Астанада "Эндокринологияның өзекті мәселелері. Клиникалық үлгідегі тәжірибе мен инновация" атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астанада "Эндокринологияның өзекті мәселелері. Клиникалық үлгідегі тәжірибе мен инновация" атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2023 жылғы 19-20 мамыр күндері Астана қаласында "Астана медицина университеті" КеАҚ мен "Астана қаласының эндокринологтар қоғамы" қоғамдық бірлестігі бірлесіп "Эндокринологияның өзекті мәселелері. Клиникалық үлгідегі тәжірибе мен инновация" атты IV Халықаралық конференция өткізді.

Аталған конференцияны өткізудің өзектілігі эндокриндік жүйесінің жұмысы бұзылған науқастардың көбеюінен туындап отыр. Эндокриндік жүйе аурулары арасында әлеуметтік маңызды аурулар қатарында қант диабеті, семіздік, қалқанша без және бүйрек үсті безі аурулары, рупродуктивтік жүйе қызметінің бұзылулары жатады. Қазақстан Республикасындағы қант дибетіне шалдыққандар саны соңғы 10 жылда 2 есеге өскен және 400 000 адамға жеткен. Халықаралық сарапшылар келтірген деректер бойынша Қазақстанда қант дибетімен ауыратындар саны 2030 жылы 800 мыңнан асып кетуі мүмкін.

Қалқанша без қызметінің бұзылулары бар және бүйрек үсті безі қызметінің бұзылуы мен гипофизге шалдыққан пациенттер санының да өсуі байқалады. Сондықтан да эндокринология мәселелеріне арналған ғылыми форумдар өткізу өте өзекті болып отыр.

Конференцияда Эндокринологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан, Ресей, Швеция ғалымдары мен дәрігерлері қант диабеті, семіздік, гипофиз, бүйрек үсті безі аурулары бар, өсудің, дамудың және жыныстық жетілу қызметі бұзылған және т.б. күрделі аурулары бар пациенттерді басқарудың өзіндік және халықаралық тәжірибесін ұсынды. Сонымен қатар диагностика мен емдеудің инновациялық әдістері талқыланады.

Конференцияда Қазақстанның жас ғалымдары мен дәрігерлерінің өз тәжірибесінен алынған клиникалық мысалдарға негізделген баяндамалары оқылды. Конференцияға дәрігер-эндокринологтармен қатар, кардиологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы практика дәрігерлері, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылар қатысты.

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика