"Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

"Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

"Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылғы 12-13 сәуірде «Астана медицина университеті» КЕАҚ Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған «Ғылым және жастар: ғылыми жаңалықтар мен перспективалар» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның пленарлық отырысында ғылымның өзекті бағыттары талқыланады. Мәселен, генетикалық зерттеулер, UNHS Big Data көмегімен жұқпалы және созылмалы жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы, мезенхималық дің жасушаларын әлеуетті пайдалану және т.б. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің, Ұлттық биотехнология орталығының, Профилактикалық медицина академиясының, Ариэль университетінің (Израиль) ғалымдары баяндама жасайды.

Конференцияға Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің (Түркия, Өзбекстан, Беларусь, Ресей) оқушылары, студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары қатысады. Сонымен қатар, конференцияның пленарлық отырысында «Жас дарын» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.

Конференция үш тілде өтеді: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49 «А», мәжіліс залы

Конференцияға онлайн қатысу үшін сілтемеге өтіңіз: https://amu1.webex.com/amu1-ru/j.php?MTID=mb67931a62ae55527ba0f28007a4530cc

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика