Студенттер өздерінің патологияларын зерттеп, емдеу әдістерін әзірлейді

Студенттер өздерінің патологияларын зерттеп, емдеу әдістерін әзірлейді

      Профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасында «Салауатты университет» бағдарламасы бойынша студенттердің денсаулығын жақсарту шаралары жүргізілуде.

«Нутрициология» сабағында гастрит, холецистит, панкреатит сияқты асқазан-ішек жолдарының патологиясы, сондай-ақ қан аздық, дене салмағының аздығы және семіздік, қант диабеті аурулары бар 2-5 курс студенттеріне кафедра мамандары арнайы диета құрастыру шараларын жүргізеді.

Дене шынықтыру сабағында 1 курс студенттерінің денсаулық жағдайы, яғни бойы, салмағы, дене салмақ индексі, қан қысымы, пульс, динамометриясы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сколиозды, дене қалпының бұзылуын, кеуде қуысының деформациясын, плоскостопияны анықтаған жағдайда, диагнозды растау мақсатында студенттер рентгендік зерттеуге жіберіледі.

Студенттер өздерінің патологияларын зерттеп, емдеу әдістері туралы реферат дайындайды. Ұстаздарының бақылауымен сколиозды түзету үшін емдік диета немесе жаттығулар кешенін құрастырады және мұны дене шынықтыру сабағы барысында жасайды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика