Бүгін, 30-мамыр күні Астана қаласында Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі өз жұмысын бастады

Бүгін, 30-мамыр күні Астана қаласында Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі өз жұмысын бастады

Бүгін, 30-мамыр күні Астана қаласында Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі өз жұмысын бастады

Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті ұйымдастырды. Осымен сегізінші рет қатарынан Астанада өткізіліп отыр.

Әдеттегідей дерматовенерология мен дерматокосметология саласының әлемдік және отандық үздік мамандарының басын қосты.

Атамыш іс-шараға алыс-жақын шетелдерден (АҚШ, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Хорватия, Черногория, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан, РФ, Украина, Грузия, Әзірбайжан) 15 елден келген үздік мамандар қатысып отыр: бейіндік қауымдастықтардың президенттері, халықаралық ұйымдардың басшылары мен мүшелері, облыстық және қалалық дерматовенерологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері, еліміздегі жетекші ЖОО-лардың кафедра меңгерушілері, Қазақстанның түкпір түкпірінен келген дәрігерлер қатысып отыр. Олардың көбі диагностика мен терапияның бірегей тәсілдерінің авторлары.

«Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Камалжан Надыров Конгрестің ашылуында сөйлеген сөзінде осындай көлемді іс-шараны өткізудің өзектілігі тері ауруларының көп таралуына, олардың созылмалы түрге айналуы мен кей жағдайларда тіпті мүгедектікке әкелетіндігіне, науқастардың өмір сапасын нашарлатуына, сәйкесінше емнің инновациялық, жоғары технологиялық жаңа әдістерінің пайда болуына, қолданыстағы әдіс-тәсілдердің сұранысы мен күрделілігіне байланысты екенін атап өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатында ол конгресті алғаш өткізген күннен бастап, яғни 2009 жылдан бері Астана медицина университетіне көптеген халықаралық бейіндік сарапшылармен кәсіби және достық тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туды деп атап өтті.

Дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар кезінде халыққа аурудың алдын алу және емдік көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник баяндады. Ол Денсаулық сақтау министрлігі төсек орын санын арттыру мәселесін шешуді, көпбейінді қалалық және облыстық медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырушылық-әдістемелік, үйлестіру бөлімдерін ашуды қолға алғанын атап өтті. «Бұл мамандардың үнемі динамикалық бақылауын қажет ететін тері ауруларының асқынған ауыр түрлерінің мүгедектікке әкелеуінің алдын алу үшін жасалып отырған қадам» – деді ол.

Конгресс барысында шетелдік сарапшылардың бірқатарына Астана медицина университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Халықаралық дерматологтар қоғамының президенті, Бостон медицина мектебінің және Тафтса медицина мектебінің клиникалық дерматология профессоры, профессор Нелли Конниковке, Латвия дерматоскопия қоғамының және Дерматологтар терінің қатерлі ісігіне қарсы қоғамының басқарма төрағасы, Латвия эстетикалық лазерлік хирургия ассоциациясының вице-президенті доктор Раймондс Карлске «Құрметті профессор» атағы берілді.

Сонымен қатар іс-шара барысында дерматовенерология ғылымын дамытуға және осы саладағы бейінді мамандарды даярауға айтарлықтай үлес қосқан жетекші спикерлерге алғыс хат табысталды.

Конгресс басталмас бұрын шетелдік лекторлардың қатысуымен үш оқыту курсы ұйымдастырылды. Хирургиялық емшараларға, анестезия әдістеріне, хирургиялық таңуға және тері жарасына күтім жасауға қатысы бар терінің барлық қабаттарының негізгі анатомиясы көрсетілді. Сондай-ақ, курсқа қатысушыларға аз инвазивті операциялар, биопсия жасауға және тігу техникасына практика жасап көруге мүмкіндік берілді. Оқуға Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды қалаларынан, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген дәрігерлер мен резиденттер қатысты.

Конгресс өткізудегі маңызды факт – аталмыш іс-шараның бесінші рет Дерматологтар халықаралық қоғамының аймақаралық оқиғасы ретінде айқындалуында.

Бұл ғылыми жиынға қатысушылар саны жылдан жылға арта түсуде, қатьсушылардың бірінің баяндама оқып, білгенімен бөліскі келсе, енді бірі мамандығы бойынша өзекті ақпараттармен танысып, біліктілігін шыңдағысы келеді.

Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін де тері аурулары өте өзекті мәселе болып табылады. Сондай-ақ Конгреске қатысушылар осы саланы дамытуда Гүлнар Рыскелдіқызы Батпенова басқаратын Астана медицина университеті дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы қызметкерлерінің қосқан зор үлестерін ерекше атап өтті.

Конгрес барысында Астана медицина университеті мен Фергана қоғамдық денсаулық сақтау медицина институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Еуразиялық конгресс шеңберінде қатерлі және қатерсіз тері түзілістерін инвазивті емес диагностикалаудың жаңа әдісіне арналған Қазақстан дерматоскопиясының III форумы ұйымдастырылады.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек іс-шара әсіресе практикалық денсаулық сақтау мамандары мен ғылыми орта өкілдері үшін өте пайдалы болмақ.

Конгресс екі күнге созылады және 31 мамыр күні аяқталады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика