Өзбекстандық профессор Ш.Б. Рахматуллаеваның сапары

Өзбекстандық профессор Ш.Б. Рахматуллаеваның сапары

2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында Ташкент медицина академиясының жұқпалы және балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Шахноза Бахадирқызы Рахматуллаева «АМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасына келді. Профессор Ш.Б. Рахматуллаева 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, 5 ғылыми патентке авторлық куәлігі бар. Шахноза Бахадирқызы – 20 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер, практикалық денсаулық сақтау саласында жұқпалы нозологиялар бойынша: вирусты гепатит, АИТВ инфекциясы, бруцеллез, жіті ішек инфекцияларының ауыр түрлері, соның ішінде аса қауіпті инфекциялар (холера), гельминтоздар, паразитоздар бойынша кеңестер береді. Еуропалық балалар жұқпалы аурулары қауымдастығының, Еуро-Азия жұқпалы аурулар қауымдастығының мүшесі, CDC жаттықтырушысы.
          Клиникалық тәжірибе алмасумен қатар, визиттік бағдарламасы аясында балалардың жұқпалы ауруларын оқытудың инновациялық әдістері (имитациялық технологиялар, SWOT-талдау, Problem solution, Problem based learning, FILA кестесі), мұғалімдердің оқу-әдістемелік және клиникалық әлеуетін арттыру, оқытушы-профессорлар құрамының клиникалық және педагогикалық әлеуеттерін арттыру мәселесі талқыланды. Жұмыстардың нәтижелері бойынша медициналық білім беру саласында (имитациялық технологияларды қолдану) ғылыми жарияланымдарды шығару, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, балалардағы COVID-19 және ковидтан кейінгі синдром тақырыбы бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығымен алмасу жоспарланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика