«XXI ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммиті

«XXI ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммиті

«XXI ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммиті

2023 жылы 06-08 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Израильдің Ариэль университетімен бірлесіп, «XXI ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммитін өткізеді.

Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен келген университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының академиялық көшбасшылары мен ғалымдары XXI ғасырдағы медициналық білімнің, ғылымның және практиканың жаһандық мәселелері мен сын-қатерлерін шешуге бағытталған идеялармен бөлісу, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа бастамалар қалыптастыру, идеялармен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында жиналады.

Саммитте талқыланатын тақырыптар:

˗            XXI ғасырдағы медицинаның болашағы;

˗            Қазіргі әлемдегі университеттік сәйкестік;

˗            Сандық оқыту және сандық медицина;

˗            Университет экожүйе ретінде;

˗            Университеттің халықаралық рейтингі;

˗            Жеке және профилактикалық медицина;

˗            Медицинадағы академиялық стартаптар;

˗            Спорттық медицина;

˗            Гендерлік құқық;

˗            Университет қала құраушы кәсіпорын ретінде;

˗            Фармация;

˗            Молекулалық биология және басқалары.

Саммит бағдарламасына пленарлық және секциялық отырыстар, негізгі баяндамашылармен (спикерлермен) панельдік пікірталастар, дәрістер, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер кіреді.

Саммит шеңберінде жас ғалымдар форумын; цифрлық оқыту, Big Data in Medicine, академиялық топтардағы әйелдердің көшбасшылығы, фармацевтикалық кластерлерді дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын ұйымдармен кездесулер, университеттер мен ғылыми зертханаларға бару, медицина саласындағы ғылыми жетістіктер көрмесі жоспарланған.

Саммит аясында медициналық білім, ғылым және практика саласындағы жетістіктер көрмесі өтеді.

Өткізу форматы: offline, online.

Саммиттің жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Саммитке қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуге өтінім беру қажет:https://sammit.amu.kz/registration.php

Барлық тіркелген қатысушыларға Саммит бағдарламасы, бейнеконференцияларға және пленарлық және секциялық отырыстардың, мастер-кластар мен дөңгелек үстелдердің онлайн көрсетілімдеріне сілтемелер жіберіледі. Тіркелген мүшелер үшін келесілер қол жетімді болады:

˗            Пленарлық және секциялық отырыстарға, мастер-кластарға және дөңгелек үстелдерге тегін қатысу;

˗            Сағат саны көрсетілген қатысушы сертификаттарын алу;

˗            Саммит бағдарламасының сандық нұсқасын алу;

˗            Саммит қорытындысы бойынша дайындалған қарар алу.

Ұйымдастыру комитеті академиялық көшбасшылардан, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас және тәжірибелі зерттеушілерден электронды пошта арқылы баяндамалар қабылдайды nauka@amu.kz өтініш берудің соңғы мерзімі - 2023 жыл 07 - тамыз.

Қосымша сұрақтар бойынша nauka@amu.kz немесе +7 708 241 33 48 телефоны арқылы бізге хабарласыңыз.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика