- курста 349 дәрігер-интерн және 1-ші, 2-ші оқу жылындағы «Ревматология» мамандығы бойынша 5 резидент және «Медицина» мамандығы бойынша 1 магистрант оқып жатыр. Мұғалімдер мен практикалық дәрігерлердің бірігіп жұмыс жасауы – клиникалық базада емдік-профилактикалық мәселелерді тез шешуге және интерндер, резиденттер мен магистранттардың бұл мәселелерге араласып, өз ойларын айтуға, тәжірибе жинауға септігін тигізіп жатыр.

Мақсаттар

  • кәсіптік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін, профилактикалық, диагностикалық, терапевтік және оңалту шараларын дербес жүргізу үшін қажетті білім, дағдылар мен практикалық дағдыларға ие білікті, бәсекеге қабілетті мамандар - жалпы тәжірибелік дәрігерлер (отбасылық дәрігер) даярлауды қамтамасыз ету.
  • корпоративтік мәдениет пен сапа мәдениетін дамыту;
  • сапаның жақсаруы үшін инновациялық технологияларды енгізу;
  • материалдық-техникалық базаны дамыту және ресурстарды тиімді қолдану.

Функциялар

  • науқастарды амбулаториялық қабылдау;
  • емханадағы күндізгі стационарда науқастарға күтім жүргізу;
  • дәрігерлерге емдік-диагностикалық мәселелер бойынша  консультациялық көмек көрсету;
  • өте ауыр жағдайдағы науқастарды  профессорлардың тексеріп шығуы және консилиумға қатысуы;
  • клиникалық базада дәрігерлерге арналған семинарлар, дәрістер және мастер-кластар өтіп тұрады;
  • диспансеризация тиімділігі, медициналық көмек көрсету сапасы, есептік-тіркеу құжаттарының дұрыс толтырылуын қадағалау бойынша амбулаториялық медициналық  карталарды тәуелсіз сараптау.

Қызмет

Кафедраның  негізгі емдеу жүйесіндегі бағыттамалары:

  • науқастарды амбулаториялық қабылдау;
  • емханадағы күндізгі стационарда науқастарға күтім жүргізу;
  • дәрігерлерге емдік-диагностикалық мәселелер бойынша  консультациялық көмек көрсету;
  • өте ауыр жағдайдағы науқастарды  профессорлардың тексеріп шығуы және консилиумға қатысуы;
  • клиникалық базада дәрігерлерге арналған семинарлар, дәрістер және мастер-кластар өтіп тұрады;
  • диспансеризация тиімділігі, медициналық көмек көрсету сапасы, есептік-тіркеу құжаттарының дұрыс толтырылуын қадағалау бойынша амбулаториялық медициналық  карталарды тәуелсіз сараптау ;

Кафедраның ғылыми бағыты: «Қазіргі таңдағы ревматологияның өзекті мәселелері».

Кафедра қала тұрғындарына тәжірбиелік емдік-кеңесестік көмек көрсетеді.

Интерндер кафедрада білім ала жүре, күнделікті ересектер, балалар, жасөспірім және жүкті әйелдерді амбулаторлық қабылдауға,  науқастарды күндізгі стационарда  және үй жағдайында бақылауға, босанғандарға біріншілікті патронаж  жасауға мүмкіндігі бар. Доценттер мен профессорлар қарауына, науқастрады клиникалық талқылауына, клиникалық конференцияларға қатысуға, профилактикалық және санитарлық-ағарту мен Денсаулық мектебі жұмысына, скрининг бағдарламасына, иммунопрофилактикаға, ем-шара және рентгенологиялық, функционалды диагностика кабинеттерінде, фильтрде, қабылдау бөлімі жұмысына қатыса алады.

