Рейтингтік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялағаны үшін "Астана медицина университеті" КЕАҚ қызметкерлеріне кезекті ынталандыру төлемі жүргізілді

Рейтингтік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялағаны үшін "Астана медицина университеті" КЕАҚ қызметкерлеріне кезекті ынталандыру төлемі жүргізілді

     
       Астана медицина университетінің қызметкерлері Web of Science және Scopus-та индекстелетін журналдарда ғылыми мақаланы жариялағаны үшін кезекті ынталандыру төлемін алды.

Ағымдағы жылдан бастап университеттің барлық қызметкерлері үшін ставканың мөлшеріне, ғылыми дәрежесінің болуына қарамастан, Q1-Q4 квартилімен ғылыми журналдарда мақалалар жариялағаны үшін ынталандыру төлемдерін алуға мүмкіндік берілді.

Журнал квартилін ескере отырып, ғалымдардың авторлық ұжымдары 50-ден 200-ге дейінгі айлық көрсеткіште (159 мың теңгеден 636 мың теңгеге дейін) төлем ала алады. Журналдардағы мақалалар үшін – медициналық журнал (The New England Journal of Medicine, The Journal of the American Medical Association, British Medical Journal, Annals of Internal Medicine, Lancet), сондай-ақ Science және Nature журналдары үшін 1000 АЕК-ке дейін (яғни 3 180 000 теңге) төленеді.

Ағымдағы жылы университет автор – қызметкерлеріне 39,4 млн.теңгеден астам көлемде мақалалар жариялағаны үшін ынталандыру төлемдері жүргізілді.

Кезекті ынталандыру төлемі шеңберінде 2022 жылдың қараша айында 20 жарияланым үшін төлемдер жүргізілді. Бұл ретте жарияланған мақалалардың санын ескере отырып, жекелеген қызметкерлер 1 миллион теңгеден астам ынталандыру төлемдерін алды.

Университет қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігін талдау нәтижелеріне сәйкес 2022 жылғы III тоқсанның соңындағы жағдай бойынша ғылыми мақалалардың саны мен сапасының өсуінде оң үрдіс байқалады, бұл Q1-Q2 квартильдері бар жарияланымдар үлесінің артуымен айғақталады.

«Астана медицина университеті» КеАҚ қызметкерлерінің Web of Science және Scopus-та индекстелетін журналдардағы ғылыми мақалаларының тізбесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://amu.edu.kz/ru/science/Publications-of-scientists/?changeLang=true



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика