2022 жылғы 07-11 қараша аралығында жас педагог мектебі аясында "Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы" атты семинар өтті. Жас педагог мектебі университеттің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жас педагог мектебі жұмысының мақсаты - педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, оқытушыларға оқу сабақтарын дайындау мен өткізуге, оқу-әдістемелік материалдар мен аудиториядан тыс іс-шараларды әзірлеуге көмек көрсету.
Міндеттері: - жас оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
- жас оқытушылардың университеттегі педагогикалық қызметке бейімделу процесін жеделдету;
– кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау: ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру, педагогикалық шеберліктің өсуі;
- жас оқытушылардың кәсіби қалыптасу жүйесін құру;
- жоғары мектеп жағдайында жас оқытушылардың жеке дамуына және кәсіби өсуіне ықпал ету;
- бірлескен педагогикалық қызметте тәжірибелі және жас оқытушылардың нәтижелі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- жас оқытушыларды Қазақстанда және шетелде жоғары кәсіптік білім берудің даму үрдістерімен, білім беру жүйесі функциясының құқықтық және нормативтік негіздерімен таныстыру;
- жоғары кәсіптік білім берудегі инновациялар саласындағы білімді өзектендіру және дамыту;
- жас оқытушыларға ЖОО-да педагогикалық жұмыстың практикалық дағдыларын үйрету, дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологияларды игеруге ықпал ету;
- тәжірибелі доценттер мен профессорлардың педагогикалық шеберлігін тарату (насихаттау) ;
- жас оқытушылардың оқу процесінде кәсіби, әдістемелік проблемаларды анықтау және оларды шешуге көмек көрсету.
Осы семинарды өткізуге дәріскерлер ретінде "Астана медицина университеті" КЕАҚ қызметкерлері тартылды:
"Тиімді оқытушы" құзыреті бойынша:
Асемова Гүлжан Данкибекқызы-м.ғ. к., микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті. Ш. И. Сарбасова;
- Проблемалық-бағдарланған оқыту – (PBL-problembasedlearning)
Жаналиева Марина Кубеновна-Адам анатомиясы кафедрасының профессорының м.а, PhD, № 2 отбасылық медицина кафедрасының доценті
-"RBL"құзыреті бойынша:
"Коммуникативтік дағдылар" құзыреті бойынша:
- Қуанышбаева Гаухар Серікқызы-PhD, медицина негіздері кафедрасының меңгерушісі;
-CBL (cased-based-learning)құзыреті бойынша
Бекишева Айжан Тәңірбергенқызы-PhD, онкология кафедрасының ассистенті
- Құзыреті бойынша Студент - орталықтандырылған оқыту
Жүнісова Айгүл Битімбайқызы - аккредиттеу және рейтинг орталығының басшысы