NURIS инновациялық кластері студенттерге арналған стартаптарды дамытудың тегін бағдарламаларын жүзеге асырады
NURIS инновациялық кластері студенттерге арналған стартаптарды дамытудың тегін бағдарламаларын жүзеге асырады

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның әртүрлі өңірлерінен инновациялық жобалық қызметке қабілетті студенттердің, жас ғалымдар мен кәсіпкерлердің инновациялық идеяларын қолдау жүйесін құру болып табылады.
Бағдарлама аясында бірінші кезең ретінде ABC Weekend өткізіледі. ABC Weekend-бұл инновациялық және технологиялық бизнес-идеяларды қалыптастыру және жақсарту жөніндегі екі күндік офлайн іс-шара, оның барысында қатысушылар сарапшылардан кері байланыс, менторлар мен табысты кәсіпкерлерден консультациялар алады, өз стартапының нақты көрінісін қалыптастырады. ABC Weekend қорытындысы бойынша үздік стартаптар бағдарламаның 2-ші кезеңіне өтеді және 2 миллион теңгеге дейін PRE-seed қаржыландыруды алу мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарлама аясында өңірлерде стартап-экожүйені дамыту үшін NURIS Шымкент, Атырау, Алматы және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында ABC Weekend өткізді.
2022 жылғы 27-28 тамызда NURIS Нұр-сұлтан қаласында ABC Weekend өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, сіздердің ЖОО-ң оқушыларын 2022 жылғы 27-28 тамызда Нұр-сұлтан қаласында ABC Weekend-ге тартуға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз және көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз.