31 наурызда Астана медицина университетінде «Анатомия әлемі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция А.Б. Әубәкіров атындағы адам анатомия кафедрасында бірнеше ай бойы өткізілген жобаның қорытыңдысы болып табылады – студенттер оқытушылардың жетекшілігімен анатомиялық препараттарды дайындап оларды конференция қатысушыларына ұсынды. Бұл жоба болашақ дәрігерлердің анатомияны зерттеуге қызығушылығын арттыру және анатомиялық мұражайдың көрнекі материалдар қорын толықтыру мақсатымен өткізілді. Студенттер анатомиялық препараттарды дайындау және сақтау дағдыларын меңгере отырып, өздерінің тәжірибелік дайындығын арттырды.
«Анатомия әлемі» жобасы аясында 300-ге жуық студент қатысып 100-ден астам ылғалды мұражай препараттарын, сүйек препараттарын және анатомиялық препараттарды қалпына келтіріп жасады. Біздің студенттер препараттарды дайындауда үлкен қызығушылық, табандылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, өз бетінше жұмыс істеу және топтық жұмыс дағдыларын меңгерді. Жасаған препараттарды дайындау және сипаттау процесінде, студенттер анатомиядан алған білімдерін тереңдете түсті. Студенттердің жетекшілермен бірлескен жұмысы студенттер мен оқытушылар арасында сенім мен өзара түсіністіктің қалыптасуына ықпал етті.
«Анатомия әлемі» жобасын жүзеге асыру барысында ылғалды мұражай препараттарды жасау дағдыларын бекіту мақсатында адам А.Б. Әубәкіров атындағы анатомия кафедрасында оқытушылар мен студенттердің белсенді қатысуымен М.Оспанов атындағы БҚМУ әріптесіміз, қалыпты және топографиялық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының аға оқытушысы Жұмабай Нұрқанат анатомиялық препараттарды сақтау әдістері туралы академиялық ұтқырлық бойынша бір апталық шеберлік сабағын өткізді.
Конференция жұмысына клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Газалиева М.А. мен қаржы-экономикалық және шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректор Мараджапов Б.И. белсене қатысты, олар комиссия құрамында студенттеріміздің барлық жұмыстарымен мұқият танысып бағалады. Үздік жұмыстар университет басшылығы мен кафедра грамоталарымен және сертификаттарымен марапатталды. Конференция қызықты және нәтижелі өтті, студенттер мен оқытушылар көптеген жарқын жағымды әсерлер алды.
Студенттердің үздік жұмыстары:
103 «Жалпы медицина» - Қуаныш Беатрис (жетекшісі Жаналиева М.Қ.): Базальды ядролар,
202 «Стоматология» - Амантөлеуов Рамазан, Ермек Мұхаммеджан Амантаев Батырхан (жетекшісі Орынбек О.Д.): Шайнау бұлшықеттері бар бас сүйегінің бет бөлігі;
128 «Жалпы медицина» - Таңатқызы Фатима , Байнабаева Жансая , Хасенова Жанерке (жетекшісі Орынбек О.Д.): Ішастар.