Кафедра  7 курс интерндеріне «Жалпы дәрігерлік практика» негізгі пәндері бойынша  «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы жұмысын ұйымдастыру, «Педиатрияның заңды аспектілері және өзекті мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы пульмонология және кардиология мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы гастроэнтерология, нефрология және ревматология мәселелері», «Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы гематология, эндокринология және тері- венерология  мәселелері», және элективтік пән: «ЖПД жұмысындағы ересек тұрғындардың өзекті мәселелері», модуль компоненттері: «ЖПД жұмысындағы егде жастағы науқастарды жүргізу ерекшеліктері», «ЖПД жұмысындағы электрокардиография диагностикасының мәселелері», «ЖДП жұмысындағы клиникалық фармакология» пәндері бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми-ізденіс және емдік-кеңес беру қызметтерін жүзеге асырады.

2012 жылдан бері кафедрада «Ревматология» мамандығы бойынша резиденттер және «Медицина» мамандығы бойынша магистранттар оқытылуда.

2016-2017  оқу жылында  7- курста 349 дәрігер-интерн және «Ревматология» мамандығы бойынша  5 резидент және «Медицина» мамандығы  бойынша  1 магистрант дайындалды.

2017-2018 оқу жылында  7- курста 252 дәрігер-интерн және «Ревматология» мамандығы бойынша  2  резидент және «Медицина» мамандығы  бойынша  1 магистрант дайындалды, «Ревматология» мамандығы бойынша  6  резидент және «Медицина» мамандығы  бойынша  1 магистрант оқып жатыр.

2018-2019 оқу жылында  6-7- курста 210 дәрігер-интерн және 2-ші оқу жылындағы «Ревматология» мамандығы бойынша  6 резидент, «Медицина» мамандығы  бойынша  2 магистрант және 1 докторант оқып жатыр.

2019-2020 оқу жылында  6-7- курста 136 дәрігер-интерн және 1-ші оқу жылындағы «Ревматология» мамандығы бойынша  2 резидент, «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша 28 резидент, «Медицина» мамандығы  бойынша  2 магистрант және 1 докторант оқып жатыр.

Мұғалімдер мен практикалық дәрігерлердің  бірігіп жұмыс жасауы – клиникалық базада емдік-профилактикалық мәселелерді тез шешуге және интерндер, резиденттер мен магистранттардың бұл мәселелерге араласып, өз ойларын айтуға, тәжірибе жинауға септігін тигізіп жатыр.

Интерн-дәрігерлердің клиникалық дайындықтары мына клиникалық базаларда жүргізіледі:

  • «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты», Абылай хан даңғылы, 15А
  • «№1 қалалық емхана» ШЖҚ  МКК, Сейфуллин көшесі, 28
  • «№4 қалалық емхана» ШЖҚ  МКК, Тарас Шевченко көшесі,1
  • «№5 қалалық емхана» ШЖҚ  МКК, Ақан сері көшесі, 20
  • «№8қалалық емхана» ШЖҚ  МКК, Сембинов көшесі, 4/1
  • ОДА «Салауат Астана» 11 көшесі-23
  • ОДА «Салауат Астана» Қошқарбаева көшесі,41
  • «Медициналық Университет Астана» Медициналық орталығы, Сарыарқа даңғылы, 33

Жетістіктер

Оқу процесіне  кафедра қызметкерлерімен  әртүрлі инновациялық білім беру және интерндердің білімі мен дағдыларын бақылау әдістері енгізілген:

  • Көпшілік таңдау тесті (MSQ);
  • Объективті құрылымды клиникалық емтихан (OSCE);
  • Топтық-бағдарланған оқу әдістемесі(Team Based Learning - TBL);
  • Қысқа форматтағы клиникалық емтихан (miniСEX);
  • Ұзақ форматтағы клиникалық емтихан – науқасқа курация.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ, Сарыарқа ауданы, Тарас Шевченко көшесі, 1үй ГКП на ПХВ «№4 қалалық емхана», «Отбасылық медицина №1» кафедрасы, кабинет 220.

автобустар №17, 1 аялдама «№4 қалалық емхана».

e-mail: kaf.ovp.int@amu.kz

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика