Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы

Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы

Құрметті ақылы негізде оқитын студенттер, интерндер мен магистранттар!
 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 15-мамырдан 16-маусымға дейін (бакалавриат студенттері және интерндер үшін), және де 2023 жылғы 26-маусымнан бастап 07-шілдеге дейін (магистранттар үшін) жүзеге асырылады. Өтініштер мен құжаттарды қабылдауды тиісті мектептер жүзеге асырады.
Құжаттар тізімі:
1) үлгіге сәйкес өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) әлеуметтік-осал санаттағы білім алушылар үшін дәлелдемелі құжаттар:
- толық емес отбасы/асыраушысынан айырылған;
- мүгедек-студент;
- ата-анасы/ата-анасының бірі мүгедектер және/немесе зейнеткерлер;
- көпбалалы отбасы (18 жасқа толмаған 4 және одан көп баласы бар);
- ата-анасынан/қамқоршысының айырылған студент;
4) Әкімдіктер және/немесе өзге де ұйымдар есебінен ақылы негізде білім алушылар бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін оқуға ақы төлейтін тараптан рұқсат берілген келісім-хат (әкімдіктер/өзге де ұйымдар есебінен ақылы негізде оқитын студенттер үшін).    
        2023 жылғы 15 мамырдағы мамандықтар мен оқу курстары бөлінісінде 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарының саны:
1) «Мейірбике ісі» мамандығы: 2 курс – 2 грант.
2) «Стоматология» мамандығы: 1 курс – 1 грант;
3) «Педиатрия» мамандығы: 2 курс – 2 грант.
4) «Жалпы медицина» мамандығы:
1 курс – 4 грант;
2 курс – 1 грант;
3 курс – 1 грант;
6 курс – 3 грант.
 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика