«Қазақстан мен Израильдің денсаулық сақтау жүйелерін салыстырмалы талдау» халықаралық курсы өтті

«Қазақстан мен Израильдің денсаулық сақтау жүйелерін салыстырмалы талдау» халықаралық курсы өтті

«Қазақстан мен Израильдің денсаулық сақтау жүйелерін салыстырмалы талдау» халықаралық курсы өтті

Астана медицина университетінің қабырғасында 10-21 шілде аралығында Израиль Ариэль университеті мен Астана медицина университетінің профессорлары мен PhD докторанттарының қатысуымен «Қазақстан мен Израильдің денсаулық сақтау жүйелерін салыстырмалы талдау» халықаралық курсы өтті.

Ариэль университетінің мүшелер тобына Ариэль университетінің денсаулық сақтау және денсаулықты нығайту жүйелерін басқару кафедрасының меңгерушісі, профессор Лиат Корн, осы кафедраның профессоры Нахман Аш (Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы бас директоры, Израильдің коронавирус жөніндегі комиссары, Израиль қорғаныс армиясы медициналық корпусының жетекшісі) және Ариэль университетінің 8 докторанты мен магистранттары кірді.

Бұл курс израильдік және қазақстандық денсаулық сақтау жүйелерін талдауға, Астана қаласындағы денсаулық сақтау мекемелеріне бару арқылы екі елдің денсаулық сақтау жүйелерінің қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасуға бағытталған. Курсқа қатысушылар елордамыздың түрлі денсаулық сақтау нысандарын аралады. Бұл курстың ерекшелігі екі университеттің PhD докторанттары диссертациялық зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, өз жұмыстарын одан әрі жақсарту бойынша сыни баға мен ұсыныстар алды.

Халықаралық курс Астана медицина университеті мен Ариэль университеті арасындағы стратегиялық әріптестік бағытында өткізілген іс-шара болды. Екі университет Ариэль университетінде қазақстандық докторанттардың тағылымдамадан өтуі, жетекші израильдік ғалымдарды Астана медицина университетіне визитинг-профессорлар ретінде шақыртуды қоса алғанда, бірқатар бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық орнатты.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында біз «ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым мен практиканың алғы шебінде» халықаралық саммитін өткізуді жоспарлап отырмыз, бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламалар әзірленіп, пысықталып жатыр.

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